Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауыш сынып мұғалімі Г.С.Юнусованың дүниетану пәнінен

қысқа мерзімді жоспары

2014-2015 оқу жылы

Күні

27.09.2014

1

Сабақтың тақырыбы

Адамның сезім мүшелері / тір, тері/

2

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Адамның сезім мүшелері туралы түсініктерін қалыптастыру. Сезім мүшелерінің қажеттілігін ұғындыру Дамытушылық: Сезім мүшелерін дұрыс күтіп-баптай отырып олардың қажеттілігін талдау Көрнекілікке негіздей отырып білетіндерін жинақтау, тиянақтау Тәрбиелік: Топтық жұмыс арқылы тыңдау мәдениетін қалыптастыру,сезім мүшелерін күте білуге тәрбиелеу

3

Табыс критерийлері Адамның сезім мүшелері туралы түсініктері қалыптасады. Сезім мүшелерінің қажеттілігін ұғынады. Сезім мүшелерін дұрыс күтіп-баптай отырып олардың қажеттілігін талдайды. Көрнекілікке негіздей отырып білетіндерін жинақтайды, тиянақтайды. Топтық жұмыс арқылы тыңдау мәдениетін қалыптастырады,сезім мүшелерін күте білуге үйренеді

4

Түйінді идеялар Топтық жұмыс, салыстыру,топтастыру формативті бағалау,зерттеушілік әңгіме

5

Ресурс

Интернет көздері, оқулық,әдістеме

6

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

/3 мин/

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында көңілді сергіту жаттығуын жүргізу,көңілдерін сабаққа аудару

Оқушылар ортаға шығады,көңілді сергіту жаттығуын жүргізеді

Ой қозғау

8 минут

-Балалар,біз сендермен сезім мүшелері жайында оқып білгенбіз.Кім оларды атап береді

-Көз жайында кім айтып береді

-Құлақ жайлы не білеміз?

Мұрынның қызметі жайында не білеміз

Енді,көзімізді жұмайық, қолымыздағы зат туралы айтайық

-Осы зат туралы қайтіп білдік?

-Алманы жеп көрейік,дәмін қайтіп білдік?

-Көз ,мұрын,құлақ

Көз -көру мүшесі

-Құлақ -есту мүшесі

-Мұрын -иіс сезу мүшесі

-Көздерін жұмып, қолдарындағы зат туралы айтады

Сипау арқылы

Дәмін тіл арқылы білдік

Оқулықпен жұмыс

10 минут

Оқулығымызға қарайық

Оқулықтағы мәтіндерді оқып беру арқылы тері және тілдің атқаратын өызметтері жайында кеңінен тұсмінік беремін

Балалар түсінгендері арқылы терінің-сипап сезі мүшесі, тілдің-дәм сезу мүшесі екенін айтады.

Сергіту жаттығуы

2 минут

Қимылды жаттығу жүргізеді

Шығармашылық жұмыс

4 минут

«Заттың атын ата »

Затардың атын атап,не үшін қажеттілігн айтады

Сабақты қорыту

5 минут

-Сезім мүшелеріне нелер жатады?

-Сезім мүшелерінің қызметтері туралы кім айтып береді?

Сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорларын дамытады

Кері байланыс

3 минут

Сабақта алған әсерлерін ауызша және бас бармақтары арқылы айтқызамын

Сабақта алған әсерлерін бас бармақтары арқылы жеткізеді.



© 2010-2022