Конспект по әдебиеттік оқу на тему: Мұғалім. Қ. Ыдырысов

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу 3- сынып

Сабақтың тақырыбы: Мұғалім. Қ. Ыдырысов.

Сабақтың мақсаты: поэзияға деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже. Өлеңді оқып, талдауға үйрету.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Ақын өлеңінің мазмұнын аша отырып, мәнерлеп оқуға деген ынтасын, қызығушылығын ояту.

Түлғалық нәтиже. Ұстазына деген ізгілік қатынасын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: мектеп, ұстаз, оқушы суреттері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.

Үй жұмысының дұрыс орындалуын қарап шығу.

/. Қызығушъқлықты ояту.

«Лездеме сұрақтар» топтамасын құрау.

Сабақтың бастығы - (мұғалім)

Мектептегі басты адам - (директор)

45 минут - (сабақ)

Сабақтардың арасы - (үзіліс)

Оқушының айнасы - (күнделік)

Ақшаң болса барасың,

Жоқ болса, иіскеп қана тоясың. - (асхана)

Білім ордасы - (мектеп)

Кітаптардың мекені - (кітапхана)

Бүгін - біздің мектебіміздің мерейтойы. Соған орай журналист қонақтар келмекші. Алдын ала даярлық жасап көрелік. Өздері білетін санамақтарды айтып, топтарға бөліну.

Санамақ

Қолға қалам алайық, Қанша сан бар жазайық. Қарап тұрмай, сандарды Қайта-қайта санайық.

-Келген журналистерге пән мұғалімдеріңді таныстырыңдар.

-Сендерге сабақ беретін пән мұғалімдерін атап беріңдер.
«Кубизм» әдісі бойынша пән мұғалімдерін топтарға бөлу.

Ғылыми жұмыс жазу керектігін ескерту.

Пән мұғалімдері туралы білетіндерін ортаға салып, төмендегі «Семантикалық картаны» толтыру.

(Ескеретін жайт, кестедегі топтамалар саны 4 немесе 6-7 де болуы мүмкін. Ол қаралатын мәселенің шешілу жолына байланысты болады).

Пән мұғалімдерінің аты

Сабақ беретін пәні

Қандай түстерді ұнатады деп ойлайсың ?

Мінез- құлқына сипаттама

Жұмысын ұнатуы

Жалақысы

Жұмысының қиындығы

Пән мұғалімдерінің жұмысына талдау жасай отырып, ол жұмыстың қиындығына мән беру. II. Мағынаны тану.

-Өлеңді мәнерлеп оқу.

-Мәнерлеп оқу сызбаларын пайдалану арқылы оқушылардың өздеріне сызба жұмыстарын орындауды ұсыну.

Өлеңнің әр жолына талдау жасай отырып, дұрыс оқылуы мен оқу дикциясына мән беріп, іштей дайындық жұмыстарын жасап алып, сынып оқушыларының оқуларына уақыт бөлу.

Сөздік жұмысын жүргізу.

Өлең кімнің атынан жазылған? Ендеше, үш жақта оқып көрелік. Енді өлеңді кімге арнар едің?

- Шәкірт, мұғалім сөздерінің синонимін ата.

Өлең шумақтарындағы тірек сөздерді анықтау арқылы, сол сөздермен «Алғашқы ұстазым» атты шығарма жазуды ұсыну.

Оқушылардың жұмыстарын тыңдау.

Ш. Ойтолғаныс.

Бүгінгі сабақтың мазмұнын ашатындай мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастыру.

Белгілеген тірек сөздер арқылы өлең жолдарын қүрастыру.

Сабақты қорытындылау мақсатында «Сезімнен туған өлеңдер» әдісі бойынша орындау.

Үй тапсырмасы ретінде өлеңді жаттап келуге беру.


© 2010-2022