Қайталау сабағы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән : Сауат ашу күні: 22. 11. 2013.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты: Ә,И,З,Ө,Ү,Г дыбыстары мен әріптері туралы алған

білімдерін тиянақтау.

Міндеті: 1. Осы дыбыстар бар сөздерді оқыту арқылы, дыбыстарды

дұрыс айтуға жаттықтыру.

2. Бағандағы сөздермен мәтінді оқыту арқылы, оқу

дағдыларын арттыру.

3.Осы әріптер бар сөздерді жаздыру, тақтадан дәптерге

көшіру арқылы әдемі, қатесіз, үзбей жазуға баулу.

Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: кеспе әріптер, буындар, суреттер.

Түрі: Қайталау

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.

1. Психологиялық дайындық.

Таң шапағы арайлап

Дала нұрға боялды.

Балалардың барлығы

Ұйқысынан оянды.

ІІ. Мотивациялық қозғалыс. Үй тапсырмасын сұрау.

а) «Гүл өсіремін үйде» өлеңін хормен айту.

Гүл өсірем үйде Бойын сылап күледі.

Су құямын күнде. Күнде гүлін ашады,

Гүл күткенді біледі, Жұпарын маған шашады.

ә) Өткен дыбыстарды қайталау. а,о,у,ұ,ы,е,і,ә,и,ө,ү - дауысты дыбыстар.

Т,п,н,ғ,р,л,ш,й,қ,д,м,б,с,ж,ң,к,з,г - дауыссыз дыбыстар.

Мұғалім әріптерді көрсетеді, балалар атайды, көк немесе қызыл текшені көтереді.

б) Жаңылтпаш айту.

ІV.Ұйымдастырылған ізденушілік. (жаңа сабақ)

Оқулықпен жұмыс: Бағандағы сөздерді тізбектеп оқыту,

а) Егін, егеу, егіз, сегіз, кереге, бетеге,шеге,неге,шеңгел, мезгіл,

Бәйге, мәре, мерген, дәрігер, ертегі, әңгіме, жүгері, жүген, Шеген, Төлеген

ә)«Ақан сері» мәтінін тізбектеп оқыту.

б) Суретпен жұмыс: Суретке қарап әңгімелеу.

Ауылда ат жарысы болды. Ақан тұлпарға мініп, бәйгеге қатысты. Ол бәйгеден озып келіп, жеңіске жетті.

в)Суретке қарап сөйлемер құрау.

Мынау үкі. Үкі дала құсы. Ол орманда тіршілік етеді. Үкі түнде жақсы көреді.

Мынау дала гүлдері. Гүлдер өте әдемі. Мен гүлді анама, мұғалімге сыйлаймын.

V. Сергіту сәті: Ұзын қанат инелік, Ұшақты біз жасадық

Инелікке тимелік Инеліктен үйреніп.

VI Материалды меңгеруін тексеру.

Өздік жұмыс: Оқушыларға суреті бар карточкалар таратылып беріледі.

Суреттің атауын жазып, дауысты дыбыстардың астын сызады.

Дәптермен жұмыс: үлгі дәптерге көгершін, құлагер сөздерін көшіріп жазу.

әже, сән, әріп , киім, тұз, таза, сөз, төл, күз сөздерін тақтаға жазып дәптерге көшіру

VII. Бекіту.

Сөзжұмбақты шешу.

Ай гүл, Гүл сім, Нұр гүл суреттерге қарап сөзжұмбақты шешеді.

Айгүл, Гүлсім,Нұргүл сөздерін кеспе әріппен жазады.

Дәптерге көшіреді.

Ойын: «Шынжыр» Мұғалім бір сөз атайды, аяқталған әріптен жалғастырып сөз айтады.

VIII. Қорытындылау: Балалар бүгін біз не білдік?

Өткен дыбыстарды қайталадық.

Ә,И,Ө,Ү - жіңішке дауысты дыбыстар , З, Г - дауыссыз дыбыстар

«Ақ көгершін» хормен өлеңін айту.

ІХ. Үйге тапсырма

Айгүл, Гүлсім, Нұргүл сөздерін қатыстырып сөйлем құрау.

Дәптерге жазып келу.

Елшибекова Майра Токтагановна

© 2010-2022