Өзін-өзі тану, тақырыбы Адал дос

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Адал дос.

Мақсаты : оқушылардың достық құндылық жайлы түсініктерін кеңейту ;

өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

достықты қадірлей білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру , пікіралмасу.

Көрнекі- құралдар:оқулық , үлестірмелі карточкалар ,слайд .

Сабақ кезеңдері .

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

1.Ұйымдастыру

кезеңі

2.Шаттық шеңбері .

3.Жаңа сабақ.

а) Слайдпен жұмыс .


4) Мәтінмен жұмыс .

5.Сұрақ-жауап

6.Тыныштық сәті.


7.Пікірталас

8 Мақал құрастыру

Ойын : «Шашылған сөздер»

9.Дәйексөзбен жұмыс.


10Жағдаяттарды талдау


11.Дәптермен жұмыс.

«Қоршаған ортамен қарым-қатынас тесті»

12.Қорытынды

13.Жүректен жүрекке

Сәлемдесу

Шаттық шеңберіне тұргыздық .

Мұғалім слайд арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды .

1.Мәтінмен жұмыс

2.Сұрақ-жауап

3.Пікірталас

4.Мақал құрастыру

5.Жағдаяттарды талдау

6Дәйексөз

7.Дәптермен жұмыс.

«Екі дос» мәтінін оқып береді .

( Тқтада алдын-ала мынадай сөз жазылып қойылады.)

Аңыз-әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма?

Слайдты ашады.

1.Екі жауынгер қалай дос болыпты.?

2.Қазақ жауынгері досын тұтқыннан құтқару үшін не деді ?

3.Қолбасы оны қалай сынады?


Адал достық дегенді қалай түсінесіңдер ?

Сенің адал досың бар ма?

Адалдығыңды қандай кезде көрсете білдің ?

Слайдтағы берілген сөздерден мақал құрастыру.

Ақылы ,алмайды, дау , көпті

Досы ,жау .т .б

Слайдтағы дәйексөзді оқытып, түсіндіреді.

Айнымас -адал дос деген ұғымды білдіреді .

Қолынан келген көмегін аямайтын , ылғи қасыңнан табылатын - ол айнымас дос.Ондай досы бар адам өте бақытты.

Мұғалім әр қатарға жағдаяттар жазылған карточкаларды үлестіреді.

Сұрақ қойылады.

1 -ші жағдаят бойынша :

Серіктің орнында болсаң

не істер едің ?

2-ші жағдаят бойынша :

Нұрбектің бұл істеген қылығына өз көзқарастарың қалай?

Тест тапсырмалары үлестіріледі.

«Сен кіммен доссың?»

«Досыңды сипатта» эссе жазу

Тақтадағы жазылған өлең жолдарын хормен оқиды.

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз

Әр оқушы қасындағы тұрған оқушыға есімінің

1-ші әрпіне сәйкес жылы сөз айтады.

Әдепті Әйгерім

Жағымды Жансая

Аққудай Аружан

Оқушы мұқият қарап шығады.

Оқушылар мұқият тыңдайды.

Сұраққа жауап іздейді.

Оқушылар оқиды .Оқыған аңыз бойынша жауап береді .

Оқушылар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады.

Көздерін жұмуына болады.Ауаны терең жұтып, тыныстайды. (Екі минут отырады.)

Әр бала өз ойын айтады

Оқушылар мақал құрастырады.

1.Ақылы көпті дау алмайды ,

Досы көпті жау алмайды.


Оқушылар оқып талдайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Тест сұрақтарына жауап жазады .

Әр оқушы өз досы жайлы жазады.

Оқушылар шеңберге тұрып,

«Жан досым» әнін айтады.

Бір-бірімен ,үлкен адамдармен сәлемдесіп жүруге дағдыландыру .

Сыныптас балалардың

бір-бірінің бойларынан жақсы қасиеттерді көре білу .

Жаңа сабақты игерудегі

жұмыс түрлерімен танысу .

Тыңдауға үйрену, қойылған проблемалық

сұраққа жауап беруге дайындалу.

Оқу дағдысын жетілдіру.

Оқушылардың денесін,ойын сергіту .

Өз ойларын еркін айта білуге үйрету

Ойлау қабілеттерін арттыру;

Достық туралы мақал-мәтелдерді жатқа білу.


Өз көзқарастарын білдіре алуға жетелеу.


Әр оқушының табиғатпен қарым- қатынасын анықтау.

Достықтың не екенін түсіне білу.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М. Хакімжанова атындағы №20 орта мектебі »М.М


Сабақтың тақырыбы: «Адал дос»

( Сабақ үлгісі презентациясымен бірге)

Дайындаған : Кудебаева Н.М.



Қостанай қаласы-2014 ж

© 2010-2022