Іс -шара ХХІ ғасыр шебері (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Іс- шара тақырыбы: "ХХІ ғасыр шебері"

Мақсаты: Еңбек сабағынан үйренген, алған білімдерін көпшілікке көрсету және қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеп, келешек ұрпаққа үйрету, мақал-мәтел айтып, жұмбақтар шешкізу. Тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сайыстың шартын түсіндіру.

Ортаға жеті оқушы шығады. Әр кезең сайын аз ұпай жинаған бір оқушы қатардан шығады.

1-кезең 7 оқушы жұмбақ шешеді.

2-кезең 6 оқушы мақал-мәтел жалғасын табу.

3-кезең 5 оқушы сұраққа жауап беру.

4-кезең 4 оқушы сөзжұмбақ шешу.

5-кезең 3 оқушы жаңылтпаш айту.

6-кезең 2 оқушы сұраққа жауап беру.

- Құрметті ойынға қатысушылар, сіздерге сәттілік тілейміз.

1 кезең - жұмбақтар шешу.

1.Тау-тау ақ қар, ерімейді ыстықта. (Мақта)

2. Тұтқасыз таба жай, ұнатады көп апай. (Оймақ)

3. Інді көп-ақ қазады, өзі жіптен қашады. (Біз)

4. Іші мақта, тысы мақта,

Арасы мақта, тертбұрыш.

Сырты қабылған,

Жатуға табылған

Бұл не-? (Көрпе)

5. Құрып қойып өрмегін, ұршықтарын ойнатып,

Сәнді мата өрнегін, жасайтын кім жайнатып? (Тоқымашы)

6. Қос таяқ, бастары дөңгелек.

Тұтасты жасайды бөлек-бөлек. (Қайшы)

7. Жиһанда 1 қус көрдім жалғыз аяқ,

Аузына тістегені темір таяқ.

Бір үрсаң шапалақпен семіреді

Белбеуі бар белінде толып жатқан. (Үршық)

8. Бар екен дуниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дуниенің бәрін кезді. (Ине)

9. Әлемді 18 мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине)

10. Қолымда бір құсым бар екі басты,

Аяғын басқан кезде нәрсе қашты.

Аузын аждаһадай ашқан кезде

Бөлектеп атып тастар ішкен асты. (Қайшы)

11.Адамға сонша пайдалы, басында сонша көзі бар. (Оймақ)

12. Кіруге адам батпайды, аман-есен сақтайды. (Сандық)

- Ал енді әділқазылар алқасы, ойын- шыларымыздың ұпай санын есептеп, ең аз ұпай жинаған ойыншыны қошеметтеп шығарып салайық.

II кезең. Мақал-мәтелдердің ұйқасын табу.

1. Еңбек оның ішінде енерлі (еңбек) бақыт.

2. Өнерлінің он саусағы (тең)

Өнерсіздің бір саусағы (кем)

3. Алтын балта (қол) сәні, Әшекей кесте (тон) сәні.

4. Алтын (балтаның) сабы да ағаш. 5. Көрнекті ісің (улгі) болады,

Көрнексіз ісің ( күлкі ) болады.

6. Өнерлінің (қолы) алтын,

Өлеңшінің (сөзі) алтын.

7. Қыздьщ шебер боларын (бармағынан) танырсың.

8. Өнер тамған он саусақтаусылмайтын (ырысың),

Өнері жоқ он саусақ бар болмай-ақ (қурысын).

9. Қол өнері (кілемде), Сөз өнері (өлеңде).

10. Киім пішсең кең піш (тарылтуың) оңай,

Темір кессең қысқа кес (узартуың) оңай.

11. Адам көркі - (шүберек), Ағаш көркі - ( жапырақ).

12. Істі ине тікпейді, икемді (қол) тігеді.

Енді осы екінші кезең бойынша ең аз үпай саны бар ойыншыны қошеметтеп шығарып салайық.

III кезең бойынша сүраққа жауап алу керек.

1.Ауруға ем, сауға қуат беретін қандай сусын? (Қымыз)

2. Қандай қаланың атауын білесіңдер басы сан, ортасы адам мүшесі, аяғы астың дәмін келтіретін тағамның бір түрі. (Екібастұз)

3. Бұл көкөністен барлық ауру қашады, оның емдік қасиеті ертеден белгілі, жесең дәрі-дәрумен. (Пияз, сарымсақ)

3. Барқыт тектес матаның атауын ата, бүл атау қыз балаға есім ретінде қойылады және адамның шашына байланысты әдемі теңеуі бар атау. (Мақпал - шаш)

4. Оңынан да.солынанда оқысаң езгерісі жоқ ұлттың атауы. (Қазақ)

5. Жесең жеміс болады, қыздардың атау есімі (Алма)

6. Жеті жұт дегеніміз не? (Құрғақшылық, топан су, жер сілкіну, өрт, оба, жұт, соғыс)

7. Жеті атаны ата (Бала, әке, ата, арғы ата, баба, туа ата, тек ата)

8. Жеті жоқ туралы не білеміз? (Жерде өлшеуіш, аспанда тіреуіш, тасбақада талақ, Аллада бауыр, таста тамыр, жылқыда өт, құста сүт жоқ)

9 Жеті қазынаны ата. (Ер жігіт, сұлу әйел, ілім- білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы, берен мылтық)

10 «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» - деген сөз кімнің сөзі? (А.Құнанбаев)

- Ал енді, әділқазылар алқасы, ойын- шыларымыздың ұпай санын есептеп, ең аз үпай жинаған ойыншымызды қошеметпен шығарып салайық.

ІҮ кезең. Сөзжұмбақ шешу.

1.ҮЙ төсеніш ін және киім-кеш ек тоқуға қолданатын табиғи зат. (Жүн)

2. Зергерлердің затты әсемдеу әдісі. (Бедерлеу)

3. 2 түсті жүннен жасалған тесеніш. (Текемет)

4. Бағалы аң терісінен тігілетін сырт киім. (Ішік)

5. ¥лттық баскиім. (Бөрік) 6. Қолмен тігілетін тігіс түрі. (Жөрмеу)

7. Мата атауын ата. (Қырмызы)

8. Іс тігетін құрал. ( Ине)

9. Сөздің көркі не? (Мақал)

10. Өсімдік тектес ою түрі. (Ирек)

11.Далада өсетін ақ ұлпа зат (Мақта).

Әділқазы алқасы үпай санын есептеп шығарған көрсеткіш бойынша 4 кезеңді қорытындылай келіп, ең аз үпай жинаған сайыскерімізді қошеметпен ойынан шығарып салайық.

V кезең. Жаңылтпаш.

1. Майға нан бұлғар, жай бұлғағанша қол бүлғар.

2. Есет ет асатар, ет асатса - бес асатар.

3. Кенеден кенеп шығар, кенептен елек шығар.

Електен кебек шығар, кебектен керек шығар.

4. Көп гүлдер түпсіз бе, түпті ме, Көп кілемдер түксіз бе, түкті ме?

5. Бүранданы бұрандалай алмады,

Бүрандалауға бұлар қарай алмады.

6. Қалың қайың, бал қарағай, ырғай өрік бал қарағай.

7. ¥лы таулар - үлары көп,

¥ларалы тұрары көп.

V кезең бойынша қазылар алқасы ойыншыларымыздың үпай санын есептеп, ең аз ұпай жинаған ойыншымызды ойыннан қошеметпен шығарып салайық.

VI кезең. Сұраққа жауап алу.

1. Дастарқанға әкелетін ең қадірлі ас. (Нан)

2. Бір қарын майды не шірітеді? (Қүмалақ)

3. Адамға есім ретінде қойылатын маталардың атауын ата. (Мақпал, Жібек, Қырмызы)

4. Үй жиһаздарын жасауда жиі қолданатын ою- өрнекті ата. (Қошқармүйіз)

VI кезең бойынша ең озық ойлы ойыншымыздың жинаған үпай санын есептеп бүгінгі сайысымыздың атына заты сай жеңімпазымызға «ХХІ ғасыр шебері» деген атаққа лайық деп құрметпен марапаттайық.

Қорытынды сөз. Қазылар алқасының пікірі тыңдалады.

© 2010-2022