Тәрбие сағаты Қош бол, құтты Әліппем !

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Қош бол, құтты Әліппем !

Мақсаты : Оқушылардың Әліппеден алған білімдерін тиянақтау . Әр оқушының

іс - әрекеттері арқылы икемділігін , қабілеттерін көрсету , шығармашылық мүмкіндіктерін ашу ;

Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергендігін іс жүзінде көрсету Жаңа оқулықтармен таныстыру , қызығушылықтарын арттыру ;

Оқушылардың ата-ана , Отан , ел ,болашақ алдындағы борышын сезінуге , елін , Отанын сүюге , оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Қазақ әліпбиі ,суреттер , «Әліппе » , « Ана тілі », « Математика » оқулықтарының мұқабасы , шарлар .

Сабақ барысы :

МУЗЫКА ойналып тұрады , анасы мен баласы келеді .

Алып келем жетелеп ,

Мына нұрлы сарайға .

Қарлығашым -бұл мектеп ,

Білім берген талайға .

Қанаттанды мектептен,

Әкең менен анаң да.

Ғылым үшін тер төккен

Тәтең менен ағаң да .

Соларға ұқса жүрегім,

Жолың болсын әрқашан .

Анаң қатты жүдейді,

Ұстаз тілін алмасаң.

Қарлығашым қуандың,

Жайнап оттай жанарың.

Менің титтей шырағым,

Құтты болсын қадамың !

М: Құрметті ұстаздар , ата-аналар ! Бүгінгі біз үшін қуанышты да қимас сезімге толы күн . Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын имене аттаған бүлдіршіндер , бүгінгі саналы оқушы болып , барлық ғылымның атасы , біздің болашағымыздың негізі -Әліппені бітіріп отырмыз.Мұғаліммен бірге балаларымен бірге оқыған ата-аналар

Еңбегіміздің жемісін көрейік. Бұл той баршамызға ортақ той . Тойларыңыз тойға ұлассын .

Армысыздар ұстаздар ,әз жандар ,

Қош келіпсіз , ақ жаулықты аналар ,

Қош келіпсіз , өр тұлғалы әкелер

Қыран құстай болашағын мәпелер

Бүгін ,міне Әліппемен қоштасады ,

Азамат боп кешегі сәби ,еркелер.

Сұлтан . Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға .

Хош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар ,

Әліппемен қоштасу тойымызға ,

Анель Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассақ,

Әліппемен қоштассақ,

Өсті білім ,бойымыз .

Құтты болсын тойымыз.

Серик . Армысыздар , аналар !

Бармысыздар ,балалар!

Сөзіме құлақ салыңдар ,

Бір серпіліп қалыңдар!

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр-әніміз!

Нұрхан . Мектеп сенсің -адалықты үйреткен,

Мектеп сенсің - жамандықты күйреткен

Мектеп сенсің -жақсылықты ұран қып

Мектеп сенсің - мені жұртқа сый еткен

Мектеп сенсің -білім кені , жыр кені

Мектеп сенсің - ғылымның ең үлкені

Мектеп сенсің - тәрбиеші адамға ,

Мектеп сенсің - даналардың мекені .

Хор « Сәлем саған мектебім ! »

М: Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не ?

Х : -Болашаққа жол ашар -

Ол сүйікті Әліппе (2 рет )

М.-Олай болса , бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Х: Әліппе ! Әліппе!

Әліппе : - Армысыңдар жас достар!

Армысыздар ,ата-ана!

Болашаққа жол бастар ,

Әліппең келді ортаңа .

-Сәлеметсіздер ме ,менің жас достарым!Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар , жазуға , оқуға үйрендіңдер. Ал ,енді қазір өз білімдеріңді көрсететін кез келді ,

Жақсы білім көрімдік ,

Болсын сізге халайық

Не үйреніп ,не білдік ,

Қане, ортаға салайық.

Диана Әліппем менің Әліппем

Сені қолға алып мен ,

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен .

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқып, жаза , білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

ЖЕҢІС . Көлге айналған бұлақтың

Қайнар көзін көріп пе ең

Том-том қалың кітаптың

Басы болар Әліппең .

Білімге жолды бастаған,

Әліппем саған мың алғыс.

Оқы деп ұран тастаған,

Әліппем саған мың алғыс

.

Қуаныш Әліппе сенің сырласың,

Әліппе досың болады

Әріптердің шұғыласы

Дәптеріңе қонады .

Айтқан сөзің құпта да

Ұстазыңды құрметте,

Дәптеріңді күт ,бала ,

Дәптеріңді кірлетпе .

Зейнеп Алфавитті біліңдер ,

Онда жүйе қалып бар.

Біздің қазақ тілінде ,

42 әріп бар .

Асыл сөзін тілімнің

Бойға құйған Әліппе ,

Нақ бастауы білімнің ,

42 әріпте.

Диана Ең алғаш қолға алғанда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді ,

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың ,

Ұстазым маған кілтін алып берді .

Әр күнім алып келер жаңалықты,

Тоқимын ,оқып біліп жаңа әріпті .

Ұстазымның тынымсыз еңбегімен,

Жаным да сағат сайын жаңарыпты.

Айсұлтан Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны .

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды .

Адам барлық әріпті ,

Ардақтайды ,қолдайды.

Әліппе деген алтын жол ,

Апарар сені алысқа .

Жеңіл емес ауыр жол ,

Тырмысып бақ намысқа .

Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық тойладық.

Сауат аштық тойладық .

Нұрлан Іші толған әріпке-

Мынау айбат Әліппе.

Барлық ілім-білімнің,

Атасы осы -Әліппе.

. Әліппем менің Әліппем

Сені қолға алып мен ,

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен .

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқып, жаза , білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

Жұмбақ : Қазір жұмбақ жасырамын .Егер шешуін дұрыс тапсаңдар бір сөзшығады .

  1. Әжеде бар ,атада жоқ, Ә

Әтеште бар, бақада жоқ

2.Мынау доға қарайық Л

Ұқсайды оған қай әріп?

3.Ірімшікті жедің ғой, І

Тәтті екен дедің ғой.

Оның аты біз жазған

Қай әріптен басталған?

4.Ата-анаңмен барып сен, П

Пілді көрдің парктен

Осы атаулар зер салшы

Басталған қай әріптен.

5.Пілде бар , шілде бар. П

Допта бар , шарда жоқ.

6.Ешкіде бар, қайда жоқ, Е

Кеседе бар , шайда жоқ.

( Әріптерден сөз құрастыру . ҰСТАЗ, ӘКЕ .ӘЖЕ.)


  1. Әжең әнге басады , Әтеш ұйқы ашады.

  2. Лашын биік самғайды ,Лашын көкті шарлайды.

  3. Інісіне бағалы ,Іңкәр ішік алғанды.

  4. Партамызда отырдық.

  5. Парақтап кітап оқыдық.

  6. Елге есті ел керек , ер жет өсіп ертерек

Әліппе -сөзі жазылады .

Әлия Келгенде алғаш мектепте

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекті,

Үйреткен оны Әліппе.

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке,

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе .

Әліппе -білім анасы ,

Әліппе -кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы ?!

Хор: « Әліппе !»

Ә: -Балалар , сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар.Сонымен бірге Математика оқулығымен де таныстыңдар , Ал ,енді ортаға Математиканы шақырайық.

Х: МА-ТЕ-МА-ТИ-КА

Математика : - Бар болмыстың бастамасы сан демекші , математика -ғылымдардың атасы . Мен сендерге санауды , есептеуді үйретемін .Сендер санауды жақсы игердіңдер ме ? Олай болса САНАМАҚ айтайық :

Дәулет

1 деген -білім, 5 дегенім-балта 9 дегенім-торпақ

2 -дегенім -елім, 6 дегенім -алқа 10 дегенім-орақ

3 дегенім-ұшақ, 7 дегенім -желі Келді 11 қонақ

4 дегенім -тұсақ, 8 дегенім -сері

Математикалық жұмбақ:

Екі көзбен , қос құлақ ,бір мұрын

Санап шығар кім бұрын.

Гүлдерге кеп күн сайын

Қонушы еді 1 ара ,

Бүгін 9 туысын

Ертіп келді бұл ара.

Сонда бүгін гүлдерге ,

Келіп қонды қанша ара? (10 )

ХОР «Есеп сабағы »

Математика : Рахмет ,балалар . Мен сендерге риза болдым .

Әліппе : Құрметтеріңе рахмет, балалар . Енді, сендер менен алған білімдеріңді « Ана тілі » деген пәнмен жалғастырып , толықтырасыңдар .Міне ,менің досым Ана тілі ортамызға келіп қалды. Қарсы алайық ,

Балалар : Сәлеметсіз бе , Ана тілі !

Ана тілі : Амансыңдар ма , менің жас достарым . Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын .

Туған елдің тілімін ,

Ақылымен танылам.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам

Асыл Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Ана тілің біліп қой,

Бостандығың теңдігің,

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың ,елдігің.

Даяна Анам алғаш осы тілде,

Бесік жырын жырлаған.

Ұзақ түндер анам айтқан,

Ертегілер тыңдағам.

Ана тілі : Рахмет сендерге , балалар,. Ал , балалар Әліппеден сауаттарыңды ашқан кім?

Барша жұртқа сыйлаған.

Ілім-білім мұратын

Өмірдегі сыйлы адам,

5 әріптен тұратын.

Бәрі : Жаны шуақ мейірімді ,

Ұстазды кім білмейді !!!

Ринат Достастырған өзіңмен

Ұстазыма мың алғыс,

Иландырған сөзіне,

Қамқоршыма мың алғыс.

Арналады ұстаздарға,

Құрмет деген, төр деген

Біздің елде адам бар ма?

Ұстаз алдын көрмеген?!

Мейрамбек Атағым Алатаудай болып биік ,

Тұрса да төбем өсіп ,көкке тиіп.

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп ,

Тұрамын « Ұстазым » деп басымды иіп .

Хор : Мұғалім -ол біздің

М: Балалар ,сендермен бірге қуанып , бірге сабақ оқып жүрген ата-аналарымызға да мың алғыс айтамыз .

Бағлан Алфавиттің « А » тұрады басында,

Әрқашанда « Ә » тұрады қасында .

Байқадың ба « Б » тұрады үшінші ,

Ал осының сыры неде түсінші .

« А »деген ол -аналар ғой ардақты,

« Ә »деген ол әкелер ғой салмақты ,

« Б » деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Аида Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі .

Шаншымасын ешқашан ,

Аналардың жүрегі .

Ақыл құйған санама ,

Күннен де артық расында .

Күн -алыста ал анам,

Ылғи менің қасымда .

Хор «Әрқашан күн сөнбесін »

Бекзат Ана! Ол -біздің елде ардақта адам ,

Кіші де үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанда да ,

« Ана » деп біздің халық тек айтпаған .

Аллаберген Отанды жас- кәріміз де ,

Туған жер деп сүйеміз .

Өйткені онда бәрімізде ,

Туып ,өмір сүреміз.

Халқымыздың анасы ,

Атасы-ол данасы,

КӨЗ жетпеске көсілген

Қазақстан даласы .

Хор : ОТАН -біздің әніміз.

Әліппе : Бәрі жақсы балалар . Енді мен сендермен қоштасайын. Алдағы уақытта сендер жақсы оқиды деп ойлаймын . Ана тілімен дос болыңдар.

Кір шалмасын беттерін,

Таза болсын оқулық пен дәптерің,

Оқығандарың есте болсын ,

Күнделіктерін 5-ке толсын .

Сау болыңдар !

-Балалар бүгінгі кешімізбен құттықтап аға-апаларымыз келіпті . Сендерге айтары бар екен.

Ұландар

  1. Сыйлап үлкен ағаны , 2. Кітап , дәптер ,қаламы

Сәлем берген баланы, Кір шалмаған баланы

Кім дейміз? Кім дейміз?

« Әдепті !»екен бұл дейміз « Ұқыпты » екен бұл дейміз.

3.Таудай биік талабы, 4. Тұрмаса егер ол қарап,

Жақсы оқитын баланы Болса үлкенге қолғанат

Кім дейміз? Кім дейміз?

«Үлгілі » екен бұл дейміз. « Еңбексүйгіш »екен бұл дейміз.

5.Құйттайынан егер де , 6, Өтірік сөз айтпаса

Құштар болса өнерге Уәдесінен қайтпаса

Кім дейміз? Кім дейміз?

«Талапты » екен бұл дейміз. « Шыншыл»екен бұл дейміз

7.Қиындықтан қашпаса , 8. Ашық-жарқын қабағы,

Қорықпаса,саспаса Достары көп баланы ,

Кім дейміз? Кім дейміз?

«Өжет » екен бұл дейміз. « Шыншыл »екен бұл дейміз.

Көрініс «Үш жалқау .»

Олай болса біздің класс қандай?

Құрбылыспыз Талаптымыз,

Тұрғыласпыз Қанаттымыз

22 -міз Жақсы оқимыз,

Бір класпыз Сабақты біз .

Білім дейміз , Ұл-қызымыз,

КҮЛІМДЕЙМІЗ. Үлгіліміз,

БІР БАҚШАНЫҢ Бос өтпейді

ГҮЛІНДЕЙМІЗ Бір күніміз.

Еңбекшілміз, Тал егеміз

Ең көпшілміз, Гүл егеміз ,

Шебер қолды , Өзгелерге ,

Өрнекшіміз. Өнегеміз.

Ана тілі : Балалар сендер аз уақыт ішінде көп нәрсе үйреніпсіңдер .Осының бәрін кім үйретті , айтыңдаршы ?

Мектеп.Әліппе .Мұғалім. Ата-ана .

Ана тілі : Олай болса , осы адамдарға алғысымызды айтайық.РАХМЕТ!

Сонымен, бүгінгі Қош бол, сүйікті Әліппем! атты ертеңгілігімді ата-ананың тілегі, адам болып өскенің, адамдықтың тірегі -адал болып өскенің , деп аяқтай келе үлкендерден бата сұраймыз !

ҰлыАбай «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады. Біріншісі ата-анасы, екіншісі -ұстазы, үшіншісі құрбысынан екен.

Бала жүрегі кішкентай ғана күйсандық.

Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.

Осы кілт мұғалімнің ғана емес , ата-ананың қолында жүруі керек.Бүгінгі білім кілті ана тілін меңгерер жолдың тура кілті деп әр оқушығы тапсырамыз ,


© 2010-2022