Сенің өмірің туралы заң

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сенің өмірің туралы заңСенің өмірің туралы заңСенің өмірің туралы заң

Cабақтың тақырыбы: «Сенің өмірің туралы заң» Сабақтың мақсаты:а)адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білуге үйрету

ә)Оқушылардын шешім қабылдау әрекеттерін дамыту.

б)Отанын сүйетін, ұлжандылыққа, достыққа, жерін сүйетін

білімді ұрпақ тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: түсіндіру, саяхат, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конститутсиясы, суреттер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Кіріспе әңгіме.

2.Үй тапсырмасы.

1.Дүние жүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын қай жылы құрды?

2.Бұл одақ қандай кітап шығарды?

3.Кітап қалай аталады?

4.Ол кітап неліктен түрлі-түсті беттерге басылды?

5.Аю нелерге шабады?

6.Аю кімге қауіпті?

7.Халықаралық қызыл кітап неге аударылды?

8.Қызыл кітап нені білдіреді?

9.Қызыл кітап шыққаннан кейін дүние жүзінің көптеген елдерінде нелер құрылды?

10.Құланның сырт пішіні нелерге ұқсайды?

11.Бұрын құландар қалай жайылып жүрген?

12.Құландарға не жеткілікті болды?

13.Неге жайылымның аумағы қысқарды?

14.Ненін саны азайды?

15.Құлан қандай кітапқа енгізілді?

16.Адамдар оларға не жасай бастады?

17.Арқар қандай жануар?

18.Арқардың түсі, мүйізі қандай?

19.Арқарлар қайда жүреді?

20.Арқар не жейді?

21.Неліктен арқардың саны тым азайып кетті?

22.Қоқиқаз қандай құс?

23.Қоқиқаздар қайда топ құрап жүреді?

24.Олардың балапандары қандай?

25.Дуадақ нелермен қоректенеді?

26.Дуадақ неліктен сирек кездесетін түрге айналды?

27. Қазақстанның далалары мен шөлдеріне қандай өсімдік сән береді?

28. Қарақұйрықтың денесі,аяғы қандай?

29.Оны неге қарақұйрық деп атаған?

30 Елімізде олардың қанша түрі бар?

31.Олар неліктен азайып кетті?

32.Біздің елімізде не туралы заң бар?

33.Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді ата?

Сонымен, балалар «Қызыл кітіпқа»жойылып, азайып бара жатқан жануарларды енгізсек, жасыл кітапқа өсімдіктер кіреді.

Ал, енді мүлдем жойылып кеткен құстарды яғни, бұрын болған қазір жоқ, оларды тек қара кітап беттерінен, мұражай, архивтерден ғана көре аламыз. Олар қара кітап тізімінде .

Енді балалар, осы «Қызыл кітапқа» енген жануарлар қара кітапқа енбеу үшін не істейміз?

Балалардың ойын білемін,пікірін тыңдаймын.

Біздің елімізде 1995 жылы 30- тамызда ҚР Конституциясы қабылданды. Бүгінгі жетістіктеріміздің барлығы да осы Ата заң негізінде қалыптасты.

Жаңа сабақ «Сенің өмірің туралы заң»

Оқушының міндеттері мен құқықтарымен танысамыз. ҚР Конституциясы 9 бөлімнен 98 баптан тұрады.

7-бап: ҚР -ғы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.

15- бап: Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

10-бап: Республиканың азаматын ешқандай азаматтығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге алыстатуға болмайды.

11-бап: Республика өзінің азаматтарын қорғайды және оларға өз елінде де тыс жерлерде де қамқорлық жасайды.

16-бап:Әркімнің өзінің жеке басының бостандығын құқығы бар.

17-бап:Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

24-бап:әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп тандауына құқығы бар .

29-бап: ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

30-бап: Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

34-бап:әркім республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.

36-бап:ҚР қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті.

38-бап:ҚР азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндетті.

1-аялдама «Сауат ашу»

1.Конституция- ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.

2. Құқық- қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасын реттейтін ережелер.

3. Міндет- адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым- қатынасқа қойылатын талап.

4. Адамзат- жеке тұлға

5. Туу туралы куәлік- бұл баланың негізгі құжаты.

Құқықтары:өмір сүруге, білім алуға денсаулық сақтауға,мамандық таңдауға,демалуға,отбасында тәрбиеленуге

Міндеттері:білім алуға,ана тілдің тазалығын сақтауға,тәртіп саақтауға,зиянды заттардан аулақ болуға,мектеп мүлкін сақтауға,үлкендерді сыйлауға және т.б.

Сергіту сәті:

Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса

Табиғатты қорғаймын

Жаман бала болмаймын.

Оқулықпен жұмыс:114-беттегі мәтінді оқыту ,сұрақтарға жауап беру,шығармашылық тапсырманы орындау.

Мәтіннің бірінші бөлімін оқыту.

-Адам өмірге келгеннен бастап оның өмірін,денсаулығын,тыныштығын қорғайды.

-Адам өмірін,денсаулығын Ата заң қорғайды.

Мәтіннің екінші бөлімін оқыту.

-Әр оқушы мектеп табалдырығын аттағанынан бастап нені білуі керек?

-Оқушылар Конституцияда жазылған құқығы жайлы білуі керек.

Құқық бойынша мектеп оны ақысыз оқытады.Біздің борышымыз жақсы оқу,терең білім алу.Ата заң еңбек ету,мамандық таңдау құқықтарын қамтамасыз етеді.

Сызба:Ата заң білім алу еңбек ету .

- Балалар,Конституцияда сендерге үлкен қамқорлық жасалған.Оны дұрыс пайдалана білейік.

Топтастыру:

Екінші аялдама «Құқықтарымызды білеміз бе?»

1.Нұржан көзілдірік киеді,Бейбарыс оған күлді.Нұржанның қандай құқығы бұзылды?

2.Мехрибан Банудың сөмкесінен сызғыш алды.Мехрибанға қандай ақыл айтамыз.

3.Сабинины анасы інісіне қарау үшін сабаққа жібермеді.Оның қандай құқығы бұзылды?

Ал енді, балалар,ана тілі сабағында өткен «Шибұт,Қылмойын,Қарынбас» ертегісінен үзінді.Бұл азаматтар қандай қылмыс жасады?

Үшінші аялдама «Өлең құрастыру»

Мына тірек сөздерді пайдаланып өлең құрастыр

Айтпаймыз

Сатпаймыз

Қорғаймыз

Ақтаймыз

Бекіту кезеңі:

Қорытынды сұрақтар

1.Біздің еліміздің негізгі заңы?

2.ҚР Конституциясы қашан қабылданды?

3. ҚР Конституциясына келер жылы неше жыл болады?

4.Конвенсия деген не?

5.Тегін білім алу ,бұл не?

Үйге тапсырма беру,оқушылардың білімін бағалау.



© 2010-2022