• Преподавателю
  • Начальные классы
  • Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары 09. 09. 2014 15. 00-16. 05 Әдебиеттік оқу 45 минут 3 «а» сынып Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев Адам болам десеңіз Жалпы мақсат: Өлең жолдарынан өзіндік ой түйіндеуге баулу. Өлеңнен

Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары 09. 09. 2014 15. 00-16. 05 Әдебиеттік оқу 45 минут 3 «а» сынып Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев Адам болам десеңіз Жалпы мақсат: Өлең жолдарынан өзіндік ой түйіндеуге баулу. Өлеңнен

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары

09.09.2014

15.00-16.05

Әдебиеттік оқу

45 минут

3 «а» сынып


Сабақ тақырыбы:

Абай Құнанбаев Адам болам десеңіз

Жалпы мақсат:

Өлең жолдарынан өзіндік ой түйіндеуге баулу. Өлеңнен бес асыл қасиет талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым екендігін түсіндіру. Жаман қасиеттер өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ екенін ұғындыру. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, өзгенің ойын тыңдауға ойын дәлелдеуге баулу.Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жаман қасиеттерден аулақ болуға үйрету.

Сілтеме:

Нұсқаулық, Әдебиеттік оқу оқулығы

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Топпен жұмыс жасай біледі. Өз бетімен жұмыс жасауға машықтанады. Өз пікірін еркін жеткізуге дағдыланады. Әр түсінікке өз көзқарасын білдіреді.

Негізгі идеялар:

Оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.

Сабақта қолданылатын ресурстар:

АКТ қолдану: электронды оқулық, тақырыпқа байланысты суреттер, мақал-мәтелдер, сызбалар.

Оқыту әдістері:

Сын тұрғысынан ойлау, Топтық жұмыс, диалогтық оқыту, асссиация.

1.Топтық жұмыс

Сыни ойлау құралы: «Блум таксономиясы» , Венн диаграммасы

Дерек көздері:

Оқулық, автор туралы мәліметтер, ғаламтор, көркем сөздер

Ойлау деңг.

Мақсат

Күтілетін нәтиже

Түрткі

(сұрақ, тапсырма, жағдаят)

Бағалау

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

Үй тапсырмасын тексеру

Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеуге, өлең шумақтарын талдауға мүмкінік беру.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

Абай туралы не білесің ? деген сұрақ қою арқылы оқығандарын еске түсіріп ,жаңа мәліметтер алады. Ақын өмірі туралы түсінігі қалыптасады.

Ой қозғау стратегиясы.

Топқа бөлу. Сұрақ-жауап

Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым топтары

Абай атаның өлеңдерін атаңыз?

Топтастыру әдісі

Формативтік

Топтардағы өзара бағалау

Тренинг:

Сабақ тақырыбын ашу.

Адам баласы білімді болу үшін не қажет?

Оны неден аңғардың?

Тек суретшілер ғана емес, ақын да өлеңде белгілі бір көңіл күйін бере алады.Мысалы, Абай аталарыңның «Адам болам десең» атты өлеңіне көңіл бөлейік.

Оқушылар сауалдарға жауап қатады.

Адам деген сөзді естігенде қандай ой келетінін сұрау.

Оны флипчартқа маркермен жазады.

Түсіну

Өлеңді оқыту арқылы ондағы сөздердің мағынасын ашу.

Ақынның өмірімен танысады. «Адам болам десеңіз» өлеңін оқып, мазмұнымен танысады

Өз бетімен жұмыс жасауға машықтанады.

а) Ақын өміріне байланысты сұрақтар.

б) Ой туғызатын сұрақтар

беру.

Абай кім? Қай жерде дүниеге келген?

Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

Абай туралы қысқаша мағлұмат беру.

Формативтік

Топтардағы өзара бағалау

Өлеңді оқымас бұрын ақын Абай аталарыңның өміріне шолу жасайық.Ақын Абай туралы не білетініңді әңгімеле. Өлең жолдарын талдау;

-Сөзіне қарап кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма дегенді қалай түсінесің?

Өлеңнің жалғасын еске түсірту.

(Өлеңді мәнерлеп оқу)

Ақын Абай Семей өңірінде (1845-1904) туылған. Ұлы ақын. Әкесі Құнанбай, шешесі Ұлжан. Әжесі Зере.

Шығарма «Мен қалай жақсы адам боламын»

Венн диаграммасын толтыру

Адам бойындағы қасиеттер (жағымды, жағымсыз)

Сергіту жаттығулары: «Қара жорға»

Қолдану

Шығармашылық

қабілетін арттыру

Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы алған білімдерін өмірде қолдана алатынын ұғады.

Проблемалық сұрақтарға жауап беру .

а) 1-топ Сөзіне қарап кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма дегенді қалай түсінесіңдер. 1-топ

ә) 2-топ Дүние де өзі,мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз деген ақын ойын қалай түсінесің?

3-топ

Тез үйреніп, тез жойма,

Жас уақытта көңіл- гүл деген ойды қалай түсінесің?

«Өмірдегі ең басты мәселе не?»

«Ғылымға көңіл берсеңіз ...» деген ақын ойын қалай түсінесіңдер?

Формативтік

Топтардағы өзара бағалау


Парақшалар таратып береміз. Топтарға

өлең жолдарын талдауға тапсырма беру.

Постер арқылы өз ойларын көрсету.

Балалар өз түсінгені бойынша ақылдасып, ойларын айтады.

Талдау

Дәлел табуға нұсқау.

Дәлелдеуге дағдыланады, демек, ойын дәлелдеуге машықтанады.

Демонстрациялық материал:

(АКТ - ны пайдалану)

Видео: «Бүркіт»

а) Ақын қандай жаман мінезден аулақ бол дейді?

ә) Ақын халқына қандай елдерден өнеге ал деген?

Формативтік

Топтардағы өзара бағалау


Абай атаның өлеңіне сүйеніп,берілген сұрақтарға жауап беру

Өмір дегеніміз жақсы ма, жаман ба?

Өмірдегі менің мақсатым не?

Келешекте мен өз өмірімді қалай құруым керек?

Мен тамақ ішу өмір сүремін бе немесе өмір үшін тамақтанамын ба?

-Мен кіммін?

-Менің достарым көп болуы үшін не істеуім керек?

-Мен жақсы, әлде жаман адаммын ба?

-Мен қандай болуым керек?

Топта өлеңді оқиды, талдайды.

Таллдай отырып, сұрақтарға жауап алу.

Жинақ

тау

А.Құнанабаев туралы сызбаға зер салу. Өлеңнен бес асыл ойын жинақтап сызбаға түсіру.

Қажеттілігін салыстыра отырып, жинақтайды

а) Бүгінгі сабақта орындаған тапсырмаларды ой елегінен өткізіп, нақты өздеріне мақсат құру.

Формативтік

Топтардағы өзара бағалау


А.Құнанабаев туралы сызбаға зер салайық.

Өз беттерімен жұмысты орындайды

«Маған құпия» ұстазға хат жазады.

Бағалау

Ойын жинақтау дағдысын қалыптастыру, ізденімпаздыққа бағыттау.

Ойланып шешім қабылдайды, ізденуге жол табады.

Білдім? Білгім келеді?

Үйрендім.

Формативтік

Топтардағы өзара бағалау


Рефлексия

Маған қажеті... стратегияларымен таныстыра отырып, осы күнгі сабаққа кері байланыс жасайсыздар.

Әр топтан бір - бір оқушы тұрып, рефлекцияны оқып береді.

Рефлекция



© 2010-2022