Открытый урок Туған күн (начальные классы)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Күні:31.01 Сынып:3 «А» Пән: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Туған күн» Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Туған күн модулі бойынша алған білімдерін саралау, қорытындылап бекіту. Сөздік қорларын байыту. ә)Дамытушылық: Тапсырмалар орындау арқылы қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. б)Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа шақыруды жалғастыру. Мақалдар бойынша жұмыс жасау. Бір-біріне деген достық ықыластарын жандандыру. Сабақтың түрі: қорытынды , бекіту сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену,аудару,баяндау, топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, қима қағаздар, шарлар,слайд презентация, сыйлықтар Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық сәт. а)Оқушылармен сәлемдесу.Кезекші мәлімдемесін тыңдау. ә)Сабаққа дайындықтарын тексеру. б)Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. 2.Туған күн кешінде әнін орындау(караоке) 3.Ертегі «Қоянның құлағы неге ұзарып кетті» 4.Сұрақ-жауап 5.Топтық жұмыс «Сиқырлы сыйлықтар» 6.Сергіту сәті 7.Деңгейлік тапсырмалар 8.Мәтінмен жұмыс 9.Шығармашылық жұмыс 10.Тест жұмысын орындау. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші?Кім жоқ сабақта?Балалар,бүгін сабақта Туған күн тақырыбы бойынша алған білімдерімізді әр түрлі тапсырмалар арқылы пысықтап, бекітеміз. Үйге қандай тапсырма берілді?Ашық хат жасап, анамыз., әже-апаларымызға арнап құттықтау жазып келу.Үй тапсырмасын өте жақсы орындадыңдар,жарайсыңдар! Балалар, бұл жол басы даналықта Келіңдер байқап түсіп қаралықта Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп Соларды көре тұра қалалық па?-деп ағартушы ғалым ,қазақ зиялысы А.Байтұрсынұлы атамыз Оқуға шақыру өлеңімен балаларды оқуға тартып, білім нәрімен сусындауға шақырған болатын. Мен бүгін өздеріңді сапалы білім, саналы тәрбие алуға шақырамын. Бүгін бізге қонаққа ұстаздарымыз келіп отыр.Сондықтан қысылмай, білімдеріңді көрсетулеріңді сұраймын. Мен сендерге бүгінгі сабаққа көтеріңкі көңіл күй, сабақта тек бестік деген бағаға ие болуларыңды тілеймін . Жүрек жылу тренингі -Мен саған сәттілік тілеймін! -Мен саған әдептілік тілеймін! -Мен саған сыйластық тілеймін! -Мен саған денсаулық тілеймін! -Мен саған сыпайылылық тілеймін! -Мен саған адалдық тілейміін! Балалар , әдептілік,достық туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер? Әдепті бала-арлы бала Әдепсіз бала- сорлы бала Дос жылатып айтады. Дұшпан күлдіріп айтады Доссыз адам, қанатсыз құспен тең. Дұрыс айтасыңдар.Әрқашашанда достығымыз жарасып, сыйластықта жүрейік!Енді тақтаға назар аударайық!Суретте нені көріп тұрмыз? Сыйлық.Сыйлық қандай жағдайда беріледі?Туған күн, мерелелерде беріледі.Оқушылар хорменМ.Шахановтың Туған күн кешінде әнін айтады.Балалар бұл ән не туралы?Туған күн .Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай екен?Нәтиже сабақ «Туған күн»Алақай бізге Туған күн кешіне шақыру қағазы келіпті!Балалар, ойланыңдаршы ,бүгін қай жануардың туған күні? Көмек ретінде мен сендерге бір жұмбақ жасырамын. Жұмбақ Қыста ақ, Жазда сұр, Бұл қай аң? Шешуі:қоян Өте дұрыс. Енді шақыру қағазын ашып оқиық.Айым сен оқып жіберші Қымбатты: 3 «А» сынып оқушылары Сіздерді 31 қаңтар күні сағат 11-00 де болатын туған күн кешіне шақырамын. Мекен -жай : Орман көшесі 13-ші үй. Қоян. Алдымен қоянның туған күніне бармас бұрын, мен сендерді мына сиқырлы таяқшаның көмегімен ертегі кейіпкерлеріне айналдырамын. Енді , сендер жолда кездетін гүлдерді терулерің керек .Қандай гүлдер сендерге ұнайтын еді?Гүлдердегі сұрақтарға жауап берулерің керек? Балалар біз өзіміздің туған күнінімізді білеміз бе? Жеке-жеке сұрау. -Сенің туған күнің қашан? -Сенің досыңның туған күні қашан? -Туған күніңді кімдермен тойлайсың? Жарайсыңдар, балалар!Өте жақсы жауап бердіңдер!Сыйлығымызды алып, орманға барайық! Ертегі «Қоянның құлағы неге ұзын» Ерте, ерте, ертеде Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырады. Үйін ағаш жапырақтары және әдемі гүлдермен безендіреді.минусовка в мире животных Қоян туған күніне арнап әдемі көйлегін киді. Ол туған күніне Кірпіні, Түлкіні, Қасқырды, Аюды шақырады. -Туған күнің, құтты болсын, ақ қоян! - деп, Кірпі бірінші келді. Оған сыйлығын ұсынды. -Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі,- деп Түлкі келіп, сыйлығын берді. -Бауырым қоян, туған күнің құтты болсын!- деп, Қасқыр бір кішкене сыйлығын ұсынды. -Аю неге кешікті?- деп төртеуі бір-біріне қарады. -Ол мүмкін естімей қалған шығар! - дейді, кірпі. -Ия мүмкін, - деп күбірлейді. Осы кезде аю бір нәрсені ұмытып кеткендей болады. Балалар аю нені ұмытып кетті? Қоянның туған күнін ұмытып кетті. Әуен Онда біз Аюға қоянның туған күнін есіне түсіруге көмектесейік. Ол үшін қоянның туған күні қай күн екенін мына қызықты арифметиканы шешу арқылы табамыз. Қоян көжегімен бақшаға барып, 10 қырық қабат және 21 сәбіз жинады. Барлығы қанша көкөніс болады. Есептеп көрейік 21+10=31 Дұрыс. Ал бүгін қандай күн? 31-қаңтар қоянның туған күні. -Ой, бүгін қандай күн екенін ұмытып кетіппін ғой. Бүгін қоянның туған күні екен. Қоянды барып құттықтайын. -Біраздан соң есік сыртынан тықыр естілді. Аю кешіккеніне кешірім сұрап, Қоянға арнап бал әкелді. Туған күнің құтты болсын! - деп Қоянның құлағынан тартты. Қоянның құлағы лезде қамыстай қалқиып, ұзарып кетті. Содан бері Қоянның құлағы ұзын екен. Балалар,қоян достарын неге шақырды?Олар оған не сыйлады?Сыйлықтар -Балалар, сендерге қандай сыйлықтар ұнайды?Қоянға қандай сыйлық әкелгенін білгілерің келе ме?Иә.Олай болса сендер Сиқырлы сыйлықтың тапсырмаларын орындауларың керек Қане, 1сыйлықты ашып көрейік!Сыйлықты кім ашам дейді ?Бір оқушы ашады. Сыйлықтың ішінде сендерге арнайы тапсырмалар бар екен. «Сыйлықтар» 1.Сыйлық Тапсырмасы: Сыйлық сөзін септеңдер. 2.Сыйлық Тапсырмасы: Туған күн тақырыбына сұхбат құрастырыңдар 3. Сыйлық Тапсырмасы: Сыйлық туралы не білеміз? Сыйлық-деген сөздің мағынасы жақсы-қарым-қатынас дегенді білдіреді. Ағылшын мақалы «Кім сыйлық жасау біледі-сол өмір сүру біледі» деген Сыйлықты кімге,қалай және қай уақытта сыйлау керек екенін білу керек. Жануарлардың сыйлықтарын көрсету. Балалар,сонымен бірге басқа мемлекеттерде туған күн қалай тойланады?. Әуен(хэби-биез ту ю)Тақтаға назар аударайық(слайд Германия В день рождения в доме целый день горят свечи. Один из членов семьи зажигает на праздничном пироге столько свечей, сколько лет имениннику, и еще плюс одна - приносящая удачу. По завершении торжественного ужина, именинник задувает свечи, если он делает это с первой попытки, то все его желания непременно сбудутся. И только после этого раскрываются подарки Канада На ребенка устраивается форменная засада, после чего ему мажут кончик носа маслом или маргарином - теперь неудачи и неприятности точно не пристанут к маленькому канадцу - они просто соскользнут с его носа! На этом сердобольные родственники и друзья не успокаиваются и легонько ударяют именинника кулачком в грудь (за каждый прожитый год), а затем наносят еще один удар - на удачу! Китай На праздничный стол обязательно ставится лапша - символ долгой жизни, а счастливые родители одаривают свое чадо деньгами. В сельских районах Китая, как и в некоторых индийских племенах, кроме дней рождения, отмечают также этапы развития человека: «сидины» - когда начал сидеть; «ходины» - начал ходить и т. д. Россия В России именины начали праздновать в XVII веке, это самое позднее начало в истории. Накануне праздника семья именинника варила пиво, пекла именинные калачи, пироги и караваи и вообще-то песенку про каравай изначально пели взрослые. Царские именины справлялись особенно пышно. Иногда царь лично раздавал именинные пироги, а для народа устраивались большие гуляния с угощениями. Балалар біраз шаршап қалдыңдар ма ? Бойымызды бір сергітіп алайық. Сергіту сәті. Балалар сонымен бірге тек адамдардың ғана туған күндері тойланбайды.Қалалардың туған күндері де тойланады. Астана қандай қала?Астананың туған күні қашан?Ал бұл тағы қандай күн? Дұрыс айтасыңдар,балалар!Елбасымыздың туған күні.Өзіміздің туған жеріміз Балқаш қаласының туған күнін қашан атап өттік?Қыркүйек айында тойланды.Қаламыз неше жылдығын атап өтті?.Жетпіс бес жылдығын атап өтті. Оқулықпен жұмыс Енді кітаптарыңның 187-ші бетін ашып, мәтінге назар аударайық. Мен оқимын,сендер тыңдап отырыңдар Мәтінді оқушылар аударады.Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.Дос сөзін тәуелде. Кез келген сыйлық адамды қуантады. Қоян сендерге сыйлық әкеліпті. Оның ішінде деңгейлік тапсырмалар бар екен. 3-деңгей(қима қағаздармен жұмыс) Мына сөздердің дұрыс аудармасын тауып жаз. Пожелания- Успех - Поздравляю- Счастье- Удача- Крепкое здоровье- 2-деңгей 1.Сөздердің орын тәртібін дұрыс қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз. Шын жүректен жазыпты,әсемхатқа тілектерін достарым. Туған күніме, қонақтар, менің, келді, көп. Сыйлық,Саматтың, туған күнінде, айтып берді,жылы лебіздер. 2.Мына сөздердің аудармасын тап. От всего сердца- Гость- 1-деңгей Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,сөйлемдерді аудару. Бүгін менің ... . Мен он жасқа ... .Маған ... достарым келеді. Туған күнде әртүрлі ... сыйлайды, жылы ... айтылады. Қонаққа мол ... жайылады. Мен туған күнді ... жақсы көремін. Тиісті сөздер: тойлатқанды, толамын, туған күнім, қонаққа, сыйлықтар, дастарқан, лебіздер 2.Мына сөздердің аудармасын тап. Ұзақ өмір- Ашық хат - Балалар сендер сыйлыққа не дайындап келдіңдер.Тақпақ дайындап келдік. Кім қандай тақпақ біледі екен,тыңдап көрейік! 1.Мерекеміз-туған күн Тойыңда қызық думан бар. Туған күн-бұл жаңа өмір Сайра туыс-туғандар 2.Достар бірге ойнайды.

Достар бірге ойлайды

Мерекені, мейрамды

Бәрін бірге тойлайды

Шығармашылық деңгей. Сыйлықтың суретін салу.Балалар алдарыңда сыйлықтың макеті берілген.

Сабақты тест жұмысы арқылы бекіту.

1. Құттықтау сөздерге қайсысы жатады?

А) тілек, хат

Ә) зор денсаулық, бақыт, табыс

Б) әсемхат, келді

2. «Кеше атамның туған күні болды» сөйлемінің дұрыс аудармасын тап. А) Вчера я был у дедушки Ә) Вчера дедушка пришел Б) Вчера был день рождения дедушки
3. «Қымбат сыйлық сыйлады» сөйлемінен сын есімді анықта. А) қымбат Ә)сыйлады Б) сыйлық

Сабақты қорытындылау:

-Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау. Алмалар тарату.

Қызыл алма-5, жасыл алма-4 сары алма-3.

-Бүгін қандай аңның туған күні болды?

-Туған күнде досыңа не сыйлайсың?

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Үй тапсырмасын беру.

«Туған күн» туралы шағын әңгіме жазып келу.




© 2010-2022