Әдебиеттік оқу 2-сынып. Тақырыбы: Қардың басы бола ма?

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2-сынып әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Қардың басы бола ма?

Сабақтың мақсаты:

а) Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіре отырып, жыл мезгілдері, қыс туралы түсініктерін тереңдету.

ә) Дұрыс байланыстыра сөйлеп, өз ойын жеткізе білуге баулу.

б) Табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: жыл мезгілдеріне байланысты суреттер, қыс тақырыбына салынған суреттер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сөздік, көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіре отырып, жыл мезгілдері, қыс туралы түсініктерін тереңдету

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Қар. Өлеңді жаттау.

3. Тақырыпқа көшу кезеңі.

-Көктемді неге асыға күтеміз? Өз ойыңды білдір. Жеке жұпта, топта талдау. Топтардың жұмысын тыңдау.

-Көктемде қар жауа ма?

-Ол ненің белгісі деп ойлайсың?

-Кәкімбек Салықов ол туралы өз өлеңінде не деген екен, оқып көрелік.

IҮ. Жаңа материалмен жұмыс.

Өлеңді тізбектеп мәнерлеп оқу. Тіәрек сөздер қатарын тізіп алу. Тірек сөздерді дәптерге жазып алу. (неліктен бұл сөздерді өзіңе тірек етіп алдың?) Рөлге бөліп оқу. Мазмұндау. (Тірек сөздерге сүйене отырып) тақырыптағы сұраққа жауап ала алдың ба?

Керек дерек.

Жыл басы наурызды ел асыға күткен. Қиыншылығы көп қыстан малды аман шығарамын ба деп, қардың қай кезде кетерін болжаған. Күнтізбе бойынша 1 4 наурыз күні қыс бойы атты кісіні көтеріп келген қар бетінде жатқан құмалақ өз салмағымен батса, жаз тез шығады дескен. «Қардың басын қар алар» деген сөз өліараға, яғни 26-28 наурызға келетін сияқты. Ол күндері жапалақтап қар жауып, іле еріп, не жаңбыр сіркірейді. Бұл қарды ел «құсқанаты» деп атаған. 14 наурызда «жаз жұлдызы» туған.

V. Сабақты бекіту.

«Бәйге» ойыны: сұрақтың жеңіл не ауырлығына қарай ұпай сандары көрсетілген. Қай топ көп ұпай жинаса, жеңгені.

10-Далада не жауып тұр?

20-қардың басын не алар?

30 - жауабына нанбай кімнен сұрады?

40 - ненің басы мен аяғы бар?

50 - Сенің ойыңша бала сұрағына жакап ала алды ма?

60 - өлеңдегі негізгі ойды анықта.

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

Дәптерде берілген тапсырмаларды орындау.

-«Бес жолды өлең» әдісі арқылы «соңғы қар» тіркесіне өлең құрастыр.

-Жыл маусымдарының бөлінуіне кесте сыз.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

ҮІІІ. Бағалау.

Оқушылардың бағаларын күнделік пен журналға қойып шығу.



© 2010-2022