Өзін өзі тану Шыншылдық адамдық белгісі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін - өзі тану сабағының жоспары


Мерзімі: Сабақ: 21

Мұғалімі: Искакова С.Ж. Сыныбы: 1«А» Оқушылар саны: 6

Тақырыбы: Шыншылдық - адамдықтың белгісі

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: шыншылдық, адамгершілік, адалдық


Сабақ мақсаты: «шындық»ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

  • шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету;

  • өзара адал қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: үнтаспа, маркер, желім, қайшы, А3 қағазы. «Балалық» әнінің сөзі.

Ұйымдастыру кезеңі: 1. Тыныштық сәті: «Орманға саяхат» Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын!
Қане, бәріміз біздің аспандағы нұрын шашып тұрған Күнге ұқсап отырайық.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңдер, сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңдар. Таза ауаны сезінеміз, самал ескен жылы желмен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды. Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі ұсақ жәндіктерді аяғымызбен басып кетпейік. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет хош иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз. Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайың ағашын таңдап алыңдар. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңдар. Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын деп ойлаңдар. Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жіберейік.Қандай тамаша табиғат! Ал енді келген ізімізбен мектепке қарай барайық, табиғаттың сұлулығынан алған әсерімізбен келіп өз орнымызға отырайық. Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашып, бір-бірімізге қарап күлімсірейік.

  • Тыныштықты сезіне алдыңдар ма?
  • Балалар көз алдарыңа не елестеді?
  • Осы тыныштықты сендер кімге сыйлар едіңдер? Не себепті?

«Орманға саяхат» тыныштық сәтінің әуені

3 минут 2. Үй тапсырмасын тексеру: Осындай жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық. - балалар біз сыныпта бір- бірімізбен қандай қарым- қатынастамыз? (біз бір-бірімізбен доспыз) деген жауап күтіледі.

- Балалар қазіргі орындайтын тапсырма мынандай тапсырма қазір әрқайсысың кез келген суретті алып не үшін онымен дос болатындықтарыңды айтып бересіңдер?

Мысалы: мен гүлмен дос болу үшін су құйып, өсіріп, баптаймын. .

Тапсырманың түйіні: балалар осы шыққан сурет жайлы не айта аласыңдар?

- Сендер осы заттармен дос болу үшін не істедіңдер?

Қамқорлық жасау, көмектесу арқылы біз бір-бірімізбен дос боламыз солай ма?

Гүл, жыртылған кітап, шымшық, әдемі қыз,

5 минут 3. Жаңа сабақ. «Түлкі мен ешкі» ертегісі арқылы жаңа сабақты бастау. - Түлкінің бойында біз қандай қасиет байқап тұрмыз? - Балалар сендер қалай ойлайсыңдар ешкінің түлкіге деген әрекеті дұрыс па? - Ешкінің бойында қандай қасиетер бар? - Сендер түлкінің орнында болсаңдар не істер едіңдер? - Қандай балалар өтірік айтады?

5 минут

« Шыншылдық жақсылыққа жетелейді»

Халық даналығы

4. Дәйек сөз:

3.1. Хормен оқу

3.2. Дәптерге жатқа жазу

3.3. Мағынасын ашу.

- Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Шыншыл адам өз сөзіне берік, ісіне адал болады. Оған адамдар сенім білдіреді, сыйлайды, достасқысы келеді.

Шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенеледі.

Ал өтіріктің адамға еш пайдасы жоқ. Өтірік айтсаң ұятқа қаласың. Өтірігім ашылып қалады ма деп қорқышышпен өмір сүресің.

2 минут

  1. Мұғалімнен сый. «Ағайынды екі қыз» әңгіме

Сұрақтар:

  • Әңгімеде не жайлы айтылған?

  • Шындық қандай болған екен? Өтірік ше?

  • Өтірік адамдарды қалай азғырды?

  • Адамдар өтіріктеннеге қашты?

- Сендер екі қыздың қайсысымен дос болар едіңдер? Неге?

10минут

6. Шығармашылық жұмыс. топтық жұмыс

Тапсырма: «Шындық»және «Өтірік» неге апарады деген тапсырма орындайды.

І- топ: «Шындық» деген сөз беріп әр әріпке сөз құрайды.

ІІ- топ: «Өтірік» деген сөз беріп әр әріпке сөз құрастырып береді.

5.2. Тапсырманы орындау

5.3.Талдау, қорғау.

12минут

7.Үйге тапсырма: тақырыпқа сай мақал- мәтелдерді жаттау

2 минут

8. Топпен ән айту: «Балалық» әнін орындау

Бау-бақша белдер

Орман тау көлдер

Көрікті шексіз даламыз

Дәулеті тасқан

Сәулеті тоқсан

Көңілді ауыл, қаламыз


Жадырап күндей

Жайнаған гүлдер

Бақытты біздер баламыз


Өзіміз туған көбелек қуған

Өлкеде өсіп туамыз

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып

Білімді адам боламыз.

«Балалық» әнінің сөзі

3 минут

9. Соңғы тыныштық сәті.

Махаббат пен Алпамыстың ақыл сөздерін оқып беру.

1. Өз қателігіңді мойындай біл!

  1. Жалған сөйлеуге әуестенбе!

  2. Ойыңды жасырмай айт!

  3. Шектен тыс мақтанба!

5. Әркез шындықты айтуға үйрен!

Баяу әуен ойналып тұрады.

2 минут


Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Казанка орта мектебі






Ашық сабақ

Тақырыбы:

Шыншылдық- адамдықтың белгісі

1 «А» сынып


Өткізген: Искакова С.Ж.


2016 жыл

© 2010-2022