Сабақ. 3-сынып. Қазақ тілі. Негізгі және туынды сын есім

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сарыбастау орта мектебі КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі З.Ш.Дюсюпжанова

3-сынып

Пәні: Қазақ тілі 18.03.16 ж.

Сабақ тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім
Сабақ мақсаты: Оқушыларға сын есім туралы білім бере отырып, сөйлем ішінен сын есімді тауып, сонымен қатар кішіпейілдікке, адамгершілікке, ұстамдылыққа баулу, ақыл-ой логикалық ойлау жүйесін дамытып, сөздік қорын дамыту.

Сабақ көрнекілігі: мазмұнды суреттер, кесте , тест жинақтары
Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй жұмысын тексеру.

Өткенді пысықтау. Кубизм әдісі:
1.Сын есім дегеніміз не?
2.Сұрақтары қандай?
3.Сөйлем ойлау .

Суретпен жұмыс:
- Тақтадан ненің суретін көрдіңдер? (Алма)
Алмаға сипаттама берейік:
Түсі:
Көлемі:
Пішіні:
Сапасы:

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу.
Көп нүктенің орнына жұрнақ жалғап, туынды сын есім жасау.

Жауын..., икем..., бақыт..., құрмет... .

Өзің қалаған үш сөзге сөйлем құрастыру.

2-жаттығу. Мәтінді оқу. Неізгі, туынды сын есімдерді теріп жазу.

Сергіту сәті: «Кім сауатты?», «Кім шапшаң?», «Кім көркем жазады?»
Тік тұрам да қос қолмен
Таянамын бүйірді
Топылдатып аяқты
Шапалақтап қолымды
Басымды мен шұлғимын
Құс қанатша қолымды
Екі жаққа жаямын
Бір отырып, бір тұрып

Орнымды мен табамын.

3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Сын есімдерді тауып, түрлеріне ажырату.

5-жаттығу. Мәтінді оқу. Сын есімдерді тауып, түрлеріне ажырату.

Қарабидай сөзі зат есім бе, сын есім бе?

Сабақты қорыту:
Білемін. Не үйрендім? Не білгім келеді?

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Менің сыныбым» тақырыбына мәтін құрап, сын есімдердің астын сызу. 4-жаттығу.

Тексерілді: 18.03.16 ж.



© 2010-2022