Урок Ш дыбысы мен Ш әріпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 21.01.2010ж

Пәні: Сауат ашу

Тобы: Ересектер тобы

Сабақтың тақырыбы: Ш дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Балаларға «Ш» дыбысы мен әрпін таныстыру

Дамытушылық: Балалардың оқуға, білімге деген қызығушылығын

қалыптастыру, дүниетанымын, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен

жұмыс істей білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Кеспе әріп, суреттер

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың назарын сабаққа аудару

  1. Өткен сабақты қайталау.

  • Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

  • У дыбысымен.

  • Ол қандай дыбыс?

  • Дауыстыдан кейін келсе дауыссыз дыбыс, дауыссыздан кейін келсе дауысты дыбыс.

  • У дыбысы бар сөздерді айтыңдаршы.

  • Ау, тау, ту, уық, су, т.б.

  1. Қызығушылықты ояту.

Бұл бөлім жұмбақ шештіру арқылы жүреді.

А) Зулап түсіп төменге,

Шыға алмас менсіз бегенге. (Шана)

Ә) Тікен-тікен тік пісте

Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

  1. Мағынаны тану.

Осы шана, шырша деген сөздер қандай дыбыстан басталып тұр. (Ш)

Балаларға айтқызу.

  • Шы, -шы, -шы

  • Қалай айтылып тұр?

  • Созылып айтылмайтын дауыссыз дыбыс.

Ш дыбысы мен әрпінің жазбаша түрін дидактикалық материалдар арқылы көрсету.

Ш-дан басталатын заттардың аттарын атау, сөздер тапқызу.

«Қай топ көп тапты?» ойыны.

Тақтаға Ш әрпі мен екі шетінде шана мен шаңғының суреттері ілінеді.

Шана - Ш - Шаңғы

Осы сөздерді буынға бөледі.

Шана сөзіне сөйлем құрастыру.

  1. Сергіту жаттығуы.

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Оңға бір иілеміз

Солға бір иілеміз

Отырамыз, тұрамыз

Орнымызды табамыз.

Бір, екі, үш

Жинап алып күш,

Қолға қалам аламыз

Тап-таза етіп жазамыз.

  1. Дәптермен жұмыс

Ш-ны толтыру

6. Ой толғаныс. Сөзжұмбақ шешу.



Шар



Алма



Нан


Алмұрт


Ш


А



Н


А

Шаңғы Шана

Ш

Шар Шағала


  • Балалар, біз бүгін қандай әріппен таныстық?

  • Ш қандай дыбыс?

  • Қандай текшемен белгілейміз?

  • Ш дыбысынан басталатын сөз ойлайық, сол сөзді буынға бөлейік.

Балалардың еңбегін бағалап, мадақтау арқылы сабақты қорытындылау.

© 2010-2022