Конспект урока для 2 класса Амандасу салты

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 2 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Амандасу салты Сабақтың мақсаты: Амандасу салтының бірнеше түрін меңгерту Сабақтың міндеттері:

  1. Мұсылман халқының амандасу салтының бірнеше түрлерін меңгерте отырып ,оқушылардың тіл байлығын дамыту.
  2. Мәтін арқылы оқушыларды дұрыс амандаса білуге, адамгершілік имандылыққа тәрбиелеу
  3. Сұрақ-жауап арқылы негізгі идеяня анықтау;
4.Топтық жұмысқа үйрету арқылы ынтымақтастық қарым-қатынас орнату; Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: бағытталған сұрақ қою, болжам сұрақтары Сабаққа қажетті құралдар: маркер, А1,А2 форматты қағаздар Сабаққа қажетті көрнекіліктер:АКТ, Слайд

Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру кезеңі.

А) Топқа бөлу.

Ә) Психологиялық дайындық

Б) Алтын ереже

Амансың ба?Алтын күн.

Амансың ба? Көк аспан.

Амансың ба?Жер Анам.

Амансың ба?Достарым.

Сіздерді көрсем қуанам.

Қызығушылығын ояту.

Жағдаятты талдау.

Айгүлдің ауырып сабаққа келмегеніне бір жұмадай уақыт болып еді.Оның мектепке келгеніне ерекше қуанғандардың бірі - өз құрбысы Жанар .Айгүлді көрген бетте құрбысы оның бетінен сүйіп амандасты.

Осы амандасу түріне өз көз қарасымызды білдірейікші.

1.Жанардың орнында болғанда қалай амандасар едіңдер?

2.Жанардың бұлай амандасуы дұрыс па?

Сұрақ - жауап әдісі

1.Амандасу деген не?

2.Оның қандай мәні бар?

3.Амандықты біле отырып қандай екенімізді білеміз?

4.Амандасудың қандай түрлерін білесіңдер?

Мәтінмен жұмыс

А)Тізбектей оқыту.

Ә)Сұрақ-жауап арқылы талдау.

1. «Сәлем»сөзі қай халықтың тілінен алынған?

2. «Сәлем»сөзі қандай мағына береді?

3. «Ассалаумағалейкүм» сөзі қандай түсінік береді?

4. «Уағалейкумассалам» сөзі қандай түсінік береді?

5.Қол беріп амандасқаннан кейін амандасушылар хал - жағдайын қалай сұрасқан?

6.Хал- жағдай сұрасқаннан кейін қалай жауап қатқан?

7.Жасы кіші адам өтіп бара жатқан қарияға қалай амандасқан?

8.Қария жасы кіші адамға қалай жауап қатқан?

9.Көріспегеніне біраз уақыт болған жолдас,құрдас,ағайын -туыстар қалай амандасқан?

10. «Алыстан келген алты жасар балаға » кім сәлем береді?

11.Жастар қалай амандасады?

Топпен жұмыс:

1 топ:Сызбаны толтыру.

Амандасу түрлері

Кімдерге арналған?

Ассалаумағалейкүм!

Сәлеметсіз бе?

Сәлем!

Сәлем бердік!

Сәлеметсіңдер ме?


2топ:Мәтіннен қауышып амандасу жөнінде айтылған тұсты қайталап оқып.Амандасудың осы түрін қимылмен көрсетіндер.

3топ:Мәтіндегі халықө нақылын тауып ,дауыстап оқып,мағынасын түсіндіру. Қорытындылау: 1.Сұрақ -жауап

- «Сәлем »сөзінің мәні қандай? - Сәлемдесу неліктен әдептілікке жатады? - Төс қағыстырып амандасудың мәні неде? Үйге тапсырма:Мәнерлеп оқып,түсінік айту. Бірін - бірі бағалау Кері байланыс-Екі жұлдыз, бір тілек Тілек ағашына ілінеді.



























© 2010-2022