Тәрбие сағаты Қош келдің, Наурыз!

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!
Сабақтың мақсаты:
1. Наурыз мерекесі туралы білімдерін бекіту. Қазақтың ұлттық киімдерінің, тағамдарының, ойындарының түрлерімен, қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдармен таныстыру.
2. Шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Шығармашылық белсенділігін, көркемдік талғамын арттыру.
3. Ұжымда достық карым - қатынаста бола білуге тәрбиелеу.
Өтілетін орны: Мультимедиялық кабинет.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың тәсілдері: баяндау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд шоу, киіз үй,плакаттар
Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Балалар бәріміз тұрып шеңбер құрайық. Көз алдарыңа елестетіңдер.

1-слайд
Мәтін: « Көктем мезгілі. Жер әлемі бәрі жап - жасыл. Күн шуағын төгіп тұр. Сылдырлап су ағып жатыр. Алыстан таулар көрінеді. Алма - ағаштар аппақ гүл ашқан, айнала түгел әсем. Бұл суреттен туған ел табиғатының әсемдігін көреміз» (Балалар көздерін ашады)

- Мәтіннен қандай әсер алдыңдар? (Осы жерде бір - біріне бәйшешек гүлін сыйлайды.) Орнымызға отырайық.
- Ал балалар, көктем айларын атайықшы?
- Жақсы.
- Көктем айларында қандай мерекелер бар?
- Жақсы балалар.
- Наурыз мейрамына тоқталайық.
- Сендерге үй жұмысына шығармашылық тапсырмалар берілген.

II. Мағынаны ашу

2-слайд
1 - топ. «Көктемгі табиғат» шығарма.
2 - топ. «Наурыз мерекесі нені сипаттайды?» шығарма
3 - топ. «Наурыз көже қалай жасалады?» шығарма
4 - топ. «Наурыз мейрамына байланысты өлең құрастыру»

Әр топ слайд арқылы шығармаларымен таныстырады.

Білгенге маржан.

3-слайд (слайдқа сүйене отырып таныстыру)

1-топ. Қазақтың ұлттық киімдері

2-топ. Қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдар. (Сырға, жүзік, моншақ,

білезік т. б)

3-топ. Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесің?(көже, қазы -

қарта, жал - жая, қымыз, ет, қуырдақ, айран, бауырсақ, құрт, ірімшік)

4-топ. Ұлттық ойындардың түрлері. ( арқан тарту, көкпар, қыз қуу,

бәйге т. б.)

- Жақсы балалар, рахмет.

III. Ой толғаныс

- Енді тақтаға назар аударайық.
- Малика, қандай сөздер жазылып тұр?
4-слайд

Достық, береке, ынтымақ, татулық, бірлік, ерлік, батырлық, жақсылық деген сөздер берілген. Осы сөздерді пайдаланып мақал - мәтел құрастырамыз.
Әр топтан мақалдарын оқиды. Топпен жұмыс.
5-слайд Хормен айту:

Наурыз - достық, ынтымақ, татулық, бірлік мейрамы.

Бағалау.

Балалар алдарындағы парақшаларға сабақтан алған әсерлерін, тілектерін жазып, киіз үйге жапсырады.

2. Бөлім. Мерекелік шағын концерт.





© 2010-2022