Баяндама Сыни тұрғыда ойлау

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру-мұғалімдер алдындағы үлкен міндет.Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз ізденісті,оқытудың жаңа формасымен, әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.

Сабақ барысында оқушылардың бұрынғы білетінін жаңа біліммен ұштастыра отырып,белгілі бір идеяны қабылдап,оның неге қатысты екенін зерттеп,салыстыра отырып,сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте зерттеуге бағытталған оқыту технологиясының бірі- сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз:«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:шыңдалған ойлау.кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлықүйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

«Сын тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:

Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынандай нәтиже береді:

Осы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының жүзге тарта стартегиясы бар екені белгілі, демек сол әдіс - тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Шығыс даналығы "Мәселе нені үйретуде емес қалай үйретуде" демей ме? Сондықтан мақсат пен мазмұн мемлекеттік бағдарламаларда айқын беріліп отырған қазіргі жағдайда бұл стартегиялардың маңызы зор

Соның ішінде толғануды тиімді етуге лайықталған "Венн кестесі", "Бес жолды өлең", "Көрнекілік арқылы баяндау", "Семантикалық карта" сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Мәселен: "Венн кестесі" арқылы өз ойынан қорытып сөз шығару, екі затты салыстырып айырмашылығы, ұқсастығы туралы сөз ойлап табу оқушы үшін үлкен ойды қажет етеді. Бұл стратегиялардың қай-қайсысы болмасын оқушының ізденісін,қызығушылығын дамытады.Пәнге деген өзгеше көзқарас қалыптасады.Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жүргізуде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді.

Осы стратегияларды қолданудың тиімділігінің дәлелі ретінде оқушылардың жұмыстарын ұсынамын:

1. "Көрнекілік арқылы баяндау" стартегиясы бойынша "Көктем" тақырыбына арналған 6 сынып оқушыларының топтық жұмысы: (оқушылар үш топқа бөлініп, әр топқа үш түрлі өлең шумақтары таратылды, оқушылар мәнерлеп оқып, содан соң бір-бірімен ақылдасып, сурет салып қорғады).

I топтың жұмысы :

А) Көктем күні күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп ,Бәйшешектер дүркіреп,

Ә)

ыға келді қыр түлеп.

Көктем күні шуақты,

Көктем күні қуатты.

Мал жағалап суатты,

Сай-саламен су ақты

Б) Көктем кереметі.

Көктем келді.Көктемде жаңбыр жауады.Ауа райы жылына бастайды.Мұз,қар еріді.Жер күндіз жібіп,кешке қарай тоңазиды.Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды.Өзендерде сең жүре бастады.Көктемде бәйшешектер өседі.Құстар ұшып келеді.Наурыз мейрамы болады.Маған көктем мезгілі ұнайды.

2.Немесе оқушылардың берілген мәтін бойынша жұмыс жасауға көмектесетін INSEPT стратегиясы,ол бойынша оқушыға оқу,тақырыппен танысу барысында

V - білемін

- - білгеніме сәйкес келмеді

+ - жаңа ақпарат

? - тереңірек білгім келеді,зерттегім келеді,белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.

Осы стратегия бойынша 6 б сынып оқушысы Астраханцев Владиславтың жұмысы:

Ыбырай Алтынсарин

V - + ?

Ыбырай Алтынсарин ұлы ұстаз,жазушы,ағартушы.Ол қазақ балаларына арнап мектеп ашқан.Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып,атасы Балқожа бидің тәриесінде болған.«Қазақ хрестоматиясы»деген оқулықтың авторы.Орыс жазушыларының әңгімелерін қазақ тіліне аударған.1889 жылы ауыр науқастан қайтыс болған.Отбасы,балалары туралы білгім келеді.

INSEPT оқығанын түсінуге,өз ойын басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Оқушылар білетіндерін анықтап,білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.

Жалпы сын тұрғысынан ойлау,оқыту мақсатына жетудің нақты жолдарын көрсетеді. 3 сызба.Бұл технологияның тиімділігі:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Қалқаева.Г.,Тілді және әдебиетті оқытуды жетілдіру технологиясы // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде,№ 3,2004 ж .

2.Садуақасова.Д., Қазақ тілін сын тұрғысынан оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.№ 9,2006 ж.

© 2010-2022