Терең су. Н Сералиев

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Терең су. Нәсіреддин Серәлиев

Сабақтың мақсаты:

1. Жаңа такырыптың мағынасын аша отырып, негізгі идеясын анықтай білуге үйрету. Судың адам өміріне пайдасы, сусыз тіршіліктің болмайтынын түсіндіре отырып, судың тілсіз жау екеніне көңілін аударуға жағдай туғызу. Алғашқы көмек көрсете білу негіздеріне тоқталу.

2. Әңгімені оқи отырып, туыскандық, достық көмек, міндет, парыз мағыналарын түсіндіру, ойларын, қиялдарын дамытуға жол салу.

3. Оқушыларды достыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтын көрнекілігі: сөзжұмбак, үнтаспа, плакат, маркер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау. Мазмұнын әңгімелеу, сұрақ-жауап, тест әдісі.

Жаңа сабақ.

а) Мәтінді «Болжау» стратегиясы арқылы оқыту.

ә) Мәтінді төрт бөлікке бөліп алу:

1-бөлім. Ақбөпенің арыққа баруға құмартуы.

2-бөлім. Сапаштың Ақбөпеден мезі болуы.

3-бөлім. Тұраштың қайық жасап беруі.

4-бөлім. Балалардың Ақбөпені құтқаруы.

Мәтін бойынша сөздік жұмысын жүргізу.

Мәтінді оқып болған соң, болған оқиғаға баға беру.

Балалардың әрқайсысының әрекетіне сын көзбен қарау.

Басты кейіпкерлерге сипаттама беру.

Сұрақ:

- Егер өзің осындай жағдайга тап болсаң, кімнің орнында болғаныңды қалар едің?

_ Сенің әрекетің қандай болар еді деп ойлайсын?

Бұндай жағдайларда нені естен шығармау керек?

Қауіпсіздік ережесін сақтау деген не? (Ол ережелерді көбінесе қандай сабақтарда естисіңдер? (Енбекке баулу, бейнелеу өнері, дене тәрбиесі).

Алғашқы көмек көрсете білу неше жастан басталуы керек деп ойлайсың?

- Ақбөпенің суға кетіп қалуына кім кінәлі? (Баға беру.)

-Әртүрлі қиын жағдайларға түсіп қалмас үшін, нені естен шығармау керек?

Сергіту сәті:

Табиғат ғажаптары

Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,

Сен - Күнсің, көтерілген күліп қырдан.

Сен - Көлсің,

Сен - Ормансың,

Сен - Бұлбұлсың.

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Дәптермен жүмыс: . .

Келесі сабақтағы «Суға жүзіп үйрен, балам» өлені мен оқыған мәтінді «Шығарма кестесіне» салып салыстыру:

Терең су

Суға жүзіп үйрен, балам

Шығарманың аты.

Шығарманың авторы.

Оқиға орны.

Шығармадағы негізгі тақырып.

Шығармадағы негізгі идея.

Суға жүзудің пайдасы туралы не білдің?

Мазмұнның ашылуы.

Шығарманың аяқталуы.

Шешімі.


Мәтіндегі балалардың құтқару жұмысына баға беру арқылы достық көмек, туыстық көмек, ағайын-туысқа, т.б. деген көмек ерекшеліктеріне тоқталу.

- Су туралы қандай ырым-тыйымдар білесіңдер?

Қажет дерек

Тыйым сөздер:

- Суды сыпырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.

- Шелектегі суға аузыңды батырма, т.с.с.

¥лағатты ұлттық ұғымдар:

- Үш көз: 1. Су анасы - бұлак. 2. Жол анасы - тұяқ. 3. Сөз анасы - құлақ.

- Төрт тұлға: 1. От. 2. Су. 3. Жел. 4. Жер.

- Жеті амал: 1. Күннің тоқырауы. 2. Қарашаның қайтуы. 3. Үркердің батуы. 4. Мұздың қатуы. 5. Киіктің матауы. 6. Қыс тоқсан. 7. Ай тогамы.

«Венн диаграммасы» арқылы алғашқы көмек пен құтқару жұмыстарына салыстыру жасау.

Сабақты қорытындылау

Сөзжұмбак шешу Тіршілік көзі не? Судан не аулаймыз? т.с.с.

Мәтін соңындағы сұрақ-тапсырмалармен жұмыс.

Үйге тапсырма.

Су туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

Су сөзімен сөз тіркестерін құрау. (Мысалы: терең су, ағынды су, т.с.с.)



© 2010-2022