Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Киелі жеті саны (4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


3 АПТА

2 КҮН

3 САБАҚ

1

Сабақтың тақырыбы

Киелі жеті саны

2

Сабақтың мақсаты

Қазақ отбасында тәрбиенің ерекшелігі туралы мағлұмат бере отырып, үлкенді сыйлау, құрметтеу, ата тегінің тарихына құрметпен қарау керектігін ұғындыру.

3

Оқу нәтижелері

Мұғалім үшін: -танымдық қызығушылықтарын дамытады;

-жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге әбден дағдыландырады;

Оқушылар үшін: -киелі сандар туралы ұғымдары кеңейеді; -сөздік қорлары молаяды; -өлеңді оқи отырып, өз сөздерімен баяндай білу, идеясын ашуға дағдыланады.

4

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, «Молекула», түсіндіру, баяндау, топтық, ой қозғау, «Дана үкі» әдісі

5

Түйінді идеялар

Жеті ата, жеті байлық атты ұлағатты ұлттық ұғымдардан хабардар ету.

6

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

Жеке, жұппен, үштік, төрттік, топпен, ұжыммен жұмыс.

Тапсырмалар

Уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс - әрекеті

ресурстар

Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық

«Биле, биле» тренингі

Топқа бөлу

«Молекула» әдісі



2 мин

Нұсқаулық беру, ережесін түсіндіру

Балалар орындарына топпен бөлініп отырады.

Оқушылар шеңберге тұрып, музыкамен жеке, жұппен, үштік, төрттік болып билейді.

Топқа бөлінеді.

Моноблок , музыка

Үй тапсырмасын тексеру

«Дана үкі» әдісі

9 мин






Үй тапсырмасына байланысты әр топқа тапсырмалар беру.

1-топ: «Талассаң, бағаң кетеді» мәтініне көрініс көрсетеді.

2-топ: «Кінәлі аяқтар» мәтіні бойынша сөзжұмбақ шешеді.

3-топ: Екі мәтін бойынша шешендік сөздерді айтады.

Әр топтың мүшелері өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Көрініс көрсетеді, сөзжұмбақ шешеді, шешендік сөздерді айтады.


Сөзжұмбақ


Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту

Топқа бөлу


Ой қозғау











Жаңа тақырыппен таныстыру

Топтастыру

Мағынаны тану

«Сөз маржанын төгейік»

Оқулықпен жұмыс




Кіріспе сөз



Кері байланыс


2 мин









1 мин









6 мин














2 мин

Сұрақ-жауап әдісі:

-Кім нешеге дейін санай алады?

-Санның шегі бар ма?

-Соның ішінде негізгі сандар қайсысы?

-Сандарды қайда қолданамыз?

Күз мезгілі жапырақтарының түстеріне байланысты және оның артында жазылған сандар арқылы топқа бөлу.

-Қандай сандар киелі сандарға жатады?

(тапсырма беру)

Оқушылардың ойларын толықтыру.

(3 байлық, 3 би, 3 жұрт, 3 қуат, 4 тұлға, 4 мұрат, 4 қылыш, 4 бұрыш, 5 парыз, 5 қару, 5 жаратылыс, 6 алаш, 6 игілік)

Мақал-мәтелмен жұмыс.

1.Жігітке жеті өнер де аз.

2.Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

-Осы мақалдың ішінде қандай сандар естіліп тұр?

-Жеті санын естігенде ойларыңа не келеді? (топта талқыға салып, постерге түсіру)

Киелі сандардың қасиеттері жайында қысқаша түсінік беру.

«Жеті байлық» өлеңін мәнерлеп оқыту, талдату.

«Өзіңді талдап көр»:

Ауру-сырқаудан аман болу, есен-саулық;

Еркіндік, бостандық, тәуелсіздік;

Ел тәуелсіз, еркін ел болса, ол өз тілінде сөйлейді;

Қайрат-күш, батырлық, батылдық;

Ақ жаулық-ер азаматтың жары, әйелі;

Бала-өмірдің жалғасы;

Жүз саулық-адамның байлығы, қорадағы малы.

«Жеті ата» өлеңін мәнерлеп оқыту, сызбаға түсірту, талдату.

Жеті ата туралы қысқаша түсінік беру.

Өлең жолын оқу.

Бай болмасам ақылға, айтуымен атамның,

Дұрыс па, әлде қате ме, мен айтайын, санашы.

Болады екен әкеге

1-ші ұрпақ - баласы,

2-шісі - немере,

3-шісі - шөбере,

4-шісі - шөпшегі,

5-шісі - немене,

6-шысы - туажат,

7-шісі жекжаты.

Сұрақтар қою.

-Сен кімге баласың?

-Сен кімге немересің?

-Сен кімге шөбересің?

-Кім жеті атасын біледі?

-Жеті санына байланысты тағы қандай ұлағатты ұлттық ұғымдарды білесіңдер?

(кейбір ұғымдарға тоқталып өту)

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


Жапырақ түстеріне және оның артында жазылған сандар бойынша топтарға бөлінеді.

1-топқа - сары жапырақ, 3 саны

2-топқа - қына сары жапырақ, 4 саны

3-топқа - жасыл жапырақ, 5 саны

Әр топ өз сандарының киелілігі туралы мысалдар келтіру арқылы ойланады, ізденеді, жазады, қорғайды.

Оқиды, жазғандарын салыстырады.

Оқушылар мақалды оқиды, мағынасын талдайды, ондағы берілген сандарға назар аударады, сұраққа жауап береді.

-Киелі жеті саны.

Оқушылар жеті саны туралы ойларын пікірге салып, талқылап, постерге түсіреді, қорғайды.

Оқушылар тыңдайды, еске сақтайды.

Ойлан - жұптас - талқыла

«Жеті байлық» өлеңін мәнерлеп оқиды, өз ойларын айтады, түсіндіреді, талдайды.

1-топ : 1,2 байлық

2-топ: 3, 4 байлық

3-топ: 5, 6, 7 байлық


«Жеті ата» өлеңін мәнерлеп оқиды, сызбаға түсіреді, топтастырады, қорғайды.

Оқушылар тыңдайды, еске сақтайды.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Жеті жарғы, жеті қазына, жеті жұт, жеті күн, жеті жоқ, т.б.)












Стикерлер, сандар







Флипчарт, фломастерлер


Слайд







Мақал-мәтел








Флипчарт, фломастерлер, стикерлер






Оқулық (43 бет)





















Оқулық (43 бет) А4 ақ парағы, фломастерлер




Слайд













Слайд

Сабақты қорытындылау.

Ой толғаныс

2

мин


-Бүгінгі даналық ұғымы сабағынан не алдыңдар?

Оқушылар ойша бүгінгі сабақтан алған мәліметтерді жинақтайды.


Бағалау (формативтік бағалау)

2 мин

Жалпы бағалау критерийлері:

1.Сандарды топтастыру.

2.Байлық сөзін қалай түсінесің?

3.Топтағы талдау жұмысындағы белсенділік.

4.Жеті атаны топтау.

5.Сұрақтарға жауап беру.

Топ жетекшісі өз тобын критерийлер бойынша бағалап шығады.

Бағалау кестесі

Үйге тапсырма беру

Рефлексия

1 мин







1 мин

«Жеті байлық» өлеңін жаттау.

«Жеті ата» өлеңін мәнерлеп оқу.

Өз жеті атасын жазып келу.

-Бүгінгі сабақ ұнады ма? (ой-пікірлерін білу)

Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазады.




Өз көңіл-күйлерін стикерге жазады.
Күнделік



© 2010-2022