Сауат ашу «Қуыршақ бізде қонақта» Тәрбиеші: Акимжанова Б. Е

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КМҚК «Дәншік» балабақшасы

«Айгөлек» естияр тобы

Сауат ашу

«Қуыршақ бізде қонақта»





Тәрбиеші: Акимжанова Б.Е.





Самар ауылы / 2014 - 2015 жыл/

«Айгөлек» ересек тобындағы оқұ-іс әрекетіне ұйымдастырылған технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас.Таным.

Бөлімдері: Сауат ашу

Тақырыбы:Қуыршақ бізде қонақта.

Мақсаты:Сөзге дыбыстық талдау жасай білу,Дыбыстарды саналы түрде ажырату, дыбыстан сөз,сөзден сөйлем құрастыруды қалыптастыру. «Тон»сөзін оқуға үйрету.Балалардың ақыл- ойын дамыту, тіл байлығын молайту. Сабаққа деген қызығушылықтарынң арттыру.Адамгершілікке, қамқорлыққа, әсемдікке тәрбиелеу

Аймақтық компонент: Әдемі тондар өздерінде бар ма? Әңгімелеу.

Қостілдік компонент: тон-шуба

Қажетті құралдар:суретер,сұр түсті фишкалар, қуыршақ

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық



Ұйымдастырушылық кезен

Балалар шаттық шенберге тұрады

Мынау менім жүрегім,

Бәрі осыдан басталған,

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менім оң қолым,

Мынау менім сол қолым,

Балық істі басқарған.

Балалар бір-біріне ыстық лебіз айтып орындарына отырады.

Топқа қонаққа қуыршақ келеді, балалармен амандасады.

Тәрбиеші:Балалар бізге қуыршақ Сібір елінен келіп қалыпты.Үстіндеге тонын қарандаршы қандай әдемі. Ол сендердің білімдерің бақылауға келіпті.Сендерге көп тапсырма алып келді, оны орындауға дайыңсындар ма?

1 тапсырма:Адамдар бір-бірімен не арқылы байланысады? Сөйлем дегеніміз не?Ал кім маған сөйлем құрастырып бергісі келеді?

2 тапсырма:Сөйлем неден құралады?

3 тапсырма:Сөз неге бөлінеді?

Тәрбиеші тақтаға бірнеше сурет іледі, балалар сол суретті алып буынға бөледі.

4 тапсырма:Сөз неден құралады?

5 тапсырма:Дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

6 тапсырма:Қазір жылдың қай мезгілі? Күзде қандай киім киеміз? Ал күзден кейін қай мезгіл болады? Қыста қандай киім киеміз? Кім маған тон туралы тақпақ айтып бергісі келеді?

7 тапсырма:Енді біз тон сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.Бәріміз укасканы алайық.(2-3 бала оқып береді)

-Неше дыбыс?

-Қайдан білдіңдер?

Тәрбиеші балалардың жандарына барып оқытады.

-Бірінші дыбыс қандай?

-Ол қандай дыбыс?

-Екінші дыбысты қояйық.

-Қандай дыбыс?

-Үшінші дыбысты қояйық.

-Ол қандай дыбыс?

8 тапсырма: «Тон» сөзін құрайық.(Үш бала шығып сөзді құрайды) Бір бала шығып оқиды.

-Енді сол дыбыстарды орнына қояйық.

-«Т» дыбысын орнына қояды.

-«О» дыбысын қояды.

-«Н» дыбысын қояды.

-Тонды біз орысша не деп атаймыз?

-Сендерде осындай тон бар ма?

Ойын «Кім тапқыр?»

Мақсаты: Балалар қуыршаққа тәтті сөздер құрастырып береді.

Тәрбиеші тапқыр балаларды жұлдызшамен марапаттайды.

Қуыршақ қуанып, тәтті сыйлықтар береді. Балалармен қоштасып кетеді.

Қимылмен шаттық шеңберді орындайды.



Балалар амандасады.

Қарайды.

-иә

-Сөйлем арқылы

2-3 бала сөйлем құрастырады.

-сөзден

-Буынға

2-3 бала шығып сөзді буынға бөледі.

-Дыбыстан.

-сұр текшемен

-күз

-Жылы киім киеміз

-Қыс

-Қыста тон киеміз

-3 дыбыс

-Әр терезе бір дыбыстын барын білдіреді

-Дауыссыз,өйткені тілімізге кедергі жасайды.

-Дауысты, өйткені кедергі жасамайды.

-Дауыссыз.



-шуба

-иә

Ойынды ойнап, сөздер құрастырып береді.

Балалар қуанады.

Қорытынды:

-Кім бізге қонаққа келді?

-Біз сабақта не істедік?

Тәрбиеші баларды мақтап, мадақтайды.

-қуыршақ

-сөз, сөйлем құрастырдық

Балалар қуанады.

Күтілетің нәтиже:

Нені біледі: «Тон» сөзіне дыбыстық талдау жасауды.

Қандай түсініктерін игерді: тон, күз, қыс.

Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Сөз, сөйлем құрастыруды меңгерді. Толық жауап берді.

Тәрбиеші:Акимжанова Бакытгуль Едылхановна



© 2010-2022