Тренинг на тему «Отбасы – менің қорғаным»

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Отбасы - менің қорғаным»


Тренинг тақырыбы: «Жанұя бақыты» Қатысқандар: Ата- аналар Мақсаты: Ата - ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Көрнекіліктер: Отбасы суреті, бояу қарындаштар, қалам, таза парақ, ватман, шарлар, қайшы, желім, жаңа технология, презинтациялар. Кіріспе сөз: Қымбатты ата- аналар, сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Алдымен өзіміз,отбасымыз туралы әңгімелеп, танысайық. І.Танысу. Амандасу Психологиялық жаттығу: «Үй» Қажетті құралдар: А4 парағы, қарандаш Өтілу барысы: Ата - аналарға ақ парақ пен қарандаштар беріледі. Тапсырма: Параққа үйдің суретін сал. Салған үйіңіздің 6 терезесі болу шарт. Үйді салып болсақ , енді сол терезелерге өз отбасыларыңыздың мүшелерін орналастырыңыз. ( Өз отбасыларын таныстырады) Мұғалім: сіздердің отбасыларыңызбен біз толық таныстық ІІ. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы» Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды. Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсірейік. ІІІ. Ойын « Ата- ана мейірімі». Ата- аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой- пікірлерін айтады. IV. Сергіту сәті V. «Ерке бала кім үшін?»

VI. Сайыс
1. Кім жылдам?(Жұмбақ жасыру)
Маған да, саған да,
Жақын туыс - бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? (апа, ата, ана, іні, аға)
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң)

Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (ана)

Атаңның баласы
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім? (Әкең)
VII. Жағдаятты шешу

І-топ 1 «Балаңыз мектептен шағым айтып келеді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?» 2. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрады» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

ІІ-топ 1. «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз:«Басым ауырып тұр, сабаққа бармай-ақ қояйыншы»,- деді. Сіздің әрекетіңіз? 2. Кейбір ата-анлардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

ІІІ-топ 1. Сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссызсыз, не істейсіз? Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз? 2. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?


VІII. Ата-аналар мен оқушылардан матиматикалық диктант алу IX. Жаттығу: «Тілек шамы». Құрметті ата - аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасын түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын орындаймыз. Бала тәрбиелеудегі жүректеріңізден шыққан әдемі тілектеріңізді , алдарыңызда мтұрған мына жүрекшелерге жаза отырып, жақсы сөздер арқылы «Сиқырлы жүректі» мейірімді жүрекке айландырайық.

© 2010-2022