Сабақ жоспары Таулы жер 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шарбақты жалпы орта білім беретін мектебі


Сабақтың тақырыбы:


«Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары»

Өткізген: Сеилхан Б.М.




2014 жыл

Сабақтың тақырыбы: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Таулы жер туралы түсініктерін қалыптастыру, өсімдіктер мен жануарлар түрімен таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау және дүниетанымы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Табиғатты қорғауға және оған деген сүйіспеншілігін

арттыру оны қорғау.

Көрнекілігі: Жануарлар суреті. Өсімдіктер суреті. Таулардың, қорықтардың суреттері. Буклеттер. Карта.Флипчарт.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Ынтымақтастық, ұжымдық және топтық оқыту, дамыта оқыту.
Әдіс - тәсілдер: Ой қозғау, топтастыру, көрнекілік, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.

Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.
II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
Балалар, мен сабақты өлеңмен бастағым келіп тұр.

Кең дала, көремісің сонау жатқан,

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен.

Әне, сол анам мені тапқан, - деп Сәкен Сейфуллин атамыз айтқандай Қазақстан - кең байтақ өлке. Ол - Еуразияның ең ірі мемлекеттерінің бірі жер көлемі жағынан 4-ші орында. Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылып жатқанына байланысты табиғаты да алуан түстерге -

Енді балалар картадан әр алуан түстерге назар аударайықшы. Қазақстан шалғынды жер, мол және шөлейт жерлер су қоймалары орман - тоғай жерлерге бай.

Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары».

Стратегия: Ой қозғау.

  1. Балалар тау туралы не білесіндер ?

а) Жер бетінің ерекше биік тұстарын тау дейді.

ә) Таудың басында қар жатады.

б) Тауда барыс, бұғы, бүркіт т.б. тіршілік етеді.

в) Тауда демалыс орындары салынады.

г) Тау басында маса, сона болмайды т.б

Тауды қандай ірі-ірі топтарға бөлуге болады, балалар дей отырып тақтаға « Тау » сөзі жазылған плакат ілінеді.

Стартегия: Топтастыру әдісі.

Оқушылар тақтаға шығып өздері жазады.

Оқушыларды 3 топқа бөліп ( топ «өсімдік », 2 топ «құстар», 3 топ «жануарлар» отырғызамын). Әр топқа өз аттарын плакатқа жаздыра отырып қорғату.

Әр топ өз аттарын жазып болған соң өз аттарын қорғайды, жұппен талқылайды.

Яғни «Тау » дегенде көз алдымызға өсімдіктер, тастар, құстар, аңдар, ағаштар, жануарлар елестейді екен дей отырып топтастырып аламыз.

Мәтінді оқып, мазмұнын ашамын. Қазақстанның таулары туралы бейнефильмнен үзінді көру, таулар, таулы жер өсімдіктері, жануарлары және құстары туралы қосымша мәлімет оқу.

Қазақстанның таулары

Орталық Азиядағы Тянь - Шань тауының құрамында көптеген Алатау деген жоталар бар. Алатауды түрік, әзербайджан, түрікмен халықтары "Аладаг", қырғыздар"Алатоо", алтайлықтар "Алатуу", өзбектер "Олотог" дейді. Ол қар, мұз белдеулерінің айқын көрінуінен "Алатау" деп аталған. Талғар шыңының айналасында Алматы қорығы ашылған. Қорықта Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген арқар, тауешкі, ұлар және т. б. мекендейді.
Алтай тауы Қазақстанның шығысында және Ресей, Қытай, Моңғолия аймақтарында орналасқан. Алтай - Қазақстанның ну орманды жері.
Ұлытау - Қарағанды облысының аумағында орналасқан аласа тау. Ең биік жері - Әулие Ақмешіт. Етегінде көктерек, аққайың өсетін орман кездеседі.
Қаратаудың тарихта алатын орны ерекше. XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарларға қарсы бірігіп соғысу үшін қазақтың үш жүзінің билері Қаратаудың Ордабасы төбесінде кездесіп, келіссөз жүргізген. Сол жерде билерге арналып ескерткіш қойылды.
Тарбағатай - Қазақстанның оңтүстік - шығысы мен Қытай мемлекетінің аумағындағы орташа тау.
Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар тауы ғана кіреді. Тау Жаманқаланың тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені - 30 км, орташа биіктігі - 450 - 500м. Таулы жер өсімдіктері: көктерек, қайың, тал, терек, қарағай, ұшқат, ырғай, күреңот, тобылғы, итмұрын, долана, қарақат, жабайы алма. Барыс өте епті жылдағы, жыртқыш мысық тұқымдас аң. Ол биік-тау құздары мекендейтін аң. Барыстың саны бүгінде күрт азайып кеткендіктен, қазір қорғауға алынды. Барыстың шапшаңдығы мен ептілігі туралы аңыз, әңгімелер өте көп. Апанын үңгірін аяқққа баспас жартастарға салады. Арқар-өте ірі аң. Ол тау жайылымдарын мекендейді.Түнде мұзды алқапқа дейін өрлеп түнейдіде, ертеңгісімен жайылымға қайта түседі. Таулы жер құстары: Таулы жер құстары өте көп. Биік тасты құздараға ұлар тіршілік етеді. Ұлар-ірі, түсі, реңдес сұрғылт құс. Ол 5-10 нан топтасып жүреді. Олар қыста тас қуысына топтасып, қонақтайды. Олар бір-бірін жылытып суықтан қорғайды. Қозықұймай: ол тік құздарды мекендейтін құс. Еліктің лағы, суыр, арқардың қозысы т.б. мен қоректенеді. Ол ірі тұяқты жануарларға шабуыл жасайды. Бұлардан басқа бүркіт, үкі, жапалақ, құр, шіл, тоқылдақ т.б. құстар тіршілік етеді. Шаруашылықтары: бұғы, омарта шаруашылығы дамыған.

ІҮ.Мақалды аяқта.

1.Ерді намыс өлтіреді,

(Қоянды қамыс өлтіреді.)

2. Қойдың іші - береке,
(Жылқының іші - мереке.)

3. Мал өсірсең қой өсір,
(Өнімі оның көл-көсір.)

Ү.Дәптермен жұмыс

Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақты - қорық деп атайды

Қазақстан қорықтары
Ақсу - Жабағылы қорығы. Қазақстан жерінде ең алғаш ұйымдастырылған қорық. Ол Батыс Тянь - Шань тау жоталары сәлемдерінің, Талас Алатауы мен Өгей тауларының табиғатын қорғау мақсатымен ұйымдастырылған. Бұл алқаптың өзіне тән өсімдіктері мен жануарлары түгелдей қорғауға алынған. Мұнда "Қызыл кітапқа" тіркелген сары жылан, ұлар, сақалтай, бүркіт, ителгі, арқар, сілеусін т. б. жануарлар кездеседі.
Алматы қорығы. Іле Алатауының орталық бөлігіндегі биік таулы алқаптың барлық табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылған. Бұл қорықта да өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бай қоры бар. Оның ішінде сирек кездесетін жануарлардан қоңыр аюды, арқарды, ұларды атауға болады.
Наурызым қорығы. Қостанай облысының оңтүстігінде Наурызым ауданындағы құрғақ далалы аймақтың табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылған. Қорық жерінде ертеден сақталып қалған Наурызым қарағайлы орманы мен далалы аймақтың көптеген шағын көлдері бар. Дуадақ, ителгі, қызық жемсаулы қаз және басқа да "Қызыл кітапқа" тіркелген құстар бар.
Барсакелмес қорығы. Арал теңізіндегі өзі аттас аралда құрылған. Онда шөлейтті және шөлді аймақтың табиғаты қорғалады. Қорықта құландар мен қарақұйрықтар мекен етеді.
Қорғалжын қорығы. Ақмола облысының көптеген көлді алқабының табиғат байлығын қорғау мақсатымен құрылған. Бұл өңірде қоқиқаз, дуадақ, ақбас тырна мен басқа құстар тіршілік етіп, мекендейді.
Марқакөл қорығы. Оңтүстік Алтай алқабы мен Марқакөл табиғатын қорғау үшін құрылған. Сирек кездесетін жануарлардан қоңыр аю, қара дегелек, Алтай ұлары, кәмшат және басқалары тіршілік етеді.
Үстірт қорығы. Маңғыстау өңіріндегі Үстірттің шөлдің табиғатын қорғау мақсатында құрылған. Қорықта сирек кездесетін жорға дуадақ, қарақұйрық, ителгі тіршілік етеді.
ҮІ.Сергіту сәті.

ҮІІ. Жұмбақ шеш.

1.Жайласа да

Қалың орман арасында

Тастамайды төбесіндегі

Бұтақ-бұтақ ағаштарын (бұғы)

2. Тұмсығымен ояды,

Ағаш құртын жояды. (тоқылдақ)

3. Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім.
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш ілгенім. (бүркіт)

ҮІІІ. Сөзжұмбақ шеш.

Көлдеңенінен:

1. Таудың етегінен басына дейін топырақтың, өсімдіктер және жануарлар әлемінің ауысу заңдылығын биіктік ..........дейді.

4. Шөлді жерде өсетін, әлемдегі ең жақсы жанатын ағаш.

7. Далалы жер не салу үшін жыртылады?

8. Шөл неше топқа бөлінеді?

10. Дала зонасының көп бөлігі ........ болып келеді.

Тігінен:

2. Барысты басқаша қалай атайды?

3. Орман дәрігері

5. Құрғақ климатымен ерекшелінетін аумақ қалай аталады?

6. Үшқұлақ гүлінің басқаша атауы

9. Ормансыз алқапты қалай атайды?

11. Орта Азия аумағында өсетін ұсақ ақшыл жапырақтары бар, жемісі бұталарына шығатын жеміс ағашы.

ІХ.Қорытынды

ХІ.Бағалау

ХІІ.Үйге тапсырма: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары мәтінің әңгімелеу. Қазақстан қорықтары туралы қосымша мәлімет жинақтау.

© 2010-2022