В дыбысы мен әріпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу және жазу

Сабақтың тақырыбы: В дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларды В дыбысы және әрпі мен таныстыру.в дыбысынан басталатын сөздерді оқыту мен жазғызу.

Дамытушылық: В дыбысы мен әріпіне қатысты жаңа сөздерді оқыту және арқылы сөздік қорларын молайту. Ойын ойнау арқылы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, әдемі жазуға машықтандыру.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

І. Шаттық шеңберін құру.Барлық оқушылар шаттық шеңберіне жиналып қолдарынан ұстап жақсы тілектер айтады. Қолдарындағы гүлдерді табыстайды.

Бір, екі, үш

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз

ІІ.Өткен сабаққа шолу. «Жиһаздар еліне саяхат» ойынын ойнау.

Үстел сұрағы:Дыбыс дегеніміз не? Үстел сөзін буынға бөл

Орындық сұрағы: Әріп дегеніміз не? Орындық сөзін буынға бөл

Диван сұрағы: Дыбыстыр нешеге бөлінеді?

Шкаф сұрағы: Дауысты дыбыстардың ерекшелігі қандай? Олардың тағы бір ерекшелігі олар жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.

Теледидар сұрағы: Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі қандай?

Сағат сұрағы: кеше қандай дыбыспен таныстық?

Көйке сұрағы: Ол қандай дыбыс? Жиһаз сөзін буынға бөл

Қолжуғыш сұрағы: һ дыбысын жазып көрсет?

-Оқушылар 1 жылда неше мезгіл бар?

-4 мезгіл бар

-Оларды атайықшы

-Күз, қыс, көктем, жаз

-Оқушылар қазір жылдың кай мезгілі?

-Көктем

-Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

Күн жылынады. Қар ериді. Ағаштар бүршік жарады. Ормандағы аю ұйқыдан оянады.Құстар жылы жақтан оралады. Құстар сайрап ән шырқайды. Үй жануарлары жайылымға шығады. Өте жақсы ендеше мен сендерге осы көктемнің бір жайма шуақ күні болған ертегіні айтып берейін. Төрт түлік малға не жатады? Түие, жылқы, сиыр, қой, ешкі.Арман деген баланың төрт түлік малы жайылып келуге өріске шығыпты.Лоар жайылып жүріп сусайды екен. Сол кезде алдарында әлі бетінде мұз қатқан өзенге кездеседі.Олар аяқтарын басқан сайын мұз шытынай береді. Ендеше осы төрт түлік малдардың тапсырмасын орындай отырып, олардың сусынын қандыруға көмектесейік.

Қойдың тапсырмасы: Жұмбақ шешу

Хош келдіңіз ұраны

Бір сөнбейді шырағы

Жұрттың бәрін қарсы алып

Шығарып сап тұрады

(В дыбысы мен әрпі)

Қойымыз суға тойып сусынын қандырды.

Ережесін айту:В дыбысы дауыссыз дыбыстар қатарына жатады. Өйткені ол созылмай , кедергіге ұшырап айтылады. В дыбысы орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.В дыбысы дауыссыз болғандықтан қандай текшені көтереміз? (көк)

В дыбысы сөздің басында,ортасында, соңында кездеседі.В дыбысына байланысты суреттер көрсету. Бірге қайталаймыз. Вагон, ваза, аквариум,велосипед,вокзал, волга, тамвай, автобус. Шапалақ ұрып буынға бөлеміз.

Ал енді ешкі тапсырмасын орындайық.Оқулықпен жұмыс

Тізбектеп оқу: ва,ва,ве,ве,во,во,ва-гон,ве-ло-си-пед,ва-за,вок-зал,ак-ва-ри-ум.

Ешкі тапсырмасын орындадық. Еші де сусынын қандырып, үйіне оралуға дайын.

Сергіту сәті. «Көңілді күн» биін билеу

Сиыр тапсырмасы дәптермен жұмыс

Дәптерлерін ашайық

Қолға қалам алайық,

Салақтықтан қашайық,

Әдемілеп жазайық.

Дәптерді ашып В в дыбысы мен әріпін ауада кейін дәптерге жазу.

Сиыр тапсырмасы орындалды.

Ойын: «Көбелектерді гүлдерге қондыр»

Мақсаты дауысты,дауыссыз дыбыстарды айыру.

Көбелектерге жазылған әріптерді қызыл, көк гүлдерге қондыру.Қызыл гүл дауысты дыбыстар, көк гүл дауыссыз дыбыстар.

Жылқы тапсырмасы ауызша.

Жылқы тапсырмасы орындалды.

Түйе тапсырмасы: Вагон суреттерін көрсету, дауысты дыбыстарға қызыл текше ,дауыссыз дыбыстарға көк текше көтеру керек.

Біз барлық тапсырмаларды орындап болып, Арманның малдарын сусындарын қандырып, үйлеріне қайтарайық.



© 2010-2022