Түбір мен қосымшаның жазылуы 3-сынып қазақ тілінен сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: қазақ тілі

Күні: 25.01

Сабақтың тақырыбы: 73 -сабақ

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сабақтың мақсаты:

1) түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстарының өзгеретеіндігін оқушылар түсінеді, қосымшалардың жазылу емлесін меңгереді

2) Отанға деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезіміне, өтірік айтпауға, қолымен жасағанды мойнымен көтеруге, ақылды болуға тәрбиеленеді

3) сөздерді оқу, салыстыру арқылы ондағы болған өзгерістерді байқайды, басынан өткен оқиғаны әңгімелеу арқылы сөйлеуі, мақалдардың мәнін талдау арқылы ойы дамиды.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап , практикалық, талдау, сөздік жұмыс, сызба, теріп жазу

Сабақтың көрнекілігі: сызба, ереже

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру. 3-жаттығу (17 бет) Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен жуан, жіңішке буынды сөздерді топтап теріп жазады.

Өткенді пысықтау.

  • Туынды сөздер қалай жасалады?

  • Түбір сөзге жалғанатын қосымшалар нешеге бөлінеді?

  • Олар қалай аталады?

  • Түбірдің белгісі қандай?

  • Жұрнақ пен жалғаудың белгісі қандай?

Жаңа сабақ.

Терме диктант. Берілген сөздердің ішінен к, қ, п дыбыстарына аяқталған сөздерді теріп жазады.

Қарақат, жүрек, салмақ, жүзім, саты, пырақ, атырап, тазалық, серік, тілек, кітап.

  • Енді теріп жазған сөздеріңе қосымша жалғаңдар.

  • Қандай өзгеріс байқадыңдар? Оның себебі қайда?

  • Қосымшаның жазылу емлесін түсіндірейік.

1-жаттығу. (ауызша) екі бағандағы сөздерді салыстыр. Қандай өзгеріс болды?

Жарық - жарығы

Көлік - көлігі

Тарақ - тарағы

Байлық - байлығы

  • Ережені оқып, біздің жасаған қорытындымыз қаншалықты дұрыс екендігін салыстырайық.

Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, онда түбірдің соңындағы к, қ, п дыбыстары г, ғ, б (немесе у) дыбыстарына өзгереді. Мысалы: күрек - күрегі, сабақ - сабағы, тап - табады, сеп - сеуіп - себеді.

2-жаттығу. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, өзгерген дыбыстарды айт.

  • Бәйтеректі сипаттайтын сөздерді тап.

  • Монумент басына қалай шығуға болады?

  • Сен Астанада болдың ба?

  • Сенде қандай сезім болды?

Сергіту сәті

4-жаттығу. Сөздерге үлгі бойынша қосымша қос ып жаз.

Лақ - лағы

Өсімдік - өсімдігі

Арғымақ - арғымағы

Сеп - себу

Кеп - кебу

Теп - тебу

Қап - қауып

Тап - тауып

Жап - жауып

Сабақты бекіту. Мақалдарды талдау. Мақалдарды көшіріп жаз. Түбіріндегі дыбысы өзгерген сөздердің астын сызады.

Өткелге жетпей, етігіңді шешпе.

Ағаш өзегінен шіриді.

Ақыл - адам көркі, ақылдың сабыр - серігі.

Қиықшалармен жұмыс.

Сабақты қорытындылау.

Қ, к, п дыбыстарына аяқталатын бір сөз таңда. Оған дауыстыдан басталатын қосымша қос. Қандай өзгеріс болды?

  • Сен бүгінгі сабақтан нені түсіндің?

Үй тапсырмасы. 3-жаттығу. (19 бет) ережені жаттау

Бағалау



© 2010-2022