Әнші төлдер семинар сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әнші төлдер семинар сабақӘнші төлдер семинар сабақӘнші төлдер семинар сабақ6 орта мектеп

Әнші төлдер семинар сабақ

(Бастауыш сынып мұғалімдерінің семинар- сабақтар топтамасы)

Әнші төлдер семинар сабақ



2Әнші төлдер семинар сабақ014-2015 оқу жыл

Семинар бағдарламасы

Сабақтың тақырыбы

Пәні

Уақыты

Пән мұғалімі

Тіл тағдыры - ел тағдыры (4 сынып)

Сыныптан тыс жұмыс

08.45-09.10

Байгуттина Г.

Төрт түлік (1 сынып)

Ана тілі

09.15-10.00

Реймбаева С.

Ф.Оңғарсынова «Жылу» (2 сынып)

әдебиеттік оқу

10.10-10.55

Тулебаева Қ.

«Ән - жұмбақ» сайысы

музыка

11.00-11.45

Жанаева С.


Бастауыш сынып мұғалімі

Байгуттина Гүлжиан

Ашық тәрбие сағаты

4 «Ә»сынып Тақырыбы : «Тіл тағдыры - ел тағдыры» Мақсаты: оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. Сөздік қорын молайтып, шешендік өнерге баулу. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру. Көрнекілігі: газет тігінділері, қанатты сөздер, оқушылар шығармасы. Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Мағынаны таныту: «Ең қымбат қазына». Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына: «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет»-депті. Бала кейін оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп ауылдағы абыз ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып: «Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы-қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат мәңгілік мұра болмақ па, сірә!»-деп аталы сөздің жұмбағын шешіп береді. 1-жүргізуші-Әйгерім: Сен осы тілден қымбат қазына деген сөзбен келіссесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар? 2-жүргізуші-Аяулым: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына әрине тіл. Тіл ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды білдіре алар ма едім? 1-жүргіузші-Әйгерім: Оның өте дұрыс. Шынында, тіл қатынас құралы болуымен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың-ойы бай»-деп текк айтылмаса керек. Ия, тілі тазаның ойы таза деген сөз бар емес пе?! Әлбетте, әр елдің, әр ұлттың өз тілі бар. Әр тіл өзінше сұлу, өзінше тартымды, өзінше бай. Алайда дүниеде өз тіліңнен асқан сұлу, бай түсінікті тіл жоқ. 2-жүргізуші-Аяулым: Адам баласы ес білген кезінен бастап, айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастайды. 1-оқушы-Элвира: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Себебі әр ұлттың тілі-оның бақыты, тірегі. Ел тағдырын шешкен дана билер, шешендер тіл құдіретін көп танып, асыл сөздер мен ұлағатты пікірлерді ғасырдан ғасырға жоғалтпай жеткізіп, халықтың асыл қазынасына айналдырған. 2-оқушы-Жұлдыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»-деген Ғабиден Мұстафин. 3-оқушы-Айдана: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәденетсіздік» -деген екен Мұхтар Әуезов. 4-оқушы-Сүндет: «Анамыздың ақ сүтімен дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды тарихымызды ұмыту»-деді Бауыржан Момышұлы. 5-оқушы-М. Ақбота: «Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы бәрінен де сенімді байлық»-деді Ғабит Мүсірепов. 6-оқушы-Дастан: «Тіл деген-бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздың ақылынан, анамыздың сүтінен жаралған. Қазақтың өз тілі-қазақ үшін алатын бесік»-деді Шерхан Мұртаза. Ән: «Туған жер» 1-жүргізуші-Әйгерім: О. адамдар, қадіріне жетіңдер! Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер! Туған тілін танымаған көрсоқыр, Болып өтер ертең мәңгі өкінер.
2-оқушы-Уалихан: Ана тілім-айна түсер аймағы, Елім, жерім ұятымның аймағы. Бар қалпымды, бар өремді дәлелдеп, Жеткізетін мәні, нәрі қаймағы.
8-оқушы-Анель: Қазақ тілі! Ол- менің ана тілім. Ляззат, қуат Сөйлессе табатыным. Тізілтіп сөз маржанын, Жазғанымда, Білем анық Бағымның жанытынын.
9-оқушы-Айгерім: Қазақ тілі! Байсалды баба тіл Сол байлықтан Аз емес алтыным, Беретінім, Қанша екен? Шүбәсіз қақ, қарыздар боп, Әйтеуір қалатыным.
10-оқушы-Абылай: Қазақ тілі, Ақжолтай! Ана тілім! Анық маған Сөнбестей жанатының. Анық маған Болашақ мамандарға Бөгделенбей, Бөгелмей баратының. Мұғалім: енді ары қарай тәрбие сағатымызды сайыс түрінде өткіземіз. 2 топқа бөліну. Мақалдарды жалғастыру:

  1. Ана сүті өсіреді,... (Ана тілі ой өсіреді).
  2. Шебердің қолы ортақ,... (Шешеннің сөзі ортақ)
  3. Ақыл көркі-тіл,... (Тілдің көркі-сөз)
  4. Бас кеспек болса да,... (Тіл кеспек жоқ)
  5. Таяқ еттен өтер,...(Сөз сүйектен өтер)
-Ана тілін білмеу қандай заңдылық! Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда. Хормен: «Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!» Қорытынды: Нұрсұлтан Назарбаев: «Тіл-ата-баба аманаты, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше, ата-баба мұрасын жалғастыру міндетіміз, парызымыз», - дегендей тіліміз біздің бай мұрамыздың бастысы екендігін ұмытпайық.

Реймбаева Салтанат

ана тілі 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Әнші төлдер

Сабақтың мақсаты: 1. Төрт түлік мал жайлы білімдерін тереңдету, жүйелеу. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу.

2. Ой - өрісін, сөздік қорын байыту, мәнерлеп,

түсініп оқуда білім-білік дағдыларын дамыту

3.Қазақ халқының өмірін төрт-түлік малмен

байланыстыра отырып, оқушыларды төрт түлікті

құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, постер, білім ағашы

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу

Түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану, «өзін - өзі тану»

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше себебі бізге қаладан қонақтар келіп отыр,сондықтан сабағымызды тыныш,қызықты өткізуге тырысайық.

ІІ Психологиялық дайындық:«Ақ тілек. Әсем күлкі»
- Көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Керемет!(қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарың қалай?
- Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
- Ынталарыңыз қалай?
- Ғажап! (қолдарын көтереді)
- Ендеше сабағымызды бастайық!
- О, о, о (бас бармағын көтереді)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өлеңді жатқа айту. «Төлдер»

  • Жарайды, олай болса үйге қандай тапсырма берілді?

  • Ендеше үй тапсырмасына дайын оқушы бар ма?

Жақсы, оқушылар біз бұл уйге берілген төлдер өлеңінде құлын мен бота туралы білдік. Ендеше қалған төлдер туралы бүінгі тақырыпта білетін боламыз. Олай болса, әнші төлдер мен бөрте лақ өлеңдеріне назар аударайық. Бұл өлеңді оқып бермес бұрын мен авторы туралы мағлұмат беріп өтейін. Ілияс Жансүгіров - ақын. Ол 1894 жылы мамырдың 5-інде Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы) Ақсу ауданнында дүниеге келген. 1938 жылы дүниеден өткен. Бұл өлеңді бірінші мен сендерге оқып беремін. Сосын сендер оқисындар.

ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін пысықтау: Сұрақ-жауап

  • Балалар біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?

  • Төрт түлікке қандай малдар жатады?

  • Олардың бізге беретін қандай пайдасы бар?

  • Біздің Маңғыстауда төрт түліктің қайсысын көбіне өсіреді?

  • Төрт түліктің пірін кім атайды?

  • Төрт түліктің төлдерін кім атап береді?

Жарайды, олай болса ары қарай балалар «Төлін тап» ойынын ойнаймыз. Барлығымыз дайын отырайық. Қазір сендерге тақтада суреттер беріледі. Сендер сол сурет бойынша әр малдың төлін табасыңдар.

IV. Жаңа сабақ

  • Жарайсыңдар балалар,ендеше біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Әнші төлдер»

  1. Ендеше балалар дәптерімізді ашып,бүгінгі күннің жадымен тақырыпты жазамыз.

2. Көркем жазу: Қозы,бұзау, лақ

  • Олай болса балалар барлығымыз оқулықтағы 37- жаттығудың 1.тапсырмасын 1 оқушы оқиды. 2 тапсырмасын екінші оқушы оқиды.

  • Тақтаға 7 оқушы шығып бір-бір сөзден жазып, жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызады.

V.Сергіту сәті: Ән «Қошақаным»

VI.«Постер қорғау»

  1. Үй жануарларының дыбысын есту арқылы олардың қай жануардың дыбысы екенін анықтау.

  2. Әр топ дыбысына қарай тапқан жануарларға байланысты постер қорғайды.

  3. Әр топ ақылдасу арқылы бір оқушыдан қорғайды.

VII. Рефлексия (кері байланыс).

  • Оқушылар, біз бүгінгі сабақта нені үйрендік?

  • Сабақтың қандай сәттері ұнады?

  • Келесі сабақта нені үйренгіңіз келеді?

Әр оқушы сабақтан алған әсерлерін білім ағашына іледі.

VIIІ. Бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма. 38-жаттығу. «Әнші төлдер» өлеңін жаттау

Тулебаева Калампыр

ана тілі 2 сынып

Сабақ тақырыбы: Фариза Оңғарсынова «Жылу».
Сабақтың білімділік мақсаты: 1. Ақын Ф. Оңғарсынова туралы мәлімет беру. Өлеңнің мазмұнын, негізгі ойын таба білуге үйрету. Сабақты өмірмен байланыстыру. Мәнерлеп, дұрыс оқуға үйрету.
2. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу , шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Оқушылардың сүйікті аналарына деген балалық махаббатын құрметтеу, ардақтау сезімдеріне тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, ақынның суреті, шығармалары, венн диаграммасы, суреттер, слайд, музыка

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, қазақ тілі

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру сәті
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Қайқаус кім?
2. Қабуснама дегеніміз не?

3. Бұл кітапты кімге арнап жазған?

4. Осы Қабуснамадан алынған үзіндіге тиісті қандай нақыл сөз білеміз?
5. Қабуснама кітабынан алынған үзіндіні кім жатқа айтады?

Үнтаспадан Ана туралы ән тыңдау.
- Балалар, қазіргі тыңдаған әндерің кім жайында?
- Дүниеде анасыз адам болмайды. Осында отырған мен де, сендер де анадан туып, ананың көкірегінен нәр алғанбыз. Дүниедегі жақсылықтың бәрін, нәресте кезімізден анадан үйренеміз. Ең алғашқы сөзді, ана тілінде дұрыс сөйлеуді үйретеді.
1. Біздің ана тіліміз қай тіл?
2. Аналар мерекесін жылдың қай мезгілінде тойлаймыз?
3. Көктемнің ең алғашқы гүлін кім атайды?
- Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, әлі еріп кетпеген қалың қардың астынан бүршік жарып шығады. Біздің аналарымыз да өмірдің қиындығына қарамастан, нәзік болса да, жеңіп шығады: Тіршілік күннен нәр алса, адамзат анадан тарайды. Енді осы ата - аналарымыз туралы бабаларымыздың айтқан даналық сөздерімен танысайық.

Құт - берекең - атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың - әкең қымбат.
Оқушылар, бұл кімнің сөзі? Есіңізге түсіріңіз? (Қазыбек би суретін көрсету)

III. Жаңа сабақ «Жылу» өлеңі
1. Бұл суреттегі кім, балалар?


Әнші төлдер семинар сабақ

2. 1 - сыныпта оның қандай өлеңін оқып, танысып едік?
Мұғалім:
- Фариза Оңғарсынова 1939ж. 25. ХІІ. Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Манаш ауылында дүниеге келген. Ақындық өнері ерте қалыптасқан. 1961ж. Гурьев пед. институтын бітіріп, 1961 - 1966ж. аралығында мектепке мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болып жұмыс жасаған. Ең алғашқы өлеңдер жинағы 1966ж. «Сандуғаш» деген атпен жарық көрген. Фариза ақындық, аудармашылық жолға түсіп, Қазақстан Республикасы Парламент Депутаттығына Дейін көтерілген. Мемлекет Қайраткеріне айналды.
Балықшылар туралы «Сандуғаш», мұнайшылар ерлік еңбегіне арналған «Маңғыстау маржандары», М. Өтемісұлына арналған «Алмас қылыш» шығармаларын жазған. Шығармалары бүгінгі замандастар өміріне, достық пен адамгершілікке арналған. 23 қаңтар 2014 жылы Фариза Оңғарсынова дүниеден өтті.
IV. Оқулықпен жұмыс.

Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып беру

V. Өлеңді оқушыларға іштей оқыту. Өлең кім туралы?

Әнші төлдер семинар сабақ

- Өлең кім туралы? «Нәрлі» сөзіне жуықтас сөздер тапқызу. (құнарлы, қуатты)
- Өлең неше шумақтан тұрады?
- Ақынның негізгі ойы өлеңнің қай жолында берілген? Мағынасын түсіндір.
VI. Сөздік жұмысын жүргізу.
1. Өң - бет, ажар, түр
2. Жалғанда - дүниеде, бұл өмірде

3. Ғұмыр - өмір.
VII Суретпен жұмыс.
Берілген суреттер арасында қандай байланыс бар?

- Ақын ананы не үшін күнге ұқсатады?

- Ананың алақаны қандай?

ҮІІ Сергіту сәті.
IX. Сұрақ - жауап

1 қатар. Ана туралы мақал - мәтел айтқызу.
2 қатар. Өлең ұйқастыру стратегиясы.

______________________сыйлаймын

______________________тыңдаймын

______________________ жазамын

______________________баламын

3 қатар. Ана туралы сөйлем құрату.

Х 1. Ананы ренжітетін, қартайтатын қандай жағдайлар?
- нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту, ұрлық жасау, өтірік айту, т. б.
Балалар, қазақтың ұлы адамдарының аналарын атап көрейікші. Кәне, кім айтады?

Абайдың анасының аты кім? (Ұлжан)

Әжесінің аты кім? (Зере)

Шоқанның әжесінің аты кім? (Айғаным)
XI Қорытындылау

Венн диаграммасы арқылы Күн мен Ананы салыстыру. Әр оқушы өзі келіп жазып тұрады.
● Күн
1. Өлі табиғат.
2. Жерді жылытады, шөп шығарады, қарды ерітеді.
3. Жарық береді.
● Ана
1. Тірі табиғат.
2. Адамды өмірге әкеледі
3. Баласын азамат етеді.
● Ұқсастығы
1. Жылу береді.
2. Барлық халық тағзым етеді
3. Тіршілік бастауы.
«Ақ мамам» өлеңін айтқызу.

ХIII. Бағалау.
XIV. Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттау, «Менің сүйікті анам» тақырыбында өз аналары туралы шығарма жазу.


Әнші төлдер семинар сабақ
Жанаева Сәуле Музыка пәнінің мұғалімі СӘнші төлдер семинар сабақабақтың тақырыбы:


Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: Слайд, нақыл сөздер. Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар және қонақтар! Бүгінгі «Ән жұмбақ» музыкалық сайысына баршаңызда қош келдіңіздер! «Музыка - жүрек тілі, ол - сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе - оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте-бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады» деп ғұлама Дмитрий Шостакович айтқандай ән өнері барлығымызға жақын өнер. Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың қатысушы қонақтарын ортаға шақырайық. Жүргізуші: Олай болса құрметті сайыскерлер алғашқы айналымды бастаймыз.

Сайыскерлерімізге топтарының есімдерін береміз.

Топ аттары:

1топ - «Домбыра»

2топ - «Қобыз»

І. Әуенді тап Мұнда төрт тақырып беріледі. Тақырыптарды таңдап, сол тақырыптар бойынша берілген әндерді табу керек. Бұл жерде тек әннің музыкасы минус үлгісінде жасырылады.(Әнді тапса бірге шырқайды)

І айналым тақырыптары:

1Әнші төлдер семинар сабақ.«Қиял әлемі» (ертегілер әні)

2. «Сенің нұрлы дидарың» (қызыл өрік)

3. «Әлі күнге еркелеймін мен саған» (асыл әжем)

4. «Жастықтың жалыны» (ауырмайды жүрек) Жүргізуші:Алғашқы айналым өз мәресіне жетті. Осы айналымның ұпайларын берелік. Жүргізуші: Құрметті әріптестер , келесі айналымда сіздердің сөйлеу мәдениеттеріңіз, сөздік қорларыңның молдығы, жылдамдықтарыңыз сарапқа салынады. Келесі айналымға өтеміз.

ІӘнші төлдер семинар сабақІ. Әріптер не дейді? Ережесі: Көріп тұрсаңыздар менің қолымдағы асықтарда әріп жазылған 2 топқа 2-әріп беріледі. Сол әріптен басталып, аяқталатын сөздерді айтуларыңыз керек. Екі топқа да берілетін әріп А- А. Мысалы: Алма, апа, ана т.б. Б-Қ, (Уақыты 1минут). Қай топ көп сөз айтады сол топ жеңімпаз болып табылады.

Жүргізуші: Осы айналымда барлықтарыңызда өздеріңіздің жылдамдықтарыңыз бен және топпен ұйымшылдықтарыңызды көрсеттіңіздер. Рахмет. Олай болса осы бөлімнің ұпайларын берелік. Жүргізуші: Әуен мен сөздің байланысы бір-бірімен өте жақын, тығыз байланысып жатырғанын білеміз. Әннің қазақ өмірінде алатын зор маңызды басқа халықтан кездестіру екі талай. Қазақтар тіпті жай сабақты да балаларға ән көмегімен оқытады

Келесі бөлімде сіздер қазақ тілі пәнінен білімдеріңізді ортаға саласыздар. Үшінші айналым ережесіне құлақ түріңіздер!

ІӘнші төлдер семинар сабақІІ. Кім көп біледі? Ережесі: Келесі бөлімде төрт жол өлең беріледі. Сол өлеңдегі асты сызылған сөздерге синоним яғни, мағыналас сөздер айтасыздар.

Сіздерге берілетін өлең А.Құнанбаев. «Жазғытұры»

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, (Суық, ызғар)

Масатыдай құлпырар(жайнар,әдеміленер) жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер (Шуақтанар, жадырар)күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып (Қуанып, мәз болысып) жас күлер ќұрбысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп,(Амандасып, қал-жағдай сұрасып) құшақтасып

Жер жүзіне өң берер гүл - бәйшешек (рең гүлденер, көркейер) Жүргізуші:Сіздер осы кезеңге дейінгі бөлімдердің барлығынан да сүрінбей өтіп келе жатырсыздар. Бәрекелді! Үшінші айналымда өздерін қалай таныта білді екен сайыскерлеріміз? Ұпайларын білейік Жүргізуші: Қазақ халқы ән мен жырға бай халық. Сонымен қатар, атадан балаға жетіп мұра болып келе жатырған қанатты сөздеріміз бен мақал-мәтелдерімізде баршылық. Келесі бөлімде мақал-мәтелдер сайысы.

ІV. Мақал-мәтелдер сайысы Ережесі:Бұл кезеңде белгілі тақырыптар беріледі. Сол тақырыптарға мақал-мәтелдер құрайсыздар. (Достық, әдептілік, еңбек, білім).

Домбыра тобы Достық, әдептілік туралы

Қобыз тобына еңбек,білім туралы мақал Жүргізуші: Бұл айналым мақал мәтел сайысы бойынша сайыскерлеріміз өте белсенділікпен, ұйымшылдықпен жауап берді.

Осы айналым ұпайын берейік

Жүргізуші:Құр айқай бақырған

Құлаққа ән бе екен?

Өнерсіз шатылған, КӘнші төлдер семинар сабақісіге сән бе екен?- деп Ұлы ойшыл ақын А.Құнанбаев атамыз айтқандай келесі бөлімде нағыз тапқырлықтарыңыз бен музыкалық есту қабілеттеріңіз сынға түседі.

Ү. Тыңда, радио... Ережесі:70-80 ж. радио да естіген топ жұлдыздарымыздың әндерін тыңдай отырып, орындаушы топ пен сол орындалған әннің атауын табуыңыз керек.

Марапаттау: Жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.

Ән аманат сіздер үшін.

Бар болыңыздар,

Сау болыңыздар!

Игибаева Маңдайлы

Қазақ тілі

2 «Г» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары.

Сабақтың мақсаты: Сөз таптары туралы ұғым беру. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Төрт түлік төлдері, өмірде пайдасы туралы түсініктерді пысықтау.

Сабақтың білімділігі: Оқушылардың сөз таптары туралы ұғымын кеңейту.

Сабақтың дамытушылығы: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық жұмыс істеу.

Сабақтың тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, ізденпаздыққа, жинаққылыққа, салауаттылыққа, әріпті көркем жазуға тәрбиелеу. Төрт түлік туралы ұғым беру, және білгендерін сұрау, сөз таптарын дұрыс меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, слайд, тест карточкалар .

Қой суреті.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, қазақ тілі.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру, психологиялық дайындық.

I I Үй тапсырмасы Қайталау.

Балалар біз үй тапсырмасын қайталау арқылы мына тесттерді орындайық.

Тест

Бағалау:

«5» - 0 қате

«4» - 1 қате

«3» -2 қате

«2» - 3-4 қате

Тест дұрыс жауаптары:

  1. а) ә) + б)

  2. а) + ә) б)

  3. а) ә) + б)

  4. а) ә) + б)

  5. а) + ә) б)

  6. а) ә) + б)

Ал, балалар биыл қандай жылды күтіп алды? Қой жылын күтіп алып, жылқы жылын шығарып салдық. Қой, жылқы қандай жануар? Үй жануары.

Тағы қандай үй жануарларын білесіңдер?

Сиыр, түйе, ешкі, қой, жылқы. Бұларды бір сөзбен айтқанда не дейміз?

Төрт түлік мал дейміз. Төрт түлік туралы кім қандай мақал-мәтелдер, тақпақтар, тыйым сөздер айтады?

Әнші төлдер семинар сабақ

ІІІ Жаңа сабақ Сөз таптары

Бұл не?

Әнші төлдер семинар сабақӘнші төлдер семинар сабақӘнші төлдер семинар сабақАтауы: қой Қимылы: өріске жайылады

СӘнші төлдер семинар сабақӘнші төлдер семинар сабақаны : біреу Түсі: ақ

Балалар, біз малдың атын білдік. Санын білдік.

1) оқушыны тақтаға шығарып Түсін білдік. 2) Бұл кім? (оқушы, бала т.б) Қимылын білдік. 3) Қандай бала? (тәртіпті бала, үлгілі бала)

4) Неше бала? (бір бала)

Бала не істеді? (кітап оқиды)

Адам аттарына кім? кімдер? деген сұрақтар қойылады.

Олай болса балалар, Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді. Зат есім, етістік, сын есім, сан есім- сөз таптары.

Ауылдық жерде мал шаруашылығымен айналысады. Мал шаруашылығы жақсы дамыған. 312-жаттығуды орындайық. Сөздерді оқы. Оларға сұрақ қой.

Сөз таптарын талдау.

Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша?

Ата үй жазды көк отыз

Жазушы күн шықты үлкен екі

Адам доп шықты дөңгелек қырық

ІҮ Сөз ойла, тез ойла!

Мына әріптерден соз ойлап табу және ойыншықтар арқылы малдың төлдерін ажырату.

К, т, и, с, л, ы, р,ү, й, е, ж, қ, ш ,о.

4 түліктің пірлері:

Түйе бота Ойсыл қара

Қой қозы Шопан ата

Ешкі лақ Сексек ата

Сиыр бұзау Зеңгі баба

Жылқы құлын Қамбар ата

313-жаттығуды орындайық. Жұмбақты оқып, жатқа жазу. Әрбір сөздің жазылуына, тыныс белгілеріне назар аударайық.

Торы тай Табанында төрт ай (Таға)

Зат есім: тай, таға.

Сан есім: төрт .

Сын есім: торы.

Ү Сергіту сәті «Қара жорға» биі.

315-жаттығуды орындайық.

Бірінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың сынын, екінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың қимылын, үшінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың санын білдіретін сөздер тауып жаз. Неліктен сол сөзді жазғаныңды дәлелде.

Қызыл Бояу сиыр мөңіреді үш дәптер

Аласа Үй қар еріді екі қалам

Таза Ауа құс ұшты үш сызғыш

Қосымша жаттығу. Сызба арқылы қосу.

  1. Атауы: Зат есім Үй жануары

  2. Қайтеді? Етістік Төлдейді , көбейеді, дыбыстайды

  3. Қандай? Сын есім Түсі, пішіні, т.б

  4. Ойды білдіреді: Мал - баққандікі Отын шапқандікі.

  5. Синоним сөзі: мал.

Ү Қорытындылау

Топтастыру арқылы

зат есім

сӘнші төлдер семинар сабақӘнші төлдер семинар сабақӘнші төлдер семинар сабақын есім зат есімӘнші төлдер семинар сабақ

Әнші төлдер семинар сабақ

сан есім етістік

Нені үйрендік? Не білдік? Сөз таптары қайсылар? Зат есім дегеніміз не? Етістік ,Сан есім, Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

Міне, балалар біз 4 түлік мал туралы көп нәрселерді ұқтық. 4 түліктің пайдасын білдік. Оның пайдасын көру үшін, көп еңбектену керек. Малды дұрыс күтпесе бізге ол сүт те, ет те жақсы тері, жүнде бермейді. «Малды бақсаң, мал сені де бағады» -деп бекер айтылмаған. Сондықтан 4 түлікті құрметтеп, жақсы қарап, бағып, өсіруіміз керек.

ҮІ Бағалау

ҮІІ Үйге тапсырма: 314-жаттығу. Сөз таптары. Зат есім









© 2010-2022