Презентация «Адам енбегимен қурметти. » (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі:----------- Абдрахманова Л.Т Күні:

Сабақтың тақырыбы: « Адам енбегимен қурметти.»

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Жаз бен күз мезгілдеріндегі адам еңбегі туралы түсініктерін қалыптастыру.

ә)Дамытушылығы: Еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

б)Тәрбиелігі:.Еңбексүйгіштікке баулу, адам еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім игеру

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі адам еңбегінің суреттері, оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, құралдарын түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1. Адамға пайдалы өлі табиғат заттарын ата.

2. Адам, жануар және өсімдіктер тіршілігі үшін судың маңызы қандай?

3. Біз тұратын аймақтағы өзеннің қандай пайдасы бар?

4. Өз жерімізде қандай жануарлар қорғауға алынған деп ойлайсыңдар?

5. Оларды қорғауға біз қандай үлес қосуымыз қажет?

Психологиялық дайындық.

Қайрлы күн,Ормандар мен далалар!

Қайырлы күн,достасқан бар балалар!

Қайырлы күн, Сүйікті біздің ұстаздар!

Қайырлы күн,жора- жолдас ұл мен қыздар!

Ой қозғау Оқушының іс-әрекеті Адам не үшін еңбек етеді?

Енді көзімізді жұмып, бір сәт «Ешкім не жаз мезгілінде, не күз мезгілінде еңбек етпесе ...» деп ойланып көрейік. Онда не болар еді?

Пікірталас.

«Адам міндетті түрде еңбек ету керек» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырылады.Пікірталас барысында оқушылар еңбектің арасында адамның көп жетістіктерге жететіндігіне көздерін жеткізеді. Адам тамақтанады, киінеді, баспана салады.Еңбек адамды ақылды, мейірімді, қамқор болуға баулиды.

Қорытынды.

Адам төрт мезгілде еңбек етеді.

Бақ, егістік, бақша, гүлзарларда еңбектенеді.

Көкөністер мен жемістерді өсіреді.

Баспаналарын жөндейді.

Малға азық дайындайды.

Қыска азық дайындайды.

Табиғатқа қамқорлықпен қарайды.

Оқушылар ортаға шығып бірбірімен Еңбек және Табиғат атауы арқылы топ құрайды.Қимылдар арқылы көрсетеді.Өздерінің көңіл күйлерін айтады.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

1. Балалар мәтінді қарындашпен белгілеп отырып оқиды және қарындашпен кестені толтырады. Мәтінді оқу барысында балалар білетіндерін түрті белгісімен, білгісі келетіндерін «?» белгісімен, жаңа ақпаратты «+» таңбасымен белгілейді. Содан кейін кестенің бөліктерін толтырады.


Білемін

Білдім

Білгім келеді

Дәптермен жұмыс

Күннің жадын.Тақырыпты жазу.

Мақалдың мағынасын түсініп оқып, әңгімелеу.

1.Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

2.Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады,

Еріншек ұйқыдан қирап тұрады.

Оқушылар жауап береді.Оқушылар топпен ақылдасып,жауабын береді.

Топтар бойынша тапсырма

1- топ. Жұмбақ жасыру

Темір құсты алып батпан,

Көк аспанда қалықтатқан.

Ағаларды кімдер дейді?

Алдымен тез тауып мақтан

(Ғарышкер)

2-топ.Электр шамды біліпті,

Үйге әкеліп іліпті.

Шуда жіпті байлапты,

Жанады деп ойлапты.

(электрик)

3-топ.Өзі күшті

Тындырады.

Үлкен істі.

(Шахтер)

2. Мәтін мазмұны бойынша жұмыс.

а) Адам жаз мезгілінде бақ, бақша, егістік пен саябақтарда қандай еңбек атқарады?

ә) Ал күзде ше?

б) Бақшадағы күзгі жұмыс басқа жұмыстардан қалай ерекшеленеді?

Мен мақалдың бір бөлігін оқимын, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады.
1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).
2. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).
3. Еңбек - адамның екінші анасы
4. Еңбек етпесен елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
5. Еңбек түбі - береке
6. Ердің атын еңбек шығарар.
7. Еңбектін көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
8. Ерінбеген етікші болады.
9. Еңбектін көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
10. Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер

Сабақты қорытындылау.

1. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру.

2. Сергіту жаттығуы.

3. Қорытынды. Еліміздің эконоимкасының өркендеуі үшін көптеген адамдар ауылда, қалада аянбай еңбек етеді. Сондықтан біз олардың еңбегін құрметтеуіміз керек.Біз де сапалы білім алып, алдағы уақытта Отанымыздың өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз.

Үйге тапсырма.

11-12 бет оқу, мазмұнын айту. «Бақшадақы жұмыс» тақырыбы бойынша сурет салып келу.



© 2010-2022