Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздерАшық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздерАшық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздерАшық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздерАшық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздерАшық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздерАқтөбе облысы

Хромтау ауданы

Тамды ауылы

Сәтбаев орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі

Иманбаева Жаншат

Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың біріккен сөз жайында алған білімдерін әрі қарай тереңдете түсу. 1. Білімділік Біріккен сөз жайында түсініктерін пысықтау, біріккен сөз жайында алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; 2.Дамытушылық оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; 3.Тәрбиелік адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.. Үй тапсырмасын тексеру: 30-жаттығу. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жан-жақты білімдерін тексеру Күрделі сөз дегеніміз не? Мысал келтір. Жаңа материалды түсіндіру «Фигураны тап» ойынымен басталады




  1. фигураларды тақтаға тізіп жазып шығады.
  2. Мысалы: шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш, кесінді. Балалар, осы сөздердің ішінен күрделі сөздерді табайық: төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш.
  3. Бұлар қалай жасалған? Екі түбір сөздің бірігіп айтылуынан жасалған
Осылайша екі түбірдің бірігуінен жасалған күрделі сөздің бір түрі біріккен сөз деп аталатынын оқушылар өздері пайымдайды. Осы тұста біріккен сөздердің үнемі бірге жазылатыны ескертіледі. Осы фигуралар арқылы оқушыларды топқа бөлу. Оқулықпен жұмыс Кім жылдам? ойыны . 8-жаттығу Берілген сөздерді оқып, сөз құрамына талдау.Әр сөз неше түбірден құралғанын айту. Аққу, бұзаубас, ақмарал, шаңсорғыш т.б. Осы арқылы бұл сөздердің біріккен сөз екені байқатылады.

Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер 9-жаттығу Сөздерді көшіріп жазу. Әр сөз неше түбірден құралғанын айтқызу. Ереже шығару , оны хормен айтып қайталау. 10-жаттығу Өлеңді оқыту.( іштей, кезекпен, хормен) Өлеңді жатқа жазу Біріккен сөздерді табу. Сергіту сәті. Кемпірқосақ. 11-жаттығу Аққұтан, шекара, еңбекақы, балмұздақ. Берілген біріккен сөздерді қатыстытып сөйлем құрау. Олардың біріккен сөз екенін кестені пайдаланып дәлелдеу. 12-жаттығу Ойлайық та, ойнайық. Әр топқа тапсырма Аңдар.... Құстар.... Өсімдіктер.... Жер-су аттары Көп нүктенің орнына тиісті біріккен сөздерді тауып жазу. 13-жаттығу "Хайуанаттар бағына саяхат" ойыны арқылы оқушыларға әңгіме құрату.

Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Үйге тапсырма: 14-жаттығу Оқушыларды бағалау, сабақты аяқтау.


© 2010-2022