Разработка урока по миропознанию на тему Өсімдікке су және топырақ керек

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану 2 сынып
Тақырыбы: Өсімдікке су және топырақ керек
Мақсаты: Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтиже: - өсімдіктер туралы толық мағлұмат бере отырып,
- олардың тіршілігін түсіндіре алады;
- жұмысты өз бетінше, топпен жоспарлап, бағалай алады;
- жұмыс барысында жауапкершілікті сезінеді.
- алған мәліметтерді талдап, өз білімдерін бағалай алады;
- түсінігін топтап, жүзеге асыра алады.
- оқушының сөзі жүйелі, қисынды,
- қорытындыны дәлелдей алады.
Тапсырмалар:
Жаңа тәсілдер: «Бірге ойлаймыз», «Ойлан әрі талқыла», топтық, жұптық әңгіме, жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісі:
АКТ қолдану: визуалдандыру, белсенді тақтамен таныстырылым, ғаламтор
желісінен алынған материалдар.
Оқыту формасы: Жеке, жұптық, топтық, жаппай
Бағалау: Формативті бағалау: ынталандыру мақсатында
«Қолпаштау», «Басбармақ»
Кері байланыс:
«Нысана» д. д.

Сабақтың барысы:
Мұғалім әрекеті
Кіріспе:
Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал:
Табиғат күлімсірер күніменен
Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен
Көркіне көз тоймайды табиғаттың
Сұлулықты сүйе біл шыныменен.
Топ ережесін қайталау.
Оқушыларды топқа бөлу

Үй тапсырмасы:
«Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша берілген сұрақтар бойынша сәйкестендіру.
1 - топ: Өсімдікті неге тірі ағза деп атайды?
Өсімдік тірі ағза: қоректенеді, өседі, қурайды, көбейеді, тыныс алады
2 - топ: Өсімдіктің қандай пайдасы бар?
Өсімдік: Сусын, ем, ауа, тағам, жеміс, дәрі, кітап
3 - топ: Жапырақтың қызметі қандай?
Жапырақ: Өсімдік бойындағы суды буландырады, ауаны тазартады көмірқышқыл газын сіңіреді, оттегін шығарады, қант, крахмал жасалады, жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады.
Барлық топқа: Өсімдік қалай көбейеді?
Өсімдіктің көбеюі: тұқымнан, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс

Тұсаукесер:
"Күн көзін бұлт баспасын"
Ойын шарты: берілген сұрақтарға жауап беру арқылы экраннан күн көзін шығару
- өсімдік мүшелерін ата?
- өсімдік топтарын ата?
- тамыр қандай қызмет атқарады?

- сабақ қандай қызмет атқарады?
- тұқымның түрлерін ата?
- жапырақтың қызметі қандай?

"Сен білесің бе?"
- Өсімдік өсу үшін не қажет?
Негізгі бөлім:
«Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар.
- Топырақ деген не?

- Топырақтың негізгі қасиеттерін ата.
"Мағынаны тану" кезеңі
Өсімдік - тірі ағза. Ол үнемі өсіп, өзгеріп отырады: өседі, жапырақ жаяды, гүлдейді, түйіндейді, жеміс береді. Өсімдік өзіне қажетті қоректі өлі табиғаттан алады. Соның бірі -
су. Суы жеткілікті өсімдік жайқалып өседі.(Суретпен жұмыс)
- Су өсімдікке не арқылы келеді?
Топырақ арқылы. Топырақтағы қоректі заттар сумен араласып ериді. Өсімдіктің тамыры суды бойына сіңіріп, келесі мүшелеріне жібереді. Шіріндісі көп топырақ өсімдік өсуіне өте қолайлы.
- Шірінді қайдан пайда болады?
Жыл сайын қураған өсімдіктердің жапырақтары сумен араласып, оның құрамын байытады. Барлық топырақта бірдей шірінді көп бола бермейді. Ондай топырақты қолдан тыңайтады.
- Тыңайту үшін не керек деп ойлайсыңдар?
- көң, құстың саңғырығы, шымтезек, қарашірік.(суретпен жұмыс)
«Терең танысайық» кезеңі
Оқулықпен жұмыс.
- Мәтінді тізбектей оқыту.
- Мәтінмен жұмыс жүргізу.
- Өсімдіктің өсуіне судың, топырақтың әсері қандай?
- Еріген тұздарды өсімдік қайдан алады?
- Өсімдіктің бойында судың бар екенін қалай білуге болады?

Қорытынды:
"Ой толғаныс" кезеңі. (проблемалық сұрақтар)
- өсімдік тіршілігі үшін не қажет?
- өсімдіктер адам өміріне қаншалықты әсер етеді?
- егер өсімдік болмаса жер бетінде не болар еді?
Дәптермен жұмыс
1 - тапсырма:
Өсімдікке қажетті жағдайлар
2 - тапсырма:
Қайсы өсімдік суды көп қажет етеді?
Тест тапсырмалары:
1. Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар:
В) жарық, ауа, су, қорек, жылу
2. Өсімдік:
Б) тұқымнан дамиды
3. Топырақ арасындағы өсімдік мүшелері:
Ә) тамыр
4. Өсімдікке сабақ не үшін керек?
А) Тамырдан қоректік заттарды басқа мүшелерге жеткізу үшін
5. Құрғақ жемістерге:
А) бидай, түйебұршақ
«Ойлан әрі талқыла» әдісі бойынша топтық жұмыс.
1 - топ: Топырақ неліктен бұзылады? (күтім болмаса, жаңбыр мен қардың мөлшерден көп болуынан)
2 - топ: Топырақты қорғау үшін не істеу керек? (таза ұстау, құнарландыратын жағдайлар жасау)
3 - топ: Топырақтың құрамына нелер жатады? (көң, құстың саңғырығы,
шымтезек, қарашірік)
Барлық топ: Топырақтың қандай түрлері бар? (қара, сор)

IV. Бекіту
"Ой түйіндеу" кезеңі
«Құм, тас, су» ойыны.
Ойынның шарты: «Құм»дегенде әр жерде оқушылар шашыраңқы болып отырады, «тас» дегенде өз қолымен мүсін жасап қатып қалады, «су» дегенде толқын болып қозғалады.

V. Қорытынды.
«Даналық қоржыны» әдісі арқылы су туралы берілген мақал - мәтелдерді құрастырып, оқу, мағынасын ашу.
1 - топ. Су - тіршіліктің көзі
2 - топ. Судың да сұрауы бар
3 - топ. Сулы жер - нулы жер
Сонымен бүгінгі сабағымызда нені білдік?
* Өсімдік өсу үшін қандай қажеттіліктер бар екен?
* Топырақты тыңайту үшін нелер керек?



© 2010-2022