Шегіртке мен құмырсқа (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шегіртке мен құмырсқа (2 сынып)Шегіртке мен құмырсқа (2 сынып)Шегіртке мен құмырсқа (2 сынып)Шегіртке мен құмырсқа (2 сынып)Шегіртке мен құмырсқа (2 сынып)Шегіртке мен құмырсқа (2 сынып)Шегіртке мен құмырсқа (2 сынып)Шегіртке мен құмырсқа (2 сынып)Шегіртке мен құмырсқа (2 сынып)Сабақтың тақырыбы : «Шегіртке мен құмырсқа»

Сабақтың мақсаты :

Білімдік : Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиғаны , идеяны түсіндіру ; Шегіртке мен құмырсқа жайлы білімдерін кеңейту ;

Дамытушылық : Оқушылардың сөйлеу тілін , тұлғалық қабілетін , шығармашылығын дамыту ;

Тәрбиелік : Жақсы мен жаманды ажырата білуге , жалқаулық , еріншектік қасиеттен аулақ болуға тәрбиелеу ;

Сабақтың түрі : Дамыта оқыту ;

Сабақтың әдісі : Интерактивті тақта, тостер, ассосация , дөңгелек үстел , пікір , ой қозғау стратегиясы ;

Сабақтың көрнекілігі : ,кесте ,тест (тостер) т.б.

Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі

А)Психологиялық дайындық

(Музыка әуенімен бір - біріне жақсы тілектер айтып , сәттілік тілеу )

2. Қызығушылығын ояту ( Ой шабылуы)

1-топ тапсырмасы : « Жамандық дегеніміз не ? Абайдың қандай нақыл сөзін білесіңдер ?

2-топ тапсырмасы : Шегіртке туралы білетіндерін қағазға түсіру . ( кластер )

3-топ тапсырмасы : Құмырсқа сөзінен ассосациялық аймақ құру ;

Зерттеу жұмыстары : Шегіртке ,құмырсқа туралы қосымша мәліметтерді тыңдау;

- Балалар , шегіртке мен құмырсқа туралы білетіндеріңді еске түсіріңдер.

Енді білгенімізді топтастырып ВЕНН диограммасын құрастырайық .

Құмырсқа Шегіртке

3. Жаңа сабақ

- Авторы кім ? ( Орыс жазушысы И. Крылов)

- Ол туралы не білесіңдер ?

- Осы мысалды қазақ тіліне аударған кім ?

(А. Құнанбаев )

-Абай атамыз туралы білетінімізді еске түсірейік .

3.1. Мәтінмен жұмыс

а) Мұғалім оқиды .

ә) Сұрақтар қою .

-Шегіртке жазды қалай өткізді ?

- Шегірткенің жазғы күні жағдайы қалай болды ?

-Ол құмырсқаға неге келді ?

- Шегіртке қандай сылтау айтты ?

б) Оқулықпен жұмыс . ( Рольге бөліп оқыту . Автор , шегіртке , құмырсқа )

Осы мысалды неше бөлімге бөлуге болар еді ?

Шегіртке мен құмырсқа

Күннің суытуы Шегірткенің тоңуы

Құмырсқаны іздеп табуы Өкінуі

3.2.Шығармашылық тапсырма : ЭССЕ жаздыру

4. Ой қорыту : ( өмірмен байланыс)

- Мысалдан қандай ой түйдің ?

- Өмірде жақсы адамдар болады ма ?

- Мақалдардың жалғасын табу . Толықтыру .

5. Сабақты бекіту :

Ой толғаныс . Сын тұрғысынан ой қозғау : 1- топ : Шегірткеге мінездеме беру . Шегірткеге ұқсағыларың келе ме ? 2-топ . Сендерге құмырсқа ұнай ма ? Несімен ұнайды ? 3- топ . Ситуация .

6. Тестпен жұмыс.

1. Мысалдың аты

а) қарға мен түлкі

ә) түлкі мен қырғауыл

б) Шегіртке мен құмырсқа

2. Мысалды қазақ тіліне аударған кім

а) Ы. Алтынсарин

ә) А. Құнанбаев

б) М.Дулатов

3. Оқиға орны .

а) Орманда

ә) Ағаш басында

б) Өзенде

4. Кейіпкерлер

а) Шегіртке мен құмырсқа

ә) Түлкі , қоян , қасқыр

б) Қарға , мысық , тышқан

5. Кімдікі дұрыс деп ойлайсыңдар ?

а) Шегіртке

ә) Құмырсқа

б) Қарға 6. Мысал қалай аяқталады ? а) Құмырсқа шегірткені аяды. ә) Шегірке құмырсқамен бірге тұрды . б) Құмырсқа шегірткеге ақыл айтты . 7. Қандай қорытынды жасауға болады . а) Еңбекқор болу керек . ә) Бос жүріп өмір сүруге болады . б) Қиын жағдайда көмектесу керек . 6. Сабақты қорытындылау : -Егер сен автор болсаң мысалды қалай аяқтар едің ?
Бағалау : Үйге тапсырма : Сурет салу


© 2010-2022