Қош бол, құтты әліппем ! атты 1-сыныпқа арналған ертеңгілік

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:« Қош бол,құтты әліппем!»
Мақсаты:Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тексеру. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту.Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бір - бірін сыйлауға, өзін - өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі:
Тақырып жазылған, мазмұнды суреттер, әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе әріптер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулығының макеттері, слайдтар.
Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата - аналар. Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!
Бүгінгі біздің 1 - сынып оқушылары әзірлеген «Қош бол, құтты әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Өсті міне бойларың
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
1 - оқушы
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң
Әліппемен қоштаспақ
Мұғалім:
- Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?

Оқушылар хормен:
Болашаққа жол ашар,
Ол - сүйікті Әліппе,
Ол - сүйікті Әліппе!

Мұғалім:
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе

Әліппе ортаға шығады:
- Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!

Мұғалім:
- Балалар, өнер - білімнің барлығы да мектептен басталады.
- Біздің білім алатын ордамыз - мектеп.
-«Мектеп - кеме, білім - теңіз». Мектеп - екінші үйіміз, себебі, біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді, бір аптаның алты күні мектепте өтеді.

1 оқушы: Мектебің мынау, сыныбың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.

Ән: «Үйретеді мектепте»

1оқушы:Бар кітапқа бас болған

Әліппе -ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

2оқушы:Әліппем,менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
3оқушы: Әліппені құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет.
Дақ түсірмей бір бетке.
4оқушы: Алфавитті үйрендік,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
5оқушы: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертегі,
Үйретті оны Әліппе.

6оқушы:Жақсы кітап -Әліппе

Үйретеді әріпке.

Қуыршақпен қоштастым.

Әліппемен достастым.

А-дан бастап әріпті

Түгел маған танытты.
7 оқушы:Қош бол,құтты «Әліппем»
Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

Ән: «Әліппе»

1оқушы:Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сомдар алтыннан

«Әліппе» -білім бесігі.

2 оқушы: «Әліппе » деген - алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес,ауыр жол.

Тырмысып бақ намысқа.

3 оқушы:Оқуды көп ойладық .

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат ашып,тойладық

4оқушы:Барлық әріп бағалы

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды.

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті

Ардақтайды ,қолдайды.

(Ортаға үш оқушы шығады.)

1оқушы:Алфавиттің Атұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасына

Байқадың ба,

Б тұрады үшінші

Ал осының

Сыры неде түсінші?

2 оқушы : А деген ол -

Аналар ғой ардақты,

Ә деген ол -

Әкелер ғой салмақты.

Б деген ол -

Балалар ғой әдемі

3 оқушы : Алшақ кетпей ,

Сондықтан да

Тұрады олар

Алфавиттің басында

Ән : «Әліппе»№2

Әліппенің 1-ші тапсырмасы.

Жұмбақ жасыру.
42 жауынгер
Сапын түзеп тұрады,
Бүлдіршіндер қауымы
Сырын терең ұғады. (Алфавит)

Жазу жазып жалықпаған,
Жаза - жаза арықтаған. (Бор)

Алты қырлы,
Алтын сырлы. (Қарындаш)

Үйреткен ілімді,
Қырық екі білімді. (Алфавит)

Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама. (Кітап)

Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты,
Өзін де құртты. (Өшіргіш)
2 оқушы: «Әліппе»даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
Ән: « Мұғалім ол біздің»

Әліппенің 2-ші тапсырмасы.

Буындардан сөз құрастыру.

«Әліппеге мың алғыс » .

Әліппенің 3-ші тапсырмасы. «Кім тапқыр » деп аталады.

«Әліппе » деген сөздің әрбір әрпіне мақал -мәтел ,жаңылтпаш немесе тақпақ айтуымыз керек.

Мұғалім:
- Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң - қуанып, ренжісең - жұбататын асыл адам - Ана!
- Ана - біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау - біздің парызымыз.
Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата - аналарымыздың үлесі бар. Ендеше біздер ата - анамызға ризашылығымызды білдіреміз.
1оқушы: Ана - ол біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысын Отанды да
Ана деп біздің халық текке айтпаған.
2оқушы: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт, беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Ән: «Ақ мамам»
Мұғалім: - Балалар! Сендер әліппемен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар, сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.


- Математика ғылымдардың атасы деген.
Ендеше математикадан алған білімдеріңді тексерейік.

Тапсырмалар: «Математика еліне саяхат»
«Жұмбақ есеп » сайысы: (математика: Ата-ана, балаларға).
1. Торда үш қоян бар еді.Үш оқушы бір-бірден қоян алды. Сонда тақтада әлі де бір қоян қалды. Ол қалай? (Ж: біреуі торымен алған).

2.Табақта үш алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма? (5 бес)

3.Бес бұтақты қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер сайынға,
Сонда қалды неше алма? (Қайыңда алма өспейді).

4.Көлден ұшты жеті қаз, 5. Жаңа ғана шалғында,
Қайтып қонды екі қаз, Алты бұзау жүр еді.
Қонбады оның нешеуі ? Әлде шаршап қалды ма,
Кәне, кім тез шешеді? (7-2=5) Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып? (6-1=5)
6.Тепсең-ақ секіріп,
Ұстатпай қашады.
Бір жерге бекініп,
Тұра алмай сасады. (доп).
7.Күн мен түн қалай басталады? (кезекпен)
8.Адам есектен неге құлайды? (жерге).
9.10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10)
10.Адам несіз өмір сүре алмайды? (ауасыз, сусыз, тағамсыз).
11.Сен және мен, біз екеуміз қосылсақ қанша боламыз? (екеу)
12.Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға)
13.Қарға ұшады, ал ит құйрығына отыра ма? (Ит жуас болса, құйрығына қарға қонып отырады).

Ән : «Көңілді күн»

Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шағырайық.

Ана тілі:

Армысыңдар жас достар!
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын,
Түсіндірер бәріңе
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігі

1 оқушы: Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген.
Халқын сүйіп жарытпас.
2оқушы. Ана тілі ұраным,
Ана тілі-құралым.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
3оқушы.Ана тілің - біліп қой,
Бостандығың теңдігің.
Ана тілің - біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Ән : «Сәлем,Қазақстан !»

Әліппе:- Ал, енді мен сендермен қоштасамын, Қош болыңдар балалар. Сабақты жақсы оқыңдар.
«5»- болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.

Хор:- Қош бол, қош бол
Құтты Әліппе.

Құттықтау сөз.
Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз .

Құттықтау сөз кезегін директордың ОТЖ жөн-і орынбасары Балабекова Гүлмира Тыныбековнаға беріледі.

Бүгінгі күн тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар

Ал ендігі құттықтау сөз кезегі ата-аналарға беріледі.







© 2010-2022