Тәрбие сағаты: «Алтын күз» спорттық ойын-сауық

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КМҚК «Дәншік» балабақшасы

Самар ауылы 2013 жыл

«Алтын күз» спорттық ойын-сауық

Тәрбиеші: Кунанова А.Д.

Мерекенің өту барысы.

Денешынықтыру инструкторы балаларды залға кіргізеді.(Зал безендірілген.Еденде жапырақтар жатыр,жасанды ағаштар тұр.)

Денешынықтыру инструкторы: - Балалар,қазір қай жыл мезгілі?

Балалар (хормен): - Күз!

Денешынықтыру инструкторы: - Балалар,күз туралы ән салайықшы.

Балалар,күз туралы ән айтады.

Денешынықтыру инструкторы: - Күз келді,жел соқты,ағаштардан жапырақтар түсті. (Еденде шашылған жапырақтар жатыр.) Өздерін таңдаған кез келген 2 жапырақ алыңдар. Қазір,біз күзгі жаттығу жасаймыз.

Жалпыдамыту жаттығулары:

  • (Әртүрлі жапырақтар) - алдымызға жапырақтарды тербетеміз.

  • (Жапырақтар жерге түседі.) - ақырын отырамыз, жапырақтармен қозғалып,тұрамыз.

  • Жел соқты.-Алға иілу,қолды оңға,солға,жоғары, төмен көтеру.

(Жапырақтар айналады)- Жапырақтармен бос қимылдар. Аяқтың ұшымен айналады.

  • Тыныс алу гимнастикасы «Самал жел».

  • Жел боламыз -мұрынмен демаламыз,ауызбен у-у-у-у деп дыбыс шығарамыз,дем шығарамыз.

  • Жел күшейді,тынышталды,ақырын,ақырын.

-Күз келді.

Күз:- Сендер мен туралы айтып жатырсыңдар ма?

Мінекей,мен де келдім!- Күзгі сәлем,достар,сіздерге!

Сендер менімен кездескендеріне қуаныштысыңдар ма? Орман киімі сендерге ұнай ма?

-Күзгі бақтар мен саябақтардағы менің сыйлықтарым, қандай жақсы!

Жапырақтармен би.Музыкамен залда жүгіреді,айналады.

Біреудің жылаған дауысы естіледі.

Ширмадан қоян шығады.

Қоян: - Маған,өте суық,жақында қыс мезгілі де келеді.

Күз:-Қоянжан,уайымдама,қазір балалар сенімен ойнайды,сен жылынасың.

Балалар шеңберге тұрады.Қоянның қимылын қайталайды.

Өзіне-өзі массаж жасау.

Қоян қолдарын жылытады. (алақандарын ысқылайды,әрбір саусақтарын ысқылайды)

Құлақтарына массаж жасап,жылынады.Мұрындарын жылытады.Маңдайын жылытады.

Күз:- иә,сонымен,қоян,жылындың ба?

Қоян: -Мен жылындым,енді сендермен ойнағым келеді.

Балалар 2 топқа бөлініп,команда бойынша секіріп барып, сәбіздерді алып,жүгіріп,орындарына келеді.Қай топ тез болады.

Қоян: - Ой,балалар,сендерге көп рахмет менің қысқы азығымды жинап бердіңдер. Балалар,сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?Айтып беріңдерші,ал мен тыңдайын.

Күз балалардан көкөністерді жинап беруді өтінеді.

Балалар 2 топқа бөлінеді.Залдың қарама-қарсы жағында көкөністер тиелген машина тұр.Машинада тиелген

көкөністерді жинап,себетке салады.

Қоян: жұмбақ жасырады.(тиін,қоян,түлкі туралы)

_Өзі айлакер өзі қу,

Жүрген жері айқай да шу.( түлкі)

Қоян: -Жарайсыңдар, балалар,сендер жылдам, батыл, тез қимылдап қана қоймайсыңдар,сонымен қатар ақылдысыңдар екен.

Денешынықтыру инструкторы: -Күзде жаңбыр жауа ма? Жаңбырдан бізді не қорғайды? (қолшатыр)келесі ойын «Қолшатырмен жүгіру»,- деп аталады.

«Қолшатырмен жүгіру»-қолға қолшатырды алып орындықтың үстінен жүгіру,шығыршықтан (обруч)шығыршыққа секіру,жүгіріп оралу және қолшатырды келесі балаға беру.

Қоян:-Балалар,жүріңдер «соқыртеке» ойнайық.Санамақ санау арқылы көзін байлайтын баланы таңдау.Орың көзін байлайды,ол балаларды ұстайды.Ұсталынған бала орындыққыа отыру керек.Ойын 3 рет қайталанады.

Күз:-Күз деген ол тек қана көкөністер мен жемістер, әлде жаңбыр жауу емес,балалар.Біз қоян екеуіміз сендерге сыйлық әкелдік.(жеміс толы себетті береді)Ал,енді бізге орманға қайту керек,сау болыңдар,балалар.

Денешынықтыру инструкторы: -Балалар,бізге де,топқа қайту керек.Сау болыңдар.

Балалар бір колоннаға тұрып,музыкамен залдан шығады.

1.Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

2.Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

3.Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді

Алтын астық - алтын тау.

4.Көбейді құт береке -

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке -

Алтын күзді тойлаймыз.

© 2010-2022