Ашық сабақ: Сынып: 5 Пән: Өзін-өзі тану Тақырыбы: Отбасы жарастығы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып сағаты:

Сыныбы: 5

Тақырыбы: Отбасы жарастығы

Түрі: Аралас

Мақсаты: Оқушылардың сыйластық,туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

  • отбасы жарастығы , татулығы туралы түсінік қалыптастыру

  • отбасында жағымды қарысм-қатынас жасау іскерліктерін

дамыту

  • өзара сыйластыққа тәрбиелеу

Әдіс -тәсілдер: әңгіме , сұрақ-жауап, сахналау, шығармашылық ойын,

Көрнекі -құралдар: үнтаспа , оқулық, жүрекшенің үлгісі, слаидтар

Сабақ барысы:

Шаттық шеңбері:

Барлығымыз ортаға шығып, «шаттық шеңберін» құрайық. Біз бір - бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың жылуын сезіне отырып, амандасалық. Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін барлығымызға жақсылық, көтеріңкі көңіл тілей отыырып, «Ана туралы » әнін үнтаспаға қосылып айталық..

(топқа бөлу)

Ал енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырамын.

Әңгімелесу:

Сөзжұмбақ шешу.

- Балалар , біз бүгін сендермен «Отбасы жарастығы» жайлы әңгіме қозғаймыз.

- Отбасы дегеніміз не?

- Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақсы туыс адамдар. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз.

- Сен отбасында кімсің?

- Мен отбасының мүшесімін , әке мен анамның баласымын , атамен әжемнің енемересімін.

-Отбасы мүшелері бір - бірімен қандай қарым -қатынас жасайды?

- Әңгімелеседі, бір -бірін сыйлайды, балалар үлкенді тыңдайды, бірге демалады.

-Отбасында қандай жағымды жақсы сөздер айтылады?

- Рахмет қайырлы күн, ас дәмді болсын, жолыңыз болсын, көріскенше , кешіріңіз.

- Иә, дұрыс айтасыңдар балалар , бір шаңырақ астында тұратындардың бір- біріне сыйластығы , махаббаты, бауырмалдығы , бір -бірімен ынтымағы татулығы , бірлігі отбасы жарастығын құрайды.

Шығармашылық жұмыс: МӘТІНМЕН ЖҰМЫС

Отбасы татулығы

Аңыз әңгіме

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар

саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Олар отбасы ерекше екен,отбасының өзара келісімде татулықта өмір сүруі елді таңды қалдырады. Оларды ұрыс-керіс дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған.

Патшаның көңілі толы, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

Қарт үнсіз ғана жүз рет «кешірім», жүз рет«бірлік» деп қағазға мұқият қағазға жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалады.

-Иә,- деді ақсақал.- Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,- деді де,сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қояды.

Сұрақтар.

1. Сендер қалай ойлайсыңдар-ауыл ақсақалы патшаға қандай жауап берді ?

2. Отбасындағы татулық пен бірлік болу үшін қандай қасиеттер қажет?

3. Өзгенің баласын өзіңдікіндей сүю кез-келген ананың қолынан келе ме?

Дәйек сөз

«Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілесің»

Ата-ана -туралы қандай дана сөздербі білесіңдер?

Сахналау «Сыйластық»

  1. Ата, әже болып ақыл айту

  2. Әке болып еркелету, ана болып мейірімді болу.

Мақалдың жалғасын тап.

1.Атаға қарап-... ( ұл)

Анаға қарап-... (қыз)

2.Ананың көңілі балада,...(далада)

3.Ата-ананың қадірін ... (Балалы болғанда білесің)

4.Атаның баласы болма ... (елдің баласы болма)

5.Анаңа ауыр .....(сөз айтпа)

6.Ұядан не көрсе,...(ұшқанда соны ілерсің)

Жұмбақтар шешу.

Түйіндеме

Отбасы - сүйіспеншілікті сезіне білуге үйретеді

  • жақсылыққа жетелейді

  • үлкендерді құрметтеуге , кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді

Қорытынды:

Көзімізді жұмып: өтке тақырыпты музыка әуенімен елестету.

  • Балалар ,бүгін біз не жайлы әңгімелестік?

  • Сабақ сендерге ұнадыма?

Мен сендерді ортаға «Жүректен -жүрекке» шеңберіне шақырамын.

Ал қазір сыныптастарыңның отбасына , шаңырағына жақсы тілектер айтайық.

Макин орта мектебі


Ашық сабақ: Сынып:5 Пән: Өзін-өзі тану Тақырыбы: Отбасы жарастығы

Тақырыбы: Отбасы жарастығы

Ашық сабақ: Сынып:5 Пән: Өзін-өзі тану Тақырыбы: Отбасы жарастығы


Мұғалім: Бокен. Ж




2015 жыл


© 2010-2022