Қазақ тілі сабағы. 3-сынып. тақырыбы: «Түбір және қосымшаның жазылуы»

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 19.01.16 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Түбір және қосымшаның жазылуы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Түбiр мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын қайталау. Түбiр сөзден қосымшаны айыра отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру;
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, өз ойын жеткiзе бiлу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды мәдениетті қарым - қатынасқа, әдептілікке, тәрбиелеу.

Сабақтағы көрнектіліктер: карточкалар, суреттер.
Сабақтың типі: Өткендi қайталау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдiсi: Топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындығын тексеру.

II. Психологиялық дайындық:
Бiз кiмбiз балалар? (Оқушылармыз)
Қандай уәде беремiз?
«5» болсын алар бағамыз,
Бiлiмнен бақыт табамыз,
Өнер бiлiм көп оқып,
Өсе берсiн санамыз.

III. Үй жұмысын тексеру:

5-жаттығу.

Берілген сөздерді жұрнақтар арқылы туынды сөзге айландырып жазу. Оқыту, талдау.

Қосымша дегенiмiз не? Мысал келтiр.
- Сөз құpaмына не жатады?
- Қосымша мен түбiр сөздi салыстыр.
- Түбiр сөз дегенiмiз не?
4) Көркем жазу.
Бүгінгі күнді және үлгі бойынша жазу.

ІІІ Мағынаны ашу
1) Сөздік диктант
Жұрнақ жалғанған сөздер Жалғау жалғанған сөздер
2) Топтық тапсырма Әр топқа жеке - жеке тапсырма беріледі.
І топ Түбір сөзге тиісті қосымшаны қосып жаз.
Тарақ ----- і
Кәсіп -----ы
күрек ----ы
Қалақ -----і
ІІ топ Берілген түбір сөзден бірнеше туынды сөздер жасап жаз.
Бала -лық,-(қай)
Оқу -лық,-(шы)

ІІІ топ Сызба бойынша сөздер тауып жаз.
Түбір + жұрнақ
Түбір +жұрнақ + жалғау
Түбір +жалғау +жалғау
Әр топ басшысы қорытынды жасайды.

3) Оқулықпен жұмыс
1- жаттығу.

Жуан буынды сөздер Жіңішке буынды сөздер

Қуан-ыш көр-шілер

дос-тар терек-тер

тау-ға. үлгі-лі.

Сөздердің түбірі мен қосымшасын табу.

Түбір сөздерге қосымша жалғанғанда көбінесе сөздің түбірі өзгермейді.

Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанған қосымша да жуан болады. Мысалы: домбыра+лар, тақта+да.

Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанған қосымша да жіңішке болады. Мысалы: көше+де, терезе+ден.

І топ

2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздердің қосымшасы қандай буында екенін айту.

ІV. Сергіту сәті.

ІІ топ

3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен жуан, жіңішке буынды сөздерді топтап теріп жазу.

ІІІ топ

4-көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып жазу


Мақалдың жалғасын тауып, мағынасын түсіндір.
Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
- Қандай жағдайда біз өз әдептілігімізді көрсетеміз?
- Автобуста, дүкенде...

V. Қорытынды. Не үйрендім? Жаңадан не алдым? Не ұнады?

VІ. Бағалау. «Менің бағам қандай?»

VІІ. Үй тапсырма: 5 - жаттығу.19- бет

Тексерілді:

Қазақ тілі 18.01.16 ж
Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз бен туынды сөз

Сабақ барысы.
І. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық
Баяу әуенмен «Балалық шақ» әуені ойналып тұрады.
Мұғалім:
Қатар - қатар тізіліп,
Оқушыға лайық
Қолымызды жіберіп
Түп - түзу боп тұрайық.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Отыруға нақпа - нақ
Дайындалдық бәріміз
1 - қатар жай отыр,
2 - қатар тез отыр,
3 - қатар сен де отыр.
Сабақ бастар кез боп тұр.

ІІ. Көркем жазу минуты.
Оқушылар дәптерді ашып, бүгінгі күннің ретін жазады
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
Дәптерімізді ашайық.
Көркем етіп жазайық.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. Жан - жақты білімдерін тексеру.
«Бал жинау» ойыны. Ойынның шарты: араларда жазылған жұрнақтарды сәйкес келетін гүлге қондыру. Жұрнақтарды жалғағанда қандай сөздер шықты? Бұл сөздерді туынды сөздер деп атаймыз. Себебі, жұрнақ арқылы бұл сөздерден жаңа сөздер шықты.

Жаңа сабақ. Түбір сөз және туынды сөз.
І. Қызығушылығын ояту кезеңі.

Семантикалық карта
----------
«Оқымай білім жұқпас, Білімсізден өнер шықпас». Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтарыңдағы 15 - беттегі 1 - жаттығуды таба қойыңдар.

Сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, туынды сөз жасау(-ім, -м, -пе, -шік).


Көкте...,көл..., өн..., кес... .

Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырып жазу.

ІV. Мағынаны тану кезеңі

Ереже:
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз. Мысалы: ерлік, татулық, жұмысшы.


Оқушыларды ПАЗЛ ойыны арқылы топтастырады. Оқушылар құрастырғыштың бір - бір данасын алады да, әркім өз суреті бойынша топтасады.
V.Топтық жұмыс
I топ.

2 - жаттығу. Мәтінді оқу. Туынды сөздерді теріп жазу.
II топ. 3-жаттығу. Төмендегі сөздерді сызбаларға сәйкес таңдап жазу.

Әнші, кітаптар, алша, кәсіпкерден.

Тағы да сызбаларға сәйкес келетін сөздер ойлап жазу.

IІІ топ.

4-жаттығу. Мәтінді оқу Туынды сөздерді теріп жазу, белгісін қою.

VI.Қорытынды

VII.Үйге тапсырма: 5-жаттығу. 16-бет





- Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
- Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?

4) «Мақалды тап» ойыны. Мына дөңгелекте бір мақал жазылған. Оны сағат тілінің бағыты бойынша екі әріптен қалдыра отырып оқысаң, мақалды табуға болады. Сонда мақалды қай әріптен бастап оқу керек? Ол қандай мақал? Мақалдың жалғасын тауып, мағынасын түсіндір.
Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
- Қандай жағдайда біз өз әдептілігімізді көрсетеміз?
- Автобуста, дүкенде...
ІІІ Ой толғаныс
1) Интербелсенді тақтамен жұмыс.
Суретпен жұмыс. Сурет бойынша автобус ішіндегі көріністі сахналап көрсетейік.
2) Айбек пен Әлиді салыстырып, Венн диаграммасына түсір.

Қорытынды. Өзіңе не алдың? Өз басыңда осындай жағдай болды ма?

3) Семантикалық карта.
Қосымшалы сөз Түбір +жұрнақ ---- Түбір + жалғау ------Түбір +жұрнақ +жалғау
Өнерпаздар
Құрылысшы
Балалар
Еңбегі
Қайратты
Қарны
Сабақ барысында алған ұпайлар саны жоғары бала күн сәулесін, ал кімде жіберілген 2 ден көп қатесі бар оқушылар жаңбыр тамшысын іледі.
УІ. Үй тапсырмасы Ертегіні жалғастырып көр, 5 - жаттығу 12 бет

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер

Сабақтың мақсаты:

1.Көп мағыналы сөздерді, олардың мағыналарын,омонимдерден айырмашылығын түсіндіру

2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру

3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап ,түсіндіру,әңгімелеу. Топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу сәті:
- Ақ көңілді жүрекпен
Ақ ниетті тілекпен
Амандасып алайық
Қонақтарға ізетпен
Психологиялық сәт:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
"5 "- ке қолды жеткізу!

ІІ. Топқа бөлу (жемістер)
Топқа жеміс тарату арқылы бөлінеді
Топ мүшелері өзін ара топ басшысын сайлайды
Топ басшысы әр кезеңде жауап берген балаға жеміс таратып отырады (қызыл алма - «5», жасыл жеміс- «4», сары жеміс - «3» баға қойылады.)

Берілген жемістерді оқушылар себетке салып жинап отырады.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

6-жаттығу. Көп нүктенің орнына қарамен жазылған сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып жазу.

Қайталау -оқу анасы

Қарама-қарсы мағыналы сөздер деген не?

- Антоним - мән мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. (күн - түн), (бақ - сор, жақсылық - жамандық), сапаның (жаңа - ескі), қимылдың (кіру - шығу), т. б. қарсы мәндегі сөздерді антоним деп атайды. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, «Көз - қорқақ, қол - батыр», «Өтірік - қаңбақ, шын - салмақ». Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты - аты өшті, жүрек жұтқан - су жүрек, соры қайнады - көзі ашылды.

Енді балалар, айтыңдаршы, дыбысталуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздерді қалай түсінесіңдер?

ІV. Жаңа сабақ

2.Жаңа сабақ құпиясы

Олай болса, балалар мына сөздердің мағынасына назар аударайықшы.

Тарақтың тісі, адамның тісі Көйлектің жағасы, көлдің жағасы

1.Қанат құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі. Алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.

2.Көзім ауырып дәрігерге көрініп жүрмін. Иненің көзіне жіп өткізе алмадым.

3.Сөздің басын арыдан бастады. Адамның басы- Алланың добы.

V. Дәптермен жұмыс:

1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, дыбысталуы бірдей сөздердің астын сызу.

I -топ. 2-жаттығу. Суретте бейнеленген заттардың атауымен бірдей дыбысталатын, бірақ мағынасы басқа сөздерді табу.

Қазақ тілі сабағы.3-сынып. тақырыбы: «Түбір және қосымшаның жазылуы»Қазақ тілі сабағы.3-сынып. тақырыбы: «Түбір және қосымшаның жазылуы»Қазақ тілі сабағы.3-сынып. тақырыбы: «Түбір және қосымшаның жазылуы»

IІ-топ. 3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

Керекті сөздер: баспа, бу, буын.

ІІI -топ. 4-жаттығу. Нақыл сөздерді оқу. Қарамен жазылған сөздердің басқа мағыналарын айту.

Нақыл сөздердің мағынасын түсіндіру.

ІV Сабақты меңгерту

4.Тапқыр болсаң, тауып көр.

Көп мағыналы сөздердің ішінен алғашқы мағынасын тапу.

А)Сөздің басы, жолдың басы, адамның басы, таудың басы,жұмыстың басы

Б)Кітаптың беті, адамның беті, судың беті, жер беті

В)сағат тілі , кітап тілі, орыс тілі, техника тілі, адам тілі

5. Кім көп біледі?

Көп мағыналы сөздердің қатарын жалғастыру.

1 Адамның аяғы,....

2 Домбыраның құлағы,....

3 Жараның ауызы,....

4 Пышақтың жүзі,.....

6. Келісіп пішкен тон, келте болмас дей келе кесте толтырайық.

Қарама- қарсы сөздер:

Көп мағыналы сөздер

V Сабақты қорыту

7.Ой толғау

Көп мағыналы сөздердің тілдегі рөлі қандай деп ойлайсың?

Өз пікіріңді жаз.

8.Сауатты болу -мақсатым

Құрамында көп мағыналы сөздері бар мақал - мәтелдерді жазу

Кісінің кілті- аспанда. Көңіл көзін сөз ашар. Қыз өмірдің-гүлі.т.б.

VІ Үйге тапсырма

9. Қоржындағы сарқыт

Көп мағыналы сөздерді тауып жазып келу.

5-жаттығу.

VІІ Бағалау

Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда дей келе топ басшылары топтастарына берілген жемістерін санап бағаларын айтады. «Келісемін», «Келіспеймін» әдісі бойынша мұғалім пікірлерді тыңдап, журналға баға қояды.
Оқушылар смайл түрін салып, сабаққа өз бағаларын қояды.
Ұнаған-ұнамаған жерлерін айтып, өз ұсыныстарын білдіреді.

Сарыбастау орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі: Дюсюпжанова Зухра Шамилханқызы

© 2010-2022