Шығармашылық саласы тақырыбы Көкөністер

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Топ: ІІ кіші сәбилер Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Көкөністер

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: күз айлары молшылық, береке сыйлайтынын, көкөністер мен жемістер пісіп, жиын- терін болатынын түсіндіру. Заттың нұсқасына қарай отырып мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

Керекті құралдар мен материалдар: жемістер мен көкөністердің муляждары, дайын үлгі ретінде көкөністер, ермексаздар, тақтайша, таяқша, қолорамал.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Армысың асыл күн,Армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым.

Қызығушылық білдіреді.Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

«Көкөністер мен жемістерді» ажырат дидактикалық ойыны. Ойын ойнау арқылы балалар көкөністер мен жемістерді ажыратады. Балалардан жылдың қай мезгілі екенін, күз мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер мен ерекшеліктері туралы сұрау. Күзде жемістер мен көкөністер пісіп, жиын- терін науқаны басталады. Күз мезгілі молшылықты, берекені білдіреді.Ермексаздан көкөніс жасаймыз. Жұмыс барысында балалар қай көкөніс түрін жасайтынын айтады.Көкөністің ол түрін жасау үшін ермексаздың қай түрін таңдайтынын айтады.

Оның пішіні қандай фигураға келетінін айтып, түсі қандай екенін анықтайды.

Неге ұқсайды?

Мысалы: домалақ- қызанақ, картоп, т.б.

Үшбұрыш- сәбіз, баклажан.

Қызыл, күрең, жасыл, қызыл сары ермексаз кесектерін жұмсартып аламыз.

Көкөністі жасау:

Қызанақ- қызыл ермексазды алып, домалатып, оның пішінін келтіру. Жасыл түстен жапырақтарын толықтыру.

Солай қияр, қызылша, сәбіз, бұрыштарды жасау.

Оқу іс- әрекетінің мақсатымен, тақырыбымен танысады.

Керекті құрал- жабдықтарды түгендейді, тексереді.

Жасалатын бұйым туралы білетін пікірлерін ортаға салады.

Ермексазбен жұмыс жасағанда сақтау керек тазалық ережелерін естеріне түсірді.

Жұмыс барысымен танысады.

Жұмыстың реттілігі бойынша бұйымды жасайды.

Рефлексивті - түзетушілік

Педагог дайын жұмыстарды балармен талдап , мадақтау, кемшіліктерді түзету жолын өздерінен сұрайды.

Жасаған жұмыстарын тәрбиешіге көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

  • күз айлары молшылық, береке сыйлайтынын, көкөністер мен жемістер пісіп, жиын- терін болатынын;

Нені игереді:

  • балалардың бірнеше бөліктен тұратын заттарды біріктіріп мүсіндей алуды үйренеді;

Нені біледі:

  • қатырмақағазға бедерлеу тәсілін орындауды.



© 2010-2022