Ана тілі Екі соқа

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімнің аты - жөні

Шабенова Жанат №18 орта мектебі №112 кабинет

1 «Б» сынып Оқушы саны:25

Күні

11.03.2015 жыл

Сабақтың тақырыбы

Бас әріптен басталып жазылатын сөздер.

Екі соқа. Сырдария

Сілтеме

Ана тілі пәніне арналған әдістемелік нұсқау.АКТ

Жалпы мақсаты

Бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы түсінікті кеңейту. Мәтіннің негізгі идеясын ашу.

Міндеттері

1.Тақырыпты өмірмен байланыстыратын мысалдармен ашу арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

2.Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру.

3.Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сто процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.

4.Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.

Күтілетін нәтиже

Кісі аттары, жер - су аттары бас әріптен басталып жазылатынын біледі.

Еңбек ету арқылы мақсатқа жететінін түсінеді.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқуға төселдіру.

2.Мұғалімнің тапсырмаға бағыттап отыруы.

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының біліміне, білетініне сүйену.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.

3.СТО арқылы сұрақтарды толық шешуге итермелеу.

Тапсырмалар

Мәтінді,өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету.

Сөздік жұмыс ( соқа,тот)

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалім немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

4 мин

Каспий,Есіл,Арал,Балқаш болып топтарға бөлу.

Оқушылар өзен,көл атауларымен топқа бөлінеді.

Психологиялық дайындық.

Ой қозғау

8 мин

«Елші» әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын әңгімелеу.

Ашық сұрақтар қою.

Бір - бірін мұқият тыңдайды.

Ережені хормен айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Жаңа материалды түсіндіру

8 мин

Суретпен жұмыс.

Соқа - жер өңдеу құралы. Оны ертеде егіншілік үшін бұқаға жегіп жер жыртқан

Екі соқаны Венн диаграммасы арқылы салыстырады.

Суреттен қазіргі жер жырту құралдарымен соқаны салыстырады.

Әр топ өз ойларын ортаға салады, жұппен немесе жеке қорғайды.

Теріп алу стратегиясы.

Екі соқа мәтінін түсініп оқиды.

Мәтіннен бас әріптен басталған сөздерді табады.

Мағынаны тану

8 мин

1.Сырдария өлеңін мәнерлеп оқиды.

2.Өлеңнен кісі аттарын жазады.

3.Өлеңнен өзен аттарын жазады.

4.Өздері білетін өзен,көл аттарын атайды.

Әр топ сұрақтарға топпен,жұппен немесе жеке жауап береді, постер қорғайды.

Сергіту сәті

3 мин

« Қарлығаш» ойыны

Оқушылар қимылмен көрсетеді.

Шығармашылық жұмыс

5 мин

Еңбек туралы қандай

мақал - мәтел білесіңдер?

Мақалды оқыту,түсіндіру.

Білетін мақалдарын айтады.

Әр топ ойласып, өздеріне ұнаған жердің,судың атын қатыстырып сөйлемдер құрайды.

Бағалау

3 мин

Бақылау,бағалау.

Алдарына берілген бағалау парақшасы бойынша, өздерін және өзара бірін - бір бағалайды.

Оқушының аты - жөні

Топта сөйлеп, өз ойын айтқандығын бағала

Белсен ділігін бағала

Мұғалімнің бағалауы

1

2

Үйге тапсырма

2 мин

102 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, бас әріппен жазылған сөздердің астын сызады.

Күнделікке жазады.

Кері байланыс

4 мин

-Екі соқа қайдан істеліп шықты?

-Біреуі кімнің қолына түсті?

-Егінші соқамен не істеді?

-Ал екінші соқа не істеді?

Оқушылар сұрақтарға ойланып жауап береді.



© 2010-2022