Қазақ тілі пәні. Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалім

Карабалиева Қ.Қ.

Сынып

3

Пән аты

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Тұрлаусыз мүшелер.

Сабақтың мақсаты



Сабақтың әдіс - тәсілі

Сабақтың көрнекілігі

а) Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгеру. Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру. Оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру

ә) Оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

б) Оқушыларды өз ана тілін сүюге, халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі - өнеге алуға, сол арқылы кішіпейілділік, қайырымдылық, кеңпейілдік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.

Топтық жұмыс, сұрақ - жауап, ой қозғау.

суреттер (төрт түлік), слайд,электронды оқулық.

Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Үй тапсырмасын тексеру



ІІ.Жаңа сабаққа кіріспе

III.Жаңа сабақ.







Сергіту сәті

Оқушыларды тыныштатып, зейіндерін сабаққа аудару.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

65 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Әңгімеңе ат қой.

Құраған сөйлемдеріңнен тұрлаулы мүшелерді тап.

Өздерің үлкендерге көмектесесіңдер ме?

Өткен сабақты қайталау
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің қандай мүшелерін білесіңдер?
3. Сөйлемнің қандай түрлері болады?
4. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
5. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
6. Лепті сөйлем дегеніміз не?

«Ой қозғау»

Суретпен жұмыс.
Төрт түлік туралы сөйлемдер құрастыру.

Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? қайда?

т. б. сұрақтар қойылады.
Мысалы:
Айгүл гүлді суарды.
Қонақтар төрге отырды.
Біз ұшаққа міндік.
Арман жұмысқа кірісті.

Көркем жазу.

Әә Әә Әә Әә

Әмір Әсел Әзім Әділбек

Әмір-өнер түлегі,

Әдемі етік тігеді.



66 - жаттығу "Ой қозғау"
Ауызша орындалады.
Екі бағанадағы сөйлемдерді салыстырып оқу.
1 - топ: Жадыра келді. / Жадыра қалаға келді.
2 - топ: Қоңырау соғылды. / Қоңырау қайта - қайта соғылды.
3 - топ: Мал өседі. / Мал төлден өседі.
Су ақты. / Су арықпен ақты.
Ой шақыру

67 - жаттығу
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.
Қарамен жазылған сөздер бастауышқа қатысты ма,
баяндауышқа қатысты ма?
«Қызыл өрік» әніне билеу.

Өз бетімен жұмыс
68 - жаттығу.
Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.

Ала қарға қарға қонды,

Қара қарға жарға қонды.

Шығармашылық жұмыс
1 - топ: Өтірік сөз жанға қас
2 - топ: Ашу - ақылдың дұшпаны
3 - топ: Талапты ерге нұр жауар
Әр топ өздерінің мақал - мәтелдерін оқып, мазмұнын ашады.

71-жаттығу.

Суретке қарап,әңгіме құра.

Құраған әңгімеңнен тұрлаусыз мүшелерді тап.

Қорытынды бөлім



Семантикалық карта толтыру.

Сөздер ----------------- Тұрлаулы мүшелер --------------------- Тұрлаусыз мүшелер
қызық
таза
жүгірді
жақсы
күз
гүлді

Бағалау

Үйге тапсырма 70-жаттығу (79-бет),ереже жаттау (78-бет)



© 2010-2022