Сабақтың тақырыбы: Қар астындағы ұялар (аңшының әңгімесі) 3 сынып Ана тілі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

3 сынып Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Қар астындағы ұялар (аңшының әңгімесі)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қандай құстар қар астына ұя жасайды және олардың қыстағы тіршілігі жайлы біліп - тану.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз бетімен мәтінмен жұмыс жасау арқылы тәжірибе жасап үйренеді, , өз пікірін ортаға сала отыра көпшілікпен пікір алмасады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: диалогты оқыту әдісі, Сыни тұрғыдан оқу мен жазуды дамыту технологиясы, талдау, жинақтау, сұрақ - жауап, жұмбақ шешу, логикалық тапсырмалар, жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, бейнелеу, музыка
Ақпараттық құралдар: интерактивті тақта, компьютер.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.
«Шаттық шеңберіне» шақыру
Сәлем саған күн нұры,
Сәлем саған жер - ана.
Сәлем саған достарым,
Сәлеметсіз бе мұғалім!
1) «Миға шабуыл» тақтадан сурет көрсету арқылы есте сақтағандарын айтқызу.
Жеке жұмыс.
Проблемалық сұрақ қою: Бәріне ортақ логикалық сұрақ қойылады?
Сауысқанды атқанда неге қарға құлады?
Оқушылардың ойын тыңдау.
Жұппен жұмыс.
2) «Сөз бұлты»(түсіндірмелі сөздер) кестесін толтыру
Сөздер----- Менің ойымша ------- Дұрыс жауабы ------- Сөз тіркестері
Қырат
Таса
Шілдер
Жайбарақат
Ғайып
Ызғырық
Омбылай - омбылай
Шым-шытырық
Сұқсам
Дүмімен
Шолақ
Кеуек
3) 3 қатармен жұмыс
1 - қатар «Желтоқсан» айы
2 - қатар «Қаңтар» айы
3 - қатар «Ақпан» айы
Жұмбақтар шешу:
1. Қыс та бар да, жазда жоқ.
2. Тал басында,
Түндіксіз отау.
3.«Ненің ізі?» ойыны. Берілген суреттен құстың ізін тап:
Мәтінмен жұмыс.(Болжау стратегиясы)
Мәтінді үш бөлімге бөлу. Әр бөлімді топтарға тарату. Мәтін бөлімдерін топтар іштей оқып шығады. 1 оқушыдан дауыстап мәнерлеп оқыту
Құстар неге қар астына ұя жасайды екен соны білгілерің келе ме?

Қыстың аязды ашық күні еді. Мен мылтығымды иығыма асып, таудан төмен түсіп келе жаттым. Бет алдымдағы қыратта қар үстінде бір топ шіл көрінді. Мен ағаштардың тасасымен шілдерге қарай беттедім. Екі көзім соларда. Тесіліп қарап келемін. Шілдер мені көрген жоқ. Еш нәрседен қауіптенетін емес. Оларды көріп мен де жайбарақаттыққа түстім. Асықпай жүріп келемін, шілдерге анда-санда ғана қарап қоямын.
Әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар?

Осылай жүріп келе жатып шілдерге көзімді тағы да тіктім. Бірақ олар көрінбеді. Міне, ғажап! Шілдер қайда ғайып болды. Олар ұшып көкке көтерілген жоқ. Қар үстімен жорғалап, басқа жерге де кеткендей болған жоқ. Үлкен арша ағашының түбінде отырып біраз демалдым. Шілдер жүрген қыратқа көз алмай қараймын. Бірақ олар көрінер емес. Кешікпей солтүстіктен ызғырық жел тұрды. Күн бірте-бірте суыта бастады. Мен орнымнан тұрып қайтадан жаңағы шілдер жүрген қыратқа қарай аяңдадым. Қыратқа қалың қар түсіпті. Омбылай-омбылай шілдердің ізіне де жеттім. Шым-шытырық көп ізге үңіле қарап, біраз тұрдым. Қар үстіндегі іздердің арасынан әр жерден іннің аузына ұқсас тесіктер көзіме түсті. Ішіне қолымды сұқсам, жып-жылы. Қардың астына әдейілеп ін жасаған сияқты. Мен әлгі іннің маңын аяғыммен таптап, мылтығымның дүмімен ашып тазалауға кірістім. Көп кешікпей, бір шіл ұстап алдым.
Қардың құстарға қаншалықты пайдасы бар екендігін білгілерің келе ме?

Шолақ тонымды тастап, жұмысқа кірістім. Қар асты тармақ-тармақ ін екен. Кейбір жерлер дөп-дөңгелек, үп-үлкен, бейне бір қоянның кеуегі тәрізді қуыстар да кездеседі. Олар қыстың суығынан қорғанатын шілдердің ұялары екен. Сөйтіп мен осы жолы шілдер жасаған қар астындағы ұяларды көрдім. Қай жерді ашсам да, жер беті де, шөптер же жып-жылы. Құр, кекілік сияқты құстар да осылайша қар астына кіріп суықтан қорғанады. Қоян да кеуегін осылайша қар астына жасайды екен. Ал тышқандар қыстыгүні қар астындағы індерінде жатып балалайды. Мұның бәрі, әрине, қардың жануарлар мен өсімдіктерді суықтан қорғайтынын көрсетеді.

4) Блум таксономиясы.
1. Талдау.
2. Жинақтау.
3. Бағалау.
Күтілетін нәтиже: Әр топқа проблемалық сұрақтар қою арқылы әр топ өз пікірін параққа жазады(10 минут)
Рефлексия жасау
Сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы бейнелеу.
Үйге тапсырма беру:


© 2010-2022