Күз кереметі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ертеңгілік:

Күз кереметі

Сыныбы:МАД

Мұғалімі:Оспанова Г

Мақсаты:Күз мезгілі жайында оқушылардың білімін кеңейту,күз мезгілінің ерекшеліктерін есте сақтауға үйрету.Табиғатты аялауға, өз өлкесін сүюге,еңбекадамдарының еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.Оқушының тіл байлығын дамытып,ойлау қабілетін арттыру.

Барысы:Мұғалімнің құттықтау сөзі.

Мұғалім: - Балалар, далаға қараңдаршы. Қай жыл мезгіл? Қане, күз айларын кім айтады? Жыл мезгілдерін кім атайды?

- Ендеше, балалар, қазір күз мезгілі болғандықтан бүгінгі ертеңгілігіміз де күз туралы болмақ. Балалар, сендер күз туралы осы уақытқа дейін көп оқып білдіңдер. Ендеше, күз дегеніміз не?

- Күз дегеніміз - байлық, молшылық. Жазира даланың дарқан дастақаны.

- Күз - еңбек кезеңі. Олай дейтініміз күзде егін, шөп, астық, жеміс-жидек піседі.

- Күзде қысқа дайындық басталады.

Хор: «Алатау» әні.

Жүргізуші: Күн суытты

Жердің беті сап-сары

Кілем жайғандай

Бұл қай кезде болады?

Айтолқын:жайдары күз,жомарт күз,

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр

Мерейлі күз,мырза күз

Сыйлығыңа ырзамыз.

Ақжан:Бүгін мейрам бүгін той,

Қуаныш күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды ұрып қой.

Мерей:Берекелі күз келді

Мерекелі күз келді.

Күз жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

Қол соғып Күзді шақыру.

Күз:Армысың,асыл күн!

Армысың асыл жер!

Армысыздар,апайлар,

Армысыздар балалар!

Себеттің ішіндегі сарыалтын жапырақтарды шашу ретінде айналаға шашады.

Ермұханбет:Қалың астық жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз,мың алғыс

Алдық өнім сыйыңды.

Қарақат:Артты құт пен береке

Астық толы қоймамыз

Салтымыз той мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

Ахмет:Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген

Ұнатам күзді мен.

Би: «Қара жорға»

Күз:Армысыздар,балалар,

Күзгі бақтағы қонақтар.

Өздеріңе әкелдім

Күздің сыйын көз тартар.

Балалар:Сізге рақмет!

Жүргізуші:Күз,мына сыйлықтарыңды балаларға берсек болама?

Күз:Бұл сыйды еңбек етіп жеңіп алулары керек.

Өйткені күздің сыйлары жемістерде, көкөністерде,

тек адамның еңбегінің арқасында болады. Сондықтан

сіздерге жұмбақтар жасырамын:

1.Дәмі аузыңнан кетпейді,

Қызыл алма шырын бал

Көктей тісің өтпейді,

Піскен кезде үзіп ал.(алма

2Ағайынды бәрі

Шықса жасыл,

Түссе сары.(жапырақ)

3Көк лағым көгенде жатып семіреді

4Алтын сары тоны бар

Қойнында дәні бар

Не екенін тауып ал.(бидай)

Күз:Ал,енді балалар менің сендерге алып келген ойындарым бар.Алдымен менің сұрақтарыма жауап беріңдерші.

Жемістер қайда өседі?

Көкөністер қайда өседі?

Олай болса менің себетімде көкөністер мен жемістер бар.Кезекпен келіп алып кім не алғанын және қайда өсетінін айтады.Дұрыс тапқан балаларға сыйымнан беремін.

(Балалардың тақпақтары айтылады.)

Күз:Рақмет, балалар.Дұрыс жауап бердіңдер.

Ән: «Жау-жау жаңбыр»

Орындайтындар:Айтолқын,Арайлым,Айдана.

Күз:Енді ойынымызды бастайық.

Ойын: «Шарды жару» деп аталады.Менің алдымда үрілген шарлар жатыр,сол шарлардың үстіне отырыпжарамыз.Бірінші жарған балаға сыйымнан беремін.

Жүргізуші:Рақмет,Алтын күз.Біздің балалардың дасізге қояр сұрағы бар.

Дамир:Ерте

күз деп қай кезеңді айтамыз?

Күз: Ерте күз деп күз мезгілінің басталғанын айтамыз.

Қарақат:Ал,Алтын күз деп қай кезеңді айтамыз?

Күз:Алтын күз де айнала сары алтынға боялады.

Бағдаулет:Қара күз деп қай кезеңді айтамыз?

Күз:Ағаштардың жапырақтары түсіп,шөптер қурап,жер қараяды.

Соны қара күз деп айтамыз.

Жүргізуші :Рақмет Алтын күз,енді төрімізге шығып балалардың

өнерін тамашалаңыз.

Жүргізуші: «Күзгі жиын» көрінісін тамашалаңыздар.

Дамира:Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән шаштықта

Қап-қап астық алдық біз.

Нұрдәулет:Нан атасы бидаймын

Елге ырыс жинаймын,

Дәнім толып піскенде

Қауызыма сыйммаймын.

Жүргізуші:Алтын күздің ең асыл,ең қымбатты дәмін алыңыздар

нан ұсынылады.

Хор: «Сарбаздар» әні

Мағжан: Күнді сүйген күрішпін

Күллі жұртқа ырыспын,

Алсын деп ел мол өнім

Ала жаздай су іштім.

Іңкәр: Алақай,алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті,дән пісті

Айтамыз алғысты.

Би: Әсел

Дамир: О,балалар балалар

Қоңырқай күз болыпты.

Гүл жапырақ солыпты

Ел егінін орыпты.

Әсел:Жер берді жемісті

Күз келді келісті.

Күз байлық береке

Алтын күз мереке.

Арайлым:Күз келіпті дегенше

Мереке болсын дегейсің!

Қонаққа келіп тұратын

Апайларымыз көбейсін.

Алтын күз:Енді менің сіздермен қоштасар сәтім де болып қалды.

Айналйын балалар,

Мерекеміз бүгінгі

Естен кетпес күн болды.

Бәріңізге бақыт тілеймін.Сау-саламатта болыңыздар!!!

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

№149 «Қызылту» орта мектебі


© 2010-2022