Тәрбие көзі - салт-дәстүр

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Әдебиеттік оқу пәнінен сыныптан тыс сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тәрбие көзі - салт-дәстүр

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу.

Сабақтың міндеті: Ұлттық тәрбиені оқушылардың бойына сіңдіру . Білімді болуға, адамгершілікке, шапшаңдыққа, намысты, жігерлі болуға тәрбиелеу. Сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту, ұлттық тәрбиенің ерекшелігін үйрету. Қызығушылығын арттыру.

Түрі: сыныптан тыс сабақ

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, мақал-мәтелдер, АКТ, видеоролик, ән

Сабақтың әдісі: ой қозғау, қызығушылықты ояту, сұрақ-жауап, түсіндіру, жұптық жұмыс жасау, класстер құрастыру


Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі А) амандасу

Психологиялық дайындық.
Әрбір адам? Досым, сыныптасым
Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену.
Әрбір ісіміз? Тірлік, тірек, еңбек,
Әрбір сөзіміз? Шындық, бірлік, адалдық.

Қызығушылықты ояту

-Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеймін! Балалар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Сондықтан қонақтарымызға өз білімдерімізді көрсетейік. Енді балалар сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз экранға назар аударамыз. Экрандағы сөзжұмбақты шешіп, бүгінгі сыныптан тыс сабағымыздың тақырыбын ашып алайық.

С 1. Ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім? Ы.Алтынсарин

А 2. Өмірде болған адамның басынан өткен әңгіме. Аңыз

Л 3. Ананың құшағы қандай? Жылы

Т 4. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған адам. Ахмет Байтұрсынұлы

Д 5. Ең соңғы жыл атауы. Доңыз

Ә 6. Әкеңнің шешесі кім? Әже

С 7. Отбасыңдағы әке атауы. Отағасы

Т 8. Атадан қалған асыл мұра. Ертегі

Ү 9. Қартқожа атты кейіпкері бар жазушы. Жүсіпбек Аймауытов

Р 10. Мұсылман халықтарында жаңа жыл тойланатын ай. Наурыз


  • Балалар сөзжұмбағымыздың ортасынан қандай сөз шықты?

  • Салт-дәстүр дегеніміз не? Қазақ халқы - салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Салт - дәстүр дегеніміз - халықтың ұстанымдарының жиынтығы. Салт-дәстүрлер мен ырымдар халықтың өмір-тұрмысынан, дүниетанымынан туындайтын құбылыс. Ата-ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдepі озық дәcтүрлeрге жатады.

  • Салт - дәстүрге нелер жатады?

Оқушылардың жауабы (тұсау кесу, бесікке салу, шілдехана, сүндет той, үйлену тойы, бата беру, сүйінші сұрау, тілашар т.б.)

  • Балалар бүгінгі сыныптан тыс сабағымыз не жайында болмақ деп ойлайсыңдар?

  • Қазақтың салт - дәстүрінде көп мән-мағына бар. «Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» дегендей, әдепті де, тәртіпті де, тәрбиені де қазақтың салтынан үйренуге болады. Себебі салт-дәстүр тұнып тұрған тәрбие.

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Тәрбие көзі салт дәстүр деп аталады. Бүгінгі мақсатымыз заман өзгерсе де ұлттық салт -дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу.

-балалар бүгінгі сыныптан тыс сабағымыз төрт кезеңнен тұрады.

І кезең: «Мақал - сөздің мәйегі»

ІІ кезең: «Сандар сыры»

ІІІ кезең: «Ойлан, тап»

ІҮ кезең: «Суреттер сөйлейді»

-ендеше бірінші кезеңге кезек берейік: Мақал-сөздің мәйегі, яғни мақал-мәтелдерді жартылай нұсқасы беріледі, ары қарай дұрысын тауып, жалғастырамыз. Қане, барлығымыз экранға назар аударайық.

1. Жеті атасын білмеген...................(жетесіз)

2. Туған жердің күні де ыстық..........................(түні де ыстық)

3. Бақа көлінде

Балық суында

Жігіт елінде ..........................(патша)

4. Ұрлық түбі .................(қорлық)

5. Талапты бала - ..........................(талпынған құстай)

Құмары қанбас .........................(аспанға ұшпай)

6. Оқу инемен ............................. (құдық қазғандай)

7. Әдепті бала ата-анасын..............( мақтатар,)

Әдепсіз бала ата-анасын.............( қақсатар)

8. Бір күн дәм татқанға ..........................(қырық күн сәлем)

9. Атаңа не қылсаң, ..............................(алдыңа сол келер)

10. Құтты қонақ келсе....................(қой егіз табады.)

-сонымен балалар сендермен екінші кезеңімізге де келіп жеттік. Бұл кезең сандар сыры деп аталады. Қазақ халқы киеге өте үлкен мән берген. Табиғаттың кейбір апаттарын, кейбір жануарлар мен құстарды, тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп есептеген.

Халқымызда Киелі жануарларға арқар, киік (ақбөкен), құндыз, төрт түлік мал жатады. Киелі құстарға аққу, ұлар, тырна, үкі, бүркіт, дәуіт, қарлығаш жатады.

Қазақ халқында "киіктің де киесі бар", "иттің иесі болса, қасқырдың тәңірі бар" деген мақал-мәтелдер соның айғағы. Киелі жануарлар ды аулауға, атуға рұқсат етілмейді. Ұларды атсаң - ұлардай шулап қаласың деп түсіндіреді.

Сондай -ақ қазақ халқының өмірінде ерекше сипат беретін жиі қолданылатын сандар өте көп. Олай болса біз қазір сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Яғни, әр жұп мына жерден жасырын қағаздарды ала отырып өздеріңе белгіленген сандардың сырларын, олардың қасиеттерін ашып бересіңдер. Экранға назарт аударайық өздеріңе ұнаған түсті таңдай қойыңдар. Ендеше , әр жұп өздеріңе белгіленген сандардың сырларын, олардың қасиеттерін ашып бересіңдер.

Қызыл түс- 3

Көк түс 7

Жасыл түс 4

Сары түс - 5

  • Сендерге 5 минут уақыт беріледі. Алдарыңда тұрған ақ қағазға орындаймыз.

Үш санына байланысты:

Үш жүз - ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз.

Үш арсыз -күлкі, ұйқы, тамақ.

Үш тоқтам - ой, ақыл, шешім,

Үш із-бала, байлық, бақыт.

Үш би - Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би

Үш қадірсіз - жастық, денсаулық, жақсы жар.

Үш қадірлі - ырыс, бақ, дәулет.

Үш тәтті - жан, мал, жар.

Үш қуат - ақыл, жүрек, тіл.

Төрт санына байланысты:

Төрт түлік-түйе, жылқы, қарамал, қой-ешкі.

Әлемнің төрт негізі- от, су, ауа, топырақ.

Төрт құбыла- батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік.

Төрт мұхит- Үнді, Атлант; Тынық, Мұзды.

Төрт тоқсан- көктем, жаз, күз, қыс.

Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу.


Жеті санына байланысты бірнеше атаулар бар.

Жеті қазына - ер жігіт, сұлу әйел, ілім -білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, түзу мылтық.

Жеті жетім- тыңдалмаған сөз жетім, иесіз жер жетім, киюсіз киім жетім, басшысыз ел жетім, жерінен айрылған ер жетім, замандасы жоқ адам жетім, аққу-қазсыз көл жетім

Жеті ата - әке, бала, немере шөбере, шөпшек, немене, туажат.

Жеті жұт - құрғақшылық, мал қырылуы, өрт, оба ауруы, соғыс, топан су, зілзәла.

Жеті жоқ - жерде өлшуіш, аспанда түйреуіш, тасбақада талақ, Аллада бауыр, жылқыда өт, таста тамыр, құста сүт жоқ.

Бес санына қатысты:

Бес қару- садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар.

Бес саусақ- басбармақ, сұқ саусақ, ортан саусақ, аты жоқ саусақ, шынашақ.

Бес асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

Бес дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.

Бес парыз: таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ақшам намазы, жашиық намазы.

Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз.

Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн.

Сергіту сәті: -қане, балалар барлығымыз орнымыздан тұрып бой сергітіп алайық. Ақ бұлақ.

-үшінші кезең Ойлан тап деп аталады. Балалар өзінің атында тұрғандай қазір экранға шағын бейнебаян тамашалаймыз, сендердің міндеттерің осы бейнебаян қандай салт-дәстүр туралы екендігін ойланып өз сөздеріңмен қысқаша мәлімет бересіңдер.

(бейнебаян көрсетіледі, оқушылардың жауаптары тыңдалады.)

  1. Босаға майлау дәстүрі,

  2. Көкпар ойыны,

  3. Ата кәсіп Құсбегілік жайында,

  4. Асық ату ойыны.


  • Келесі кезең Суреттер сөйлейді деп аталады. Бұл кезеңнің шарты мен сендерге суреттердің бөліктерін таратамын. Сендер оны құрастырып, сол өздерің құраған суреттерді қорғап шығасыңдар.

1-жұп Бесікке салу

2-жұп Ұзату той

3-жұп Тұсау кесу

4-жұп Бата

-Сенің ойыңша бұл қай салт-дәстүр?

-Оған дәлелің қандай?

Бауыржан Бата береді.
Б А Т А
Еліңнің елеулісі бол!
Халқыңның қалаулысы бол!
Ақылыңа көркің сай,
Ата-анаңның самғар құсы бол!

Иә, жаратқан жар болып,
Сендерді бәле-жаладан сақтасын!
Елің сені мақтасын!
Терең білім, терең ой ,
Сеннен алшақ жатпасын!
ӘУМИН

  • «Токсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген сендер сияқты әрбір жас ұрпак болашакта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт- дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.

Еліміздің жарқын болашағы сіздердің колдарыңызда. Олай болса Бекпалинова Саниядан әдемі ән сұрайық.

-Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ашық болсын күніміз,

Ашылады нұрымыз.

Бай тұлғалы өңірде,

Айтылады жырымыз! - деп бүгінгі сыныптан тыс сабағымызды аяқтаймыз.


© 2010-2022