Төлен Әбдіков «Қонақтар» ( 8 - сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

07.04.2015

Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков «Қонақтар»

Сабақтың мақсаты: 1.Төлен Әбдіков өнегелі өмір жолына шолу жасау. «Қонақтар»

хикаятын оқып-талдау барысында ұлттық сананы қалыптастыру

2. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, білімді өз беттерімен

алуға жетелеу. Іздендіру, зерттеу жұмыстары арқылы

шығармашылық ізденістерге дағдыландыру. Көркем сөйлеуге,

шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Сөз өнерінің асыл қасиеттерін түсініп, оны қадірлеуге, ата-ана

алдындағы парызды ақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: салыстыру, дәлелдеу, жинақтау,іздендіру, модель қорғау, зерттеу, табу, мәтінмен жұмыс (Қ.Бітібаеваның «Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясының» элементтері б.ша)
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, қосымша материалдар
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып ,сабаққа зейіндерін аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Төлеген Айбергенов «Ана» , «Аруана-бауыр дүние»

ІІІ. Жаңа тақырып

Төлен Әбдіков «Қонақтар» ( 8 - сынып)

Төлен Әбдік

Төлен Әбдік (04.09.1942 ж., "Еңбек" ауылы, Жангелдин ауданы, Қостанай облысы) - жазушы, драматург, қоғам қайраткері.

Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1965). "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, "Жалын" альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977 - 79 жылы "Қазақфильм" киностудиясының бас редакторы, Қазақстан КП ОК-інде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, онан кейінгі кездері "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан жазушылар одағына 2-хатшысы болды. 1994 ж. ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 1997 жылдан ҚР Президенті аппаратында ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Төлен Әбдіковтің "Райхан" атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың "Таңғы шық" әңгімелер жинағында (1964) жарияланды.[1] Сонан бергі кезеңде "Көкжиек" (1969), "Күзгі жапырақтар" (1971), "Ақиқат" (1974), "Айтылмаған ақиқат" (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары, Қазақстандағы ұжымдастыру науқанының қасіретін суреттеуге арналған "Өліара" (1985), "Ақшоқыда қыс қатты" (1987) романдары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарық көрді. "Біз үшеу едік" атты драма шығармасы Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар және жасөспірімдер театрындақойылды. "Ақиқат" атты кітабы орыс тіліне (1981), жекелеген әңгіме, повестері украин, өзбек, қырғыз тілдеріне тәржімаланды. Әбдіков шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән-мағынасына философия тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді.[2] Жастық шағында еркін күрестен спорт шеберлігін орындаған. Сондай-ақ, домбырашылар оркестрінде күйші болған.

«Қонақтар» әңгімесінің басты тақырыбы - адамгершілік,баланың ата-ана алдындағы мәңгілік перзенттік парызы.Сапабек тәрізді қалада тұратын оқыған азаматтың ата-анасына салқын,жасанды қарым-қатынасы.


«Қонақтар» әңгімесінің компазициялық құрылысы

Басталуы

Байланысы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі

Ерғабыл қарттың арманы

Ата - ана сағынышы, қонақтарды қарсы алу

Сапабектің әңгімесі

Қонақтарды шығарып салу

Ерғабылдың реніші

Кейіпкерлері:

Портрет.

Мінездеу

Ерғабыл қарт Тома

Жеңіс Ауыл адамдары

Аспандияр Кемпірі

Сапабек

а) Сапабек - ат жақты, қапсағай сары жігіт

ә). Тома - омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек киген,

шашын қидырған, топ-толық ақ сары, ажарлы келіншек

б). Жеңіс- аяқ-қолы шидей, көзі қитар, алтылар

шамасындағы ұл бала

Ерғабыл қарт .

Мейірімді, арманшыл, төзімді, қажырлы, еңбекқор, баласын жақсы көреді, ақылды

Сапабек.

Қуыс кеуде, саяз ойлы, мақтаншақ, өркөкірек, парызын түсінбейді, салт-дәстүрді білмейді, қатігез

Сабақты бекіту. Сұрақ -жауап әдісі)

IV.Үйге тапсырма
әңгіменің мазмұнын түсіне отырып оқу,



© 2010-2022