Алғашқы қоңырау 1-сыныпқа арналған әдеби монтаж

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Алғашқы қоңырау» мерекесінде бірінші сыныптың сценарийі Музыка әуенімен ойнап келе жатқан балалар дауысы естіледі. Осы кезде 2-3 балдырған (қолдарында добы, қуыршағы, машинасы бар) өзара таласып келіп ортаға кіреді. II-жүргізуші: Ойын қуған, жүрген думан бұл кімдер? Сылдыраған балаң тілмен естіледі бір үндер. 1-балдырған: Руслан Мамам айтқан күзде мектепке барасың деп, (…..) Көп-көп оқу құралдарын аласың деп.
2-балдырған: Риза Онда мына машинаңды неге тастамайсың? (…....) Сен әлі еш нәрсені түсінбейтін кішкентайсың. 3-балдырған: Диар Жоқ, ол жетіге толды, (…......) Үлкен бала болды. Мына қуыршақты, машинаны Бөпесіне сыйлайтын болдық.
Балалар ойыншықтарын бөпелеріне береді. Осы арада мектепке бара жатқан 2-сынып оқушылары ортаға келіп қосылады. Айғаным: Балалар, мектепке бармайсыңдар ма? (….....) Руслан: Мектеп.Мектеп деген ол не өзі? (…..) Оның бар ма мұрны, аузы, көзі? Алсу: Мектеп - ол үлкен орда, Оқимын дегеннің бәрі сонда. Диар: Онда не береді? Менің де барғым келеді. Айғаным: Жетіге толсаң, ойын қумай бос текке, (….......) Оқисың, әрине, сен де мектепте. Риза: Мектептен үйрендің сен нені? (.................) Көп пе оның сендерге бергені? Алсу: Мектепте бәріміз білім аламыз, Жан-жақты дамып өседі санамыз. Біз секілді ағылшын тілін меңгересің Айғаным: Мектепте домбыра қағуды үйренесің, Үйірмеде билегенде бір ғажайып күйге енесің. Ән сабағына қатысып ән айтасың, Интернетке кіріп жаңалықпен қайтасың. Спорттың неше түрімен шынығасың, Қарның ашса, асханада сусын ішіп тынығасың. Алсу: Бүгін 1- қыркүйек білімнің күні, Сыңғырлайды мектепте қоңырау үні. Мектебім мінеки, ақ ордам тым асқақ, Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап. Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына, Шығайық біз бірге білімнің шыңына.
I жүргізуші: Қадамыңа гүл бітсін деп ал халқым, Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың. II жүргізуші: Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді, Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.
Хор: «Мектеп-ана».

1-оқушы: Ақмерей Сәлем, саған мектебім, Алғыстарым көп менің. Оқу, білім, тәрбие Ой санама еккенің.
2-оқушы: Руслан Қуаныш бүгін - мереке, Шуағын шашып тұр әлем. Мектепке келген алғашқы, Жан досым, саған мың сәлем.
3-оқушы: Айғаным Бірінші қыркүйек күні мен Аңқыған жұпар гүлімен Келіп ем, қарсы алар мектебім Сүйкімді қоңырау үнімен.
4-оқушы: Диар Биыл мен де мектепке Біріншіге барамын. Мақтанбаймын мен текке, Дайын дәптер, қаламым.
5-оқушы: Айсұлу Мектепке енді барамыз, Біз оқушы боламыз. Жақсы оқып сабақты, Кілең бестік аламыз.
6-оқушы: Ерасыл Алдыңа келіп, ұстазым, Тұңғыш қалам ұстадым. Күлімдеген көзіңнен Мейіріңді сезіндім.
7-оқушы: Риза Отанның біз ұл-қызы, Халықтың біз жұлдызы. Оқимыз ақын-жырларын, Оқимыз еңбек сырларын.
8-оқушы: Шыңтүлек Сылдырлайды, сыңғырлайды Мектеп жақта қоңырау. Ұмытпаймыз бұл бір айды, Гүлге толы омырау. 9-оқушы: Мөлдір Гүл толы қала, дала да, Гүл толы бүгін омырау. Шақырып мектеп - анаға, Соғылмақ тұңғыш қоңырау
10-оқушы: Жантемір Мектебің мынау класың Осында он жыл тұрасың Тарыдай болып кіресің Таудай болып шығасың. Ән тамашалаңыздар. Айғаным мен Айсұлудың орындауында «Мектебім»

4



© 2010-2022