Конспект по казахский на тему Тіл дамыту: Ф. Оңғарсынова Бата беру

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Әдебиет 1
Тақырыбы:Тіл дамыту: Ф. Оңғарсынова Бата беру Мақсаты:1. Бата туралы түсінік беру,қазақтың салт- дәстүрлерлері туралы кеңейту. 2.Ақыл -ойын байыту, тіл байлығын көбейту.3. Әдептілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Көрнекілігі:суреттер Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену. Түрі:аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік II.Үй тапсырмасын тексеру: Әдептілік әліппесі III.Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау IY.Жаңа сабақ:Ф. Оңғарсынова. Бата беру. Кіріспе әңгіме. Мәтінді оқып беру. -Кім туралы оқыдық? -Анасы Әсемді қайда жұмсады? -Үлкендер Әсемге қандай бата берді? Бата туралы: Батаны жасы үлкен кісілер береді. Батаның мағынысы жақсы тілек тілеу. Түрлері өте көп: ұл балаға бата, қыз балаға бата, жас жұбайларға бата, туған күнге бата,тойларға берілетін бата, сапарға бата т.б. Y.Оқулықпен жұмыс: тізбектей оқыту, іштей оқыту. YI.Дәптермен жұмыс: Жортқанда балам жолың болсын, Қалтаң ділдәға толсын! Бір толмасын,жылда болсын, Өмір-жасың ұзақ болсын! Қатарыңнан озған ерен бол, Көл түбіндей терең бол! Сынай қалса - құлақ сал, Мақтай қалса - керең бол! YII.Бекіту:Бүгін не білдік? YIII.Үйге тапсырма: оқып, түсінігін айту. Бағалау,



© 2010-2022