Урок Дені саудың -жаны сау 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Денсаулық -зор байлық Мақсаты: Салауатты өмір салтын жөніндегі ұғымдарын кеңейту,денсаулықтың адам үшін зор байлық екенін ,әркім өз денсаулығының өорғаушысы екенін түсіндіру.Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақыру. Көрнекіліктер: Мақал-мәтелдер ,кітапшалар,суреттер Барысы: Денсаулық-адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас,жоғалса орнына қиындықпен келетін,орны толмас асыл қазынасы.Біз осы жаңа ғасырдан күтетін үмітіміз көп.Сондай-ақ қазіргі заманда адам ағзасына тиер залал да жетерлік.Тірі ағзаға тиер экологиялық үш фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге сүйелдей болып көрініп тұратыны анық. Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы ,білімі мен әл-ауқатына баса назар аударылып,ерекше аталып өтілгені біздің азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынын көрсетсе керек. Салауатты өмір салтының мақсаты - өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде.Ішімдік, нашақорлық - адамның жауы.Бұл жолдан аулақ жүру керек.Басты байлық денсаулық екендігін түсіну керек. Әр адам өз денсаулығына немқұрайлы қарамау керек. Тамақтанудың өз күн тәртібіне байланысты болуы керек. Дұрыс демалыс таппаған ағза ешқашан сау болмайдыКүнделікті тәртіппен ұйықтап ,тамақтанып дене тәрбиесімен айналысу керек. Ауру адамдармен бірге тумайды.Археологиялық қазбалардан шыққан ерте заман адамдарының қаңқаларын зеттегенде қазіргі аурулардың бірі де табылмаған.Адам табиғаттың төл тумасы болғандықтан биологиялық заңдылықтарына бағынуға міндетті.Өзін әрқашан сергек сезінген ұстамды адамдар әрқашан өз жасынан әлдеқайда жас сезінеді ,жас көрінеді. Қазіргі кезде әр түрлі химиялық қоспалары бар тағамдар көбейіп кетті,оны жиі пайдаланатын осы сендер сияқты балалар,бирақ оның адам өміріне қаншалықты зиян әкелетінін ешкім ойламайды.Сол себепті тағам жерде оның сапасына да көңіл бөлу керек.Адам тек ұннан жасалған тағамдарды жеу асқазанның жұмысына ауыртпалық әкеледі. Жеміс -жидектерді жуып жеу,орнымен пайдаланып, көкөністерді тағам құрамында қосып жеу ағзамызға пайдалы. Адам ағзасы күнделікті дәрумендермен толығып ,оттегімен қамтамасыз етілуі керек. Сол себепті жеміс -жидек көкөністер қажет.Таза ауамен тыныстап ,дене тәрбиесімен шұғылдану,орнымен тамақтанып,ұйықтау керек. Денсаулықтың кепілі -тазалық.Адам тағам ішер орнын,өзінің жеке бас тазалығын сақтау керек.тамақ ішер алдында қолды сабынмен жуу керек. Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер: Денсаулықтың қадірін , Ауырғанда білерсің.

Жарлының байлығы,денінің саулығы. Демі бардың- емі бар. Ауруын жасырған өледі. Тазалық -саулық негізі, Саулық -байлық негізі. Туа мүкіс жазылмас Әр мақалдың мағынасын ашып түсіндіру.Оның тәрбиелік мәнін айтып,мысалдар айту. Қорытынды:Балалар сонымен адамның денсаулығы өзінің денсаулығына қалай,қарайтынына, тамақтануына, демалысына салауатты өмірді салтын қаншалықты ұстанатынына байланысты.Сондықтан денсаулықтарыңды дұрыстап күтіп, аялаңдар!Дені саудың, жаны сау!

© 2010-2022