Дүниетану пәнінен ашық сабақ Өсімдіктер (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Апсаликова Айгуль Машраповна


Пәні: Дүниетану

Сынып: 1

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер.

Сабақтың мақсаты:

1. Өсімдіктер түрі көп болғанымен, негізінен бүкіл өсімдік үш топқа бөлінетінін оқушылардың жас ерекшелігіне лайықты деңгейде түсіндіру. Қосымша материалдарына сүйене отырып, оқушылардың өсімдік туралы білімдерін кеңейту.

2. Іздендіру тапсырмалары арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіру, іздену қабілеттерін арттыру, қызығушылықтарын ояту. 3. Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы, пайдасы туралы мағлұмат бере отырып, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың жабдығы: Өсімдік топтарын бейнелейтін суреттер.

Күтілетін нәтиже: оқушылар жұпта, топта жұмыс жасайды, бақылауға, салыстыруға дағдыланады.

Нені білу керек: Өсімдік және оның түрлері туралы біледі.

Нені түсіну: Өз беттерімен ізденуге, өз ойын жинақтай алуға, еркін жеткізуге, сабақта алған білімдерін тиімді қолдана білуге үйренеді.

Қолдануын білу: Оқушылырдың өз ойын жинақтай алуы, еркін жеткізуі, сабақта алған білімдерін, тиімді қолдана білуі.Баланың сөйлеу тілі қалыптасады.


Сабақ барысы:

Тапсырмалар

уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Кіріспе бөлім


Негізгі бөлім





Сергіту сәті

Электрондық оқулықпен жұмыс.


Қорытынды бөлім

Рефлексия

Бағалау

Үйге тапсырма

2 мин

3 мин


20 мин





1мин

6мин

6мин

2 мин

2мин

2 мин

Тренинг: «Амандасу.Тілек тілеу»

Тақырыпқа шығу. Суреттер ілінеді. Қайсысы артық? деген сұрақ қойылады.

-Қайсысы артық? Неге артық?

  • Өсімдіктер табиғаттың қандай денесіне жатады?

  • Біз оларды неге табиғаттың жанды денелері дейміз?

  • Өсімдіктер өсу үшін не қажет?

Мақсат қою.

- Өсімдіктер туралы не білгілерің келеді?

Жаңа тақырыпты меңгеру.

1. «Өсімдіктер» тақырыбы бойынша мәліметтерді оқушыларға бөліп беру. (1-2 сөйлемнен)

1.Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? (ағаштар, бұталар, шөптер)

2.Ағаштар мен бұталар қайда өседі? (орманда, бақта, саябақта)

3.Ауыл мен қала көшелерінде қандай ағаштар сән беріп тұрады? (қарағаш, тал, жөке, қайың, емен).

4.Гүлдерге нелер қонады? Не үшін қонады?

5.Шөптектес өсімдіктер қайда өседі? (барлық жерде)

6.Ерте көктемде гүлдейтін гүлдер. (бақбақ, қоңыраугүл, қызғалдақ, бәйшешек).

2. «Сәйкестендіру».

Шөптер:

Бұталар:

Ағаштар:

Неліктен ағаш, бұта, шөп?

Ағаштардың ең басты ерекшеліктері: биік, діңі бар, бұтақтары, сабақтары мықты, жуан

Бұтаның басты ерекшеліктері: ортақ діңі жоқ, бойы аласа, сабақтары жіңішке

Шөптесін өсімдіктердің басты ерекшеліктері: бұтақтары болмайды, сабақтары жұмсақ, олар кез келген жерде кездеседі.

-Тілектес ауылында қандай өсімдіктер өседі?

Мектеп ауласында қандай өсімдіктер өседі? Қарағаш қанша? Қайың қанша? Бөртегүл қанша? Қарағай қанша? Қарақат қанша?

Ағаштарды атағанда - оқушылар қолдарын жоғары көтереді. Бұталарды атағанда - қолдарыңды белдеріне қояды.Шөптерді атағанда - қолдарын шапалақтайды.

Емен, қарақат, раушангүл, қайың, бәйшешек, шырша, қоңыраугүл, жусан.

Өсімдіктердің жануарлар тіршілігінде алатын орны туралы электрондық оқулықтан видиоматериал көрсетіледі.
- Өсімдіктер адамға не үшін керек?

(Таза ауа, тамақ, баспана, көлеңке, денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, мейірім)

«Экологиялық ережелерді» құрастыру.

А) Гүлдерді бекер жұлма
Б) Дәрілік өсімдіктерді дұрыс жина
В) Шөртерді аяқпен таптама
Г) Бұтақтарды сындырма
Д) Ағаштардың қабықтарын зақымдап алма

«Келісемін», «Келіспеймін» әдісі.

  1. Өсімдік - жанды дене.

  2. Қайың - шөп.

  3. Бөртегүл -ағаш.

  4. Өсімдіктің адамға зияны көп.

  5. Ағашта ғана дің бар.

«Смайликтер» Жасыл түс - өте жақсы, көк түс - орташа, қызыл түс - түсінбедім дегенді білдіреді.

Бақылау, іздену әдісін пайдалана отырып «Сарапшы парағын» толтыру. (бір өсімдікке байл)

Оқушылар назарын сабаққа аударады.

Оқушылар артық заттарды атайды , оларды да топтастырады.

«Өсімдіктер»

Оқушылардың жауаптары.

Оқушылар сабаққа мақсат қояды

Мәліметтерді оқиды.

Сұрақтарға жауап береді.

Жауаптарын топтастырады.

«Шөптер», «Бұталар», «Ағаштар». Ортақ.

Топтық жұмыс.

Оқушылар ұсынылған өсімдіктерді 3 топқа бөледі және оны дәлелдейді.

Оқушылар бақылағандарын, көргендерін айтады?

Сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар тиісті қимылдар жасайды.

Оқушылар видиоматериалды көреді.

Сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар білімдерін тиянақтап «Өсімдіктер» тақырыбы бойынша экологиялық ережелер құрастырады, постерге суреттерін салады.

Оқушылар берілген жағдаятқа:

Келіссе - бір қадам алға

Келіспесе - бір қадам артқа жасайды.

Оқушылар «смайликтер» арқылы өз жұмыстарына баға береді. Келесі сабаққа алдына қандай мақсат қоятынын айтады.


© 2010-2022