Ашық сабақ на казахском языке Сүт қалай ұйықтады

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Ашық сабақ на казахском языке Сүт қалай ұйықтадыАшық сабақ на казахском языке Сүт қалай ұйықтадыАшық сабақ на казахском языке Сүт қалай ұйықтадыАшық сабақ на казахском языке Сүт қалай ұйықтадыСабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? (Ертегі.) Сабақтың мақсаты: Білімділік «Сүт қалай ұйықтады? », өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту. Өз ойына қорытынд жасай білуге дағдыландыру. Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін, байланыстыра сөйлеу дағдысын дамыту. дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. .Салауатты өмір салтына баулу Әдіс-тәсілдері: Топтық жұмыс, кері байланыс Пайдаланылған модульдер: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпта психологиялық жақсы ахуал орнату. Сыныпты топқа бөлу.Смайликтер арқылы топқа бөлінді.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнге

Үй тапсырмасымен жұмыс: Үйге берілген Ы.Алтынсариннің «Салақтық» тақырыбын «Алма жинау» ойыны арқылы сұраймын

1. Мәтіннің авторы кім?

2. Ол туралы не білесің?

3. Әңгіменің басты киіпкері кім?

4.Керім қандай адам?

5.Керімнің бойындағы жақсы жәнежаман қасиеттері?

6.Тазалық сақтауда адам өміріндегі маңызы қандай?

7.Салақтық сөзіне қарама-қарсы мағынадағы сөзді ата

8. Берілген мақал-мәтелдерден осы мәтіндегі оқиғаға сай келетін нақыл сөзді ата.

ІІІ. Тақырыптық байланыс: Біз өткен сабақтарымызда қандай жаман әдеттен аулақ болу керектігін білдік? еріншек тәкаппар мақтаншақ

жаман әдет





өркөкірек өсек
жалқаулық ұйқышылдық тәртіпсіздік
ІҮ.Жаңа сабақ. Оспанхан Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады? (Ертегі.)
Ой қозғау: Жаман әдеттің бірі - ұйқышылдық екен. Неге? талапсыз сабақтан кешігу

ұйқышылдық


жігерсіз жұмысы өнбейді


Автор жайлы мағлұмат беру. Оспанхан Әубәкіров - сыншы, сықақшы. Тамаша әзіл-сықақ театырының негізін салушы. Оның шығармаларында қоғамға жат қылықтар өткір тілмен сыналады. Балаларға арналған шығармалары өте көп.1934жылы 4-мамырда Алматы обылысының Жамбыл ауданында дүниеге келеді.1986 жылы дүниеден өткен Ү.Мәтінмен жұмыс. а) Электрондық оқулықтан жаңылтпашты,ертегіні тыңдатамын ә) Мәтін туралы түсінік б) Дауыстап кезекпен оқыту. в) Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту.

ҮІ. топтық тапсырма:

І топ: Ертегіде ненің әрекеті суреттелген,кейіпкерлерін ата?

Сүттен қандай тағамдар алынады және оның пайдасы

Оспанхан Әубәкіров кім?

ІІ топ: Ел жұрттың сөзін тауып оқы.

Сүтке байланысты ырым-тиым сөздер айт.

Оспанхан Әубәкіров туған жері

ІІІ топ: Ертегіден мақалды тауып оқу мағынасын түсіндіру.

«Ұйқы дұшпан» сонда ұйқының пайдасы жоқпа?

Оспанхан Әубәкіровқай жылы туған?

ҮІІ. Жеке жұмыс « Сүттің пайдасы» тақырыбында шығарма

ҮІІІ.Бекіту сұрақ-жауап

1.Ертегіде ненің әрекеті суреттелген?

2.Сүттің аянышты халін кім байқады?

3.Сүт неліктен жылады?

4.Ұйқтаймын деп сүт қандай күйге үшырады?

5.Осы ертегіден нені түсіндік,қандай мағлұмат алдық?

6.Ертегідегі негізгі ой қандай?

ІХ. Кері байланыс:

Оқушылар сабақтан алған әсерін стикерге жазып, пікір ағашына апарып іледі.

Үйге тапсырма: Өлеңдерді мәнерлеп оқу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.


© 2010-2022