3-Сынып Қазақ тілі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

3-Сынып Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Я,Ю әріптерінің жазылуы Сабақтың мақсаты: Білімділік: й*у дыбысының орнына, «ю» әрпі, йа дыбысының орнына «я» әрпі жазылатынын еске түсіру, қайталау; Дамытушылық: Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру; Тәрбиелік:Сауатты жазуға дағдыландыру; Сабақтың Түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ- жауап, түсіндіру Сабақтың көрнекілігі:сурет, ребус Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру; Психологиялық ахуал: -Балақайлар, орнымыздан тұрып мені тыңдап , соңымнан қайталаңдар.

Армысың асыл күн

Армысың асыл жер,

Армысың досым Міне менің қолым-деп бір-бірінің қолдарынды ұстап, іштей жақсы тілектер тілеңдер. Үй тапсырмасын тексеру -Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

Кім үй тапсырмасын оқимын дейді?Қандай жаттығу берілді?

(Балалардың жауабы тыңдалады.)

Жаңа сабақ

-Балалар,мен үш қатарды үш топқа бөлдім.

  1. Топ. Қи қию II.Сөз ойлау III. Қи қия

Жи +у=жию й+у= Жи+а= жия

Си сию й+а= Си cия Сөйлемдерді ауызша толықтыр. Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына я жазылады. 1-жаттығу.Сөзжұмбақты шеш.

  1. Ұя 1.құс тұрағы

  2. Соя 2.шөптің аты

  3. Әлия 3.қазақтың батыр қызы

  4. Қария 4.қарт кісі

Дыбыстық талдау жасау. 2-жаттығу. Дауысты дыбыстан кейін я әрпі И дыбысынан кейін я әрпі Жая, мая, сая, аяз, аяқ, таяқ, шаян, қоян, ұя. Мия, сия, қия. 3-жаттығу. Өлеңді тиісті әрпін қойып ауызша оқып шығу.
Балалар, сендер арқарды білесіңдер ме? Ол қандай жануар?

Сергіту сәті

-Балалар,сендер шаршаған боларсыңдар.Онда тынығып алайық

-Қане,бәріміз орнымыздан тұрамыз.Және менің соңымнан қайталандар.

Ұзын мұртты құмырысқа

Келе жатыр жұмысқа

Алды допты қолына

Қойды допты жолына

Оңға, солға қарады

Допты үлкен тау деп ойлады. -Жақсы, балалар, отырыңдар. 4-жаттығу. Көп нүктенің орнына и,ы әрпін қойып жаз. Тиянақ, тыюсыз, дария,бұртию, сия, сияды, зиянды, тыяды, сиярмын, қию.

Сабақты бекіту Я, Ю әріптері бар сөздерді жазу. Үйге тапсырма 5-жаттығу Қорытынды -Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? -Балақайлар бүгін сендер сабаққа белсенді қатыстыңдар. Жарайсыңдар! Осымен сабақ аяқталды. Сау болыңдар!



© 2010-2022