Авторлық бағдарлама тіл дамыту бағытында

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Авторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаАвторлық бағдарлама тіл дамыту бағытында































Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебі


Бекітемін. Келісемін. Қаралды:

Мектеп директоры:---------- Оқу ісі меңгерушісі:-------- ӘБ отырысында

Ғатауов Қ.О. Қанатова А.С. ӘБ жетекшісі

Темірғалиева М М





/таңдаулы курс/

3-сынып/


/аптасына 1сағат, 34 сағат/



Құрастырған:

І санатты бастауыш сынып мұғалімі Темірғалиева Меңдігүл Мұханбетжанқызы

Сатыбалды ауылы


2013/2014о.ж.




Таңдаулы курстың мазмұны:


Түсінік хат -1-2бет


Курстың мақсаты мен міндеттері-3бет



«Тіл дамыту» таңдаулы курсының өзектілігі мен жаңалығы-4бет


Күтілетін нәтижелер-5бет


Таңдаулы курстың мазмұны мен құрылымы-6 бет



Тақырыптық оқу жоспары-6,7бет



Пайдаланылған әдебиеттер-8бет





Түсінік хат

Бастауыш сыныптың 3-сыныбына арналған «Тіл дамыту» арнайы курс аптасына 1сағат, жылына 34 сағат жүктемеге негізделініп берілген. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәндерінен алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін, байланыстыра сөйлеулерін, сөздік қорларын және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейін ескерілді. Тіл дамыту жұмыстары:

Ойындық әрекеттер:
•Рөлге бөліп талдау;
• Көріністер;
•Сөзжұмбақтар, ребустар.
Оқушыны қандай да бір әрекеттің авторы ретінде өзіне-өзін таныту:
•Конференция, олимпиада;
•Газет-журналдарына басылым.
. Ауыз әдебиеті үлгілерімен, ұлы ойшылдар шығармаларымен таныстыру :
• Ертегі, аңыз- әңгіме, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар;
• Нақыл сөздер;

1

•Өмірбаяны, шығармашылығы.
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті

жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.

Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу

үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін танымдық тапсырмаларға баса назар аударылады.
Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады.
Берілген тапсырмалар оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Бастауыш сыныптарда тіл өнерін меңгертудің алғашқы баспалдағы ретінде оқушының сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу машықтары мен дамыту бағытындағы жұмыстарға негізделеді.

«Тіл дамыту» таңдаулы курсы әрбір бөлімдерде аталған тақырыптар бойынша

2

сағаттарға бөлінген. Курста шығармашылық

жұмыстар жүргізіліп, дайын сызба және сурет бойынша мәтіндер құру, өлең

ұйқастарын құрастыру тәсілдері туралы айтылады. Әрбір тақырып соңында сол тақырыпқа сәйкес шығармашылық жұмысқа арнайы жүктеме бөлінген. Берілетін өзіндік жұмыстар, яғни тест, әр бөлімді тиянақтап, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Сонымен қатар курсты оқу барысында оқушылар тіл дамытудың тиімді жаңа тәсілдерін, танымдық және логикалық тапсырмалардың шешу жолдарын анықтайды.

Курстың мақсаты:

-оқушының сөздік қорын дамыту арқылы байланыстыра сөйлеуге үйрету.

-тілдерін дамыту арқылы көркем шығармаларды оқып, талдай білуге үйрету.

-таным көкжиегін кеңейтуарқылы сапалы білімге қол жеткізу.

- ауызша және жазбаша сөйлеу тілдерін, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

-халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінің бай мұрасымен таныстыру арқылы ой-қиялдарын ұштау.

-ізенімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа баулу.

-баланың шығармашылық қабілетін

3

дамыту, интеллектуалдық деңгейін көтеру.

Курстың міндеттері:

  • Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.

  • Оқушының оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру.

  • Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылықтарын ояту.

  • Шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауына(кейіпкердің көңіл күйіне ортақтасу,күйіну, сүйіну,т.б.) қол жеткізу.

  • Шығармадан көркем бейненің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау.

  • Ауызекі және жазбаша тілді байланыстыра отырып,сөйлеуін ( ойын еркін жеткізу,сауатты да мағыналы, түсінікті жаза білу) дамыту.

  • Шығармашылық белсенділік пен суреткерлік қиялын жетілдіру.
    Ұлттық ерекшелігін,дәстүрін зерделей білетін оқушыларды тәрбиелеу.
    Оқушының бойына өз халқының игілігін дарыту.

Курс пәнаралық байланыс негізінде әдебиеттік оқу, қазақ тілі,дүниетану пәндерімен байланыстырылады.

Курсты ұйымдастыру формасы: ойын,

шығармашылық Сын Трғысынан Ойлау

4

технологиясы әдістері,топтық жұмыс, ұжымдық оқыту әдістері,практикалық, дәріс сабақ, т.б.

Курсты оқытудың алғашқы формасы: дидактикалық материалдар дайындау.

Оқу жетістіктері: Курсты меңгеру барысында оқушылар тапсырмаларын жинақтап портфолио дайындайды. Бағдарламаны меңгергендігі топтық, жеке жұмыс жасау кезінде, шығармашылық ізденістері арқылы байқалады.

Бағдарламаны жүзеге асыру ұзақтығы 34 сағатқа, аптасына 1сағаттан есептелінді.

Шамалау нәтижелері:

- сөз және оның мән-мағынасы;

-тыныс белгілері,оларды ажырата білу

-мәтін жанрын ажырату,басты кейіпкерге мінездеме беру

-халық ауыз әдебиеті үлгілерін түрлеріне қарай ажырату, түсіну, өмірмен байланыстыру-сонымен қатар оқушылар өздерінің құрастырған шығармашылық жұмыстарын қорғауды меңгереді.

Тіл дамыту» курсының өзектілігі:

Оқушыларды тіл заңдылықтарын қолдана білуге,ауызекі және жазбаша сөйлеу біліктіліктерін тиімді меңгеруге үйретеді.Сөздің құдіретін, сөйлеудегі керемет сезім тіршілігін сезініп, ана тілінің жұмбақ сырларын біліп, сөйлеу өнерін игеруге талпындырады, оқушының ойлау

5

қабілеті мен дүниетанымын кеңейтіп,басқалармен

қарым-қатынас кезінде өздерін еркін ұстауға үйретеді.Оқушыны жан-жақты жетілген,өз бетімен әрекет ете алатын,шығармашыл-ізденімпаз тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайды.
Жаңалығы:

«Тіл дамыту» пәнінің бағдарламасы негізінде оқушылар ұғымдарды,мақал-мәтелдер мен даналық сөздерді өмірде өзі үшін пайдалануды үйренеді.

Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу арқылы баланың өзін қоршаған ортасы,басынан өтіп жатқан оқиғалар,өз бетімен бақылау арқылы жинаған білімін оқу материалымен ұштастыруға, тіл мәдениетінің дұрыс қалыптасуына,ойлау үрдісін дамуына да септігін тигізеді.



6


*Қызығушылық

қабілеті оянады.


Оқушының ой-өрісі дамиды.

*Сөздік қоры жетіледі

Ойлау белсенділігі

артады





Сөздік қоры жетіледі

Оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады




Тіл, сөйлеу мәдениеті қалыптасады

*Шығармашылық-пен жұмыстанады



.

Шығармашылық

пен жұмыстанады

7

«Тіл дамыту» таңдалы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы:

р\с

Тараулар

сағат

саны

оның ішінде

теория лық

практикалық

тест

1

«Өнер алды -қызыл тіл»

5

3

1

1

2

«Ырғақ»

1

1



3

«Екпін»

4

3

1


4

«Тыңдай білуді үйренейік»

7

6

1


5

Халық ауыз әдебиеті үлгілері

8

7


1

6

«Мәтін»

3

2

1


7

«Мәтін түрлері»

5

4


1

8

Қорытынды.

1




І. Өнер алды -қызыл тіл.( 5сағат)

Сөз қадірін ұғыну. Қанатты сөздер, оны өз сөздерімен жеткізу.Сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуы. Сөздерді мағынасына бойынша тауып,орнына қойып жазу.

ІІ.Ырғақ. ( 1 сағат)

Сөздердің дауыс ырғағына қарай айтылуын ажырату. Дауыс ырғағының өзгеруіне орай сөздедің айтылу ерекшеліктері.

ІІІ.Екпін. (4сағат)

Сөйлемдердегі екпін түсетін сөздер.Екпінге орай көтеріңкі және жәймен айтылатын сөздер.Сөйлеушінің көңіл-күйі мен ішкі сезімі.Бұйрық беру, ашу шақыру, шарасыздық таныту.Ым мен ишара.

ІҮ. Тыңдай білуді үйренейік (7сағат)

8

Тыңдаушының көңіл-күйі.Тыңдаймыз және түсініксіз сөзді анықтаймыз.Тыңдаймыз және қалай сөйлеп тұрғанын аңғарамыз.Сыпайы сөйлеу. Өтіне білу де өнер.

Ү. Халық ауыз әдебиеті үлгілері(8сағат). Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар мен жаңылтпашатар.Аңыздар.Ертегілер.

Сахналау.Шығармашылық жұмыстар.

ҮІ. «Мәтін». (3сағат). Тақырып және негізгі ой.Мазмұнын айту. Тірек сөздер.Қысқаша мазмұндау.

ҮІІ. «Мәтін түрлері»(5сағат) Пайымдау. Сипаттау. Суреттеу. Мысал келтіру арқылы пайымдау.Заттың нышаны.

ҮІІІ. Қорытынды.(1сағат).Білімдерін тиянақтау.














9

Тақырыптық оқу жоспары

Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан (3-сынып)

р\с

Өтілетін тақырыптар

сағат

саны

күні

оқыту түрлері

әдіс-тәсілдері

Күтілетін

нәтиже

І

І.Өнер алды -қызыл тіл. (5сағат)


1

Кіріспе. Мағынасын түсініп оқы.

1

шолу сабақ

Қанатты сөздердің ой астарын түсінуді, мағынасына орай қолдана алуды үйренеді.

2

Кіммен қалай сөйлесеміз?

1

ізденіс сабақ

Хабаршы, хабар алушы туралы біледі.

3

Көмекші сөздер ақылы сұрақтарға жауап беру.

1

дәріс сабақ

Шығармашылығы дамиды

4

Практикалық жұмыс №1

1

ойын сабақ

Ойлау қабілеттері артады

5

Тест жұмысы №1

1

нәтиже сабақ

Өз беттерімен жұмыстанады.

6


ІІ. Ырғақ.

Сөйлеу түрлері: орташа,баяу,жылдам.

1

дәріс сабақ

Сөздердің дауыс ырғағына қарай айтылуына назар аудару

ІІІ

ІІІ.Екпін. (4сағат)


7

Екпін түсірудің мәні мен мағынасы

1

дәріс сабақ

Дұрыс сөйлеуге үйренеді.

8

Сөйлеушінің көңіл-күйі мен ішкі сезімі.

1

ұжымдық

Көңіл-күйлерін аңғара білуге, талдау жасауға үйренеді.


10

9

Бұйрық беру, ашу шақыру, шарасыздық таныту.Ым мен ишара

1

ұжымдық

Сөз мағынасын ажырата алады.

10

Практикалық жұмыс №2

1

ізденіс сабақ

Талдау жасауға, пікір айтуға үйренеді.

ІҮ

ІҮ.Тыңдай білуді үйренейік

(7сағат)


11

Тыңдаушының көңіл-күйі.

1

дәріс сабақ

Қарым-қатынас жасау мәдениеті дамиды.

12

Тыңдаймыз және қалай сөйлеп тұрғанын аңғарамыз

1

ұжымдық

Дауыс ырғағы мен кейіпкердің қалай сөйлеп тұрғанын аңғаруға үйренеді.

13

Сыпайы сөйлеу.

1

ұжымдық

Сөйлеу мәдениеттері дамиды.

14

Өтіне білу де өнер.

1

ізденіс сабақ

Ой-қиялдары, шығармашылықтары дамиды.

15-16

Тыңдаймыз және түсініксіз сөзді анықтаймыз.

2

Ойын сабақ

Ең маңызды нәрсені ажырата білуге үйренеді.

17

Практикалық жұмыс№3

1

ойын сабақ

Салыстыруды, талдау жасауды үйренеді.

Ү.

Халық ауыз әдебиеті үлгілері.

(8сағат).


11

18

Мақал-мәтелдер.

1

ізденіс сабақ

Ой түйінін мақал-мәтелмен білдіруге үйренеді.

19

Жұмбақтар мен жаңылтпашатар

1

ойын сабақ

Тілдері дамиды, ой ұшқырлығы артады.

20

Аңыздар

1

дәріс сабақ

Ізденушілік, шығармашылық дағдылары артады.

21

22

Ертегілер. Ертегіні өз қиялдарымен жалғастыру.

2

Ертегі сабақ

Ой-қиялдарын дамытады.Өз беттерімен жұмыстана алады.

23

Сөз қадірін ұғайық

(сыныптан тыс шара).

1

Ойын сабақ

Шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға,мақал-мәтелді орынды пайдалануға үйренеді.

24

Шығармашылық жұмыстар: мақал, жұмбақтар, ертегі құрастыру

1


практикалық

сабақ

Сөздік қорлары, байланыстыра сөйлеулері дамиды.

25

Тест жұмысы №2

1

Нәтижені тексеру сабағы

Өз беттерімен жұмыстанады.

ҮІ

«Мәтін». (3сағат).

26

Тақырып және негізгі ой.

1

дәріс сабақ

Мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды аңғаруға дағдыланады

27

Мазмұнын айту.Қысқаша мазмұндау.

1

ұжымдық

Сөздік қорлары дамиды

12

28

Практикалық жұмыс№4

Тірек сөздер арқылы мәтін құру.

1


шығармашы

лық жұмыс

Тірек сөздер арқылы негізгі ойды жеткізуге дағдыланады.

ҮІІ

ҮІІ. «Мәтін түрлері»(5сағат)


29

Пайымдау. Сипаттау.

1

шолу сабақ

Мәтін түрлерін ажырата алады.

30

Суреттеу

1

ізденіс сабақ

Адамды, табиғатты суреттеуге үйренеді.

31

Мысал келтіру арқылы пайымдау.

1

сынақ сабақ

Көмекші сөздерді пайдалана отырып, ой қорытыу.

32

Заттың нышаны.

1

шығармашылық

Белгілі бір затты нышан арқылы суреттеп үйренеді.

33

Тест жұмысы№3

1

нәтиже сабақ.

Білімдерін сараптайды.

34

Қорытынды. Білімдерін тиянақтау.

1

ұжымдық










13

Үлгі сабақ жоспарлары


Сабақтың тақырыбы: Екпін түсірудің мәні мен

мағынасы.

Сабақтың мақсаты: а/ екпін туралы нақты түсінік беру,

сөздердің екпін

түсіру арқылы айтылуының мәні

мен мағынасын түсіндіру

б/ білімдерін, тілдегі сөздік

қорларын, сөйлеу мәдениеттерін

дамыту.

в/мәтіндер арқылы әдептілікке,

достыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: дәріс сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,әңгімелеу,топтық

жұмыстар, талдау.

Көрнекілігі : суреттер,

Барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық даярлық.

Жоғары қарап Ай көрдім, Оңға, солға бұрылып,

Төмен қарап Жер көрдім. Егеменді Ел көрдім.

ІІ.Жаңа сабақ:

  1. Қызығушылықты ояту. Сөзжұмбақ шешу.

Е

К

П

І

Н

1.Мықты ағаш.

2.Білім «көзі»-........

3.Оқушының орны.

4.мектептен аласың....

5.тағамның басы-......


2.Мағынаны тану.

14


  • Екпін дегеніміз-сөз ішіндегі белгілі бір буынның

көтеріңкі айтылып, айқын естілуі.

Мәтіндермен жұмыс:

  1. Мысалдарды оқы.Мұндағы қай сөздерген екпін түсіріп айттың? Неліктен?

*** - Едіреңдемей көзіңе қарап жүрмейсің бе?-деді Әсет

өзін қағып кеткен балаға жаратпай қарап.

-Өй,сен өзің қалай-қалай сөйлейсің?-деді ана бала да

сасып қалып.

-Көзіңе қарамайсың ба деймін,-деді Әсет тағы да.

-Байқамай қалдым. Кешір, бірақ сен де дөрекі

сөйлеме!-деді бейтаныс бала.

2.*** -Бәле, өзің шебер екенсің ғой! Қандай әдемі!-деді Маржан Жазираның тіккен кестесінен көз алмай.

- Рахмет! -деді Жазира досының мақтағанына қуанғанын жасыра алмай.

  • Суреттермен жұмыс:

Суреттерге назар аудар,уанышты ма, ренішті ме?

Сөзге екпін түсірудің де өзіндік мәні, мағынасы бар.

Мысалы, «жарайсың!» деген сөзі тек мақтау үшін ғана емес,керісінше мағынасында да айтуға болады.

«Құтты болсын!»-деген әдемі ниетті сәл кекесінмен айсақ,оның да мағынасы өзгеріп кетеді.



ЕСІҢЕ САҚТА!


  • Шығармашылық тапсырма:

  1. Мәнерлеп оқы және жатта.

Қызғалдақтың қасына

15

Қызғалдақтың қасына

Қойып едім қондырмай.

Бізін сұғып басыма,

Шақты ара оңдырмай.

Енді тимен мен оған,

Ісіп кетті бас, шекем.

Балы тәтті болғанмен,

Тілі өзінің ащы екен. (Қ. Мырза Әли).

Авторлық бағдарлама тіл дамыту бағытында2. Рөлге бөліп оқиық.

«Тышқандар» деген ертегіні оқы.

Мысықтың шабуылынан әбден шаршаған тышқандар жиналып алып, жауыз мысықтан қалай құтылудың амалын іздейді. Содан бір тышқан:

-Мысықтың мойнына қоңырау тағып қояйық. Келе жатқанын біліп, тығылып үлгіреміз, -дейді білгішсініп.

-Ой, не деген тапқырлық?!-деп кәрі тышқан мырс еттті.

-Расында да, бұл ақыл екен,- десті тышқандар бір амалдың табылғанына қуанып.

Кәрі тышқан:

-Сонда мысықтың мойнына қоңырауды қайсысың барып тағасың?- деп отырғандарға сынай қарады.

- Оны ойламаппыз ғой, -деп тышқандар үрпейісіп қалды.

*** Тышқандардың өзара әңгімесін дауыстап оқып көр.

Қай жерінде дауыс кекесінмен шығу керек?

Қай тұста тышқандардың қуанғанын аңғаруға болады?

Авторлық бағдарлама тіл дамыту бағытындаДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС:

Төмендегі сөз тіркестерінің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс? Дұрысын жаз.

Қазан пісіті

Қазандағы тамақ пісті

16

Қазан қайнады

Қазан тасыды

Қазан төгілді

2 . Ой толғаныс:

-Сөздерге екпін түсіріп айтудың қандай маңызы бар?

Бірнеше мысал сөйлемдерді екпін түсіріп айту арқылы дауыс ырғағымен /қуанышты, кекету,т.б. түрде/ айтып көру.

ІҮ Бекіту .

Ү.қорытынды.

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер.Ертегіні өз қиялдарымен

жалғастыру.

Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың қиялын дамытып,

шығармашылығын арттыру.

Кейіпкерлерді сөзбен бейнелеу арқылы
шығармашылыққа үйрету;

б/ Оқушылардың қиялын, сезімдерін,
байланыстырып, жазуын дамыту;

в/ Еңбексүйгіштікке, достыққа,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Ертегі сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,әңгімелеу,топтық

жұмыстар, талдау.

Көрнекілігі : суреттер,слайдтар, ертегі кітаптары.

Барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық даярлық.

ІІ.Жаңа сабақ: І.Қызығушылықтарын ояту. (слайдтармен жұмыс)

Топтастыру жасау: «Ертегі деген не?»

17

Авторлық бағдарлама тіл дамыту бағытында

ЕРТЕГІ

Ауыз әдебиетінің бір түрі Халықтың ой-

қиялы мен

арманынан

туындаған

Тұрмыс-салт ертегілері Жан-жануарлар туралы

Қиял-ғажайып ертегілер

ІІ.Мағынаны тану: Сурет бойынша ертегі құрау:Мысалы: Құмырсқа, шегіртке, ара суреттері.
Тақырыбы: Адасқан құмырсқа.
Баяғыда бір құмырсқа өз достарына өкпелеп,кетіп қалып, шегіртке, арамен дос болыпты.
Бір күні құмырсқа келе жатып, жолдан бір түйір дән тауып алады. Оны әрі қозғап, бері қозғап қозғалта алмады. Ол өзінің достарына келіп көмек сұрайды. Ара да, шегіртке де көмек бере қоймайды. Ренжіп келе жатқан құмырсқа, өзінің илеулес достарымен кездеседі. Олар мұның түрін көріп:
- Саған не болған?, - деп сұрайды. Құмырсқа болған жағдайды айтты. Достары оған көмектесіп, дәнін апарысты. Құмырсқа өз қателігін түсініп, достарынан кешірім сұрады.
(оқушылардың ертегісі әртүрлі болуы мүмкін)
ІІІ. Сергіту сәті. «Еертегілер» әніне билеу

IV.Топтық жұмыстар: Оқыған ертегі мазмұнын өз қалауынша өзгерту.

1-топ.

18

Авторлық бағдарлама тіл дамыту бағытында

2 топ. Ойлан тап.

Төмендегі тор көздердегі әріптердің ішінен киіз үйдің жабдықтарының атын оқы, сол сөздерді қатыстырып, ертегі құра. Авторлық бағдарлама тіл дамыту бағытында

V. Дәптермен жұмыс: Үлестірмелі суреттер беру арқылы шағын ертегі құрастырып жазу.

3.Ой толғаныс: Семантикалық карта толтыру.

19

Ертегілер атаулары

Тұрмыс-салт ертегілері

Қиял-ғажайып етегілер

Жан-жануарлар туралы ертегілер

«Ұшқыш кілем»

«Ұр тоқпақ»

«Түлкі мен Бөдене»

«Жеті лақ»

«Мақтақыз бен мысық»

VІ. Бекіту. Қорытынды.



20

СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА: Сөз қадірін ұғайық.

Мақсаты: а) өз тілдерін сүюге, қадірлеуге, сөз қадірін

білетін

халықтың ұрпағы екендерін сезініп өсуге

үйрету.

б) сөздік қорларын дамыту, ой-өрістерін кеңейту,

логикалық ойлауларын, сөйлеу

мәдениеттерін дамыту.

в) адамгершілікке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, ойын,түсіндіру, сайыс.

Көрнекілігі: слайдтар, үлестірмелі парақтар,тапсырмалар.

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық даярлық.

Алақай-ау, алақай! Қызарғанша алақан,

Қол соғайық балақай. Қол соғайық, балақан!

ІІ. Жаңа сабақ:

Сайыс барысымен таныстыру:

І. «Жүзден жүйрік.»

ІІ. «Озық сәт»

ІІІ. «Ұшқыр ой»

ІҮ. «Ойлан, тап»

Ү. «Шығармашылық сәт»

ҮІ. Қорытынды.

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін біз топтарға берелік.

Арамызда тапқыр,ойлы өрендер,

Енді олардың жауаптарын көрелік.

1-топ «Алғырлар». 2-топ «Зеректер».

Ұраны: «Сөз қадірін ұғамыз, Асыл-тастан,

Білімді адам боламыз!» Өнер-жастан.

І кезең. «Жүзден жүйрік.» Бұл кезеңде әр топқа 10 суреттен беріледі.Сол суреттер бойынша мақал-мәтелдер

21

айту.Әр дұрыс жауап 1ұпаймен бағаланады.

1-топ «Алғырлар».

1.Ағаш. 2. Тауық. 3.Арба. 4.Кітап. 5. Қой.6.Нан.7.Тау. 8. Балапан.

9.Ат. 10.Ұя.

2-топ «Зеректер».

1.Бөрік. 2.Үй. 3.Бұлақ. 4.Жапырақ.5.Тас. 6.Ит. 7.Аққу.8.Тау.

9.Ине. 10.Ата.

ІІ кезең. «Озық сәт».

Тақтада әр топқа бірнеше сөздер беріледі,жасырын сөзді ашып,сөздердің ішінен сыңарын тауып мақал құрайды.

1-топ «Алғырлар».

Жусан Кеме

Есік Теңіз Білім

Қар Оқу Торғай

Ине Ұршық

Боран Үй

2-топ «Зеректер».

Құлақ Бидай

Жұмбақ Әдеп Күн шуақ

Газет Шеге

Бала Ұстаз

Ара Сәби

ІІІ. «Ұшқыр ой»

Бұл кезеңде оқушыларға жұмбақтар жасырылады. Шапшаң жіне дұрыс жауап беру керек.

1-топ «Алғырлар».

  1. Басы тарақ,құйрығы орақ.(әтеш)

  2. Суға түсіп тұрса да, су жұқпайды.(көлеңке)

  3. Тақиям толы сөк, ерте тұрсам жоқ.(жұлдыз)

  4. Ақ отауды талқандап,шықты біреу талтаңдап.(балапан)

  5. Жерге қазық қақтым, басына айдар тақтым (сәбіз)

  6. Жазда қыдырады, қыста тынығады. (аю)

22

2-топ «Зеректер».

1.Аяғы бар, басы бар, арқалаған тасы бар.(тасбақа)

2.Бүрі, бүрі, бүрі бар, күн келбетті түрі бар.(күнбағыс)

3.Есігі біреу, бөлмесі бесеу.(қолғап)

4.Шеңбер жасап өседі, желмен бірге көшеді.(қаңбақ)

5.Жер астында жез қамшы (жылан)

6.Қолы жоқ,сурет салады, тісі жоқ тістеп алады.(аяз)

ІҮ. «Ойлан, тап».

Әр топ ұяшықты таңдап,сұрақтарға жауап береді.Ұпай сандары сол ұяшыққа сәйкес есептелінеді.Екі топ 8ұяшықтан таңдайды.Сұраққа кезекпен-кезек жауап береді.

2

10

16

9

4

5

7

11

1

14

8

6

13

3

15

12

1-топ «Алғырлар». 2-топ «Зеректер»

1. Қазақтың қос батыр қызын ата.(Әлия мен Мәншүк)

  1. Көмірдің отаны қай қала? (Қарағанды)

  2. «Ақ алтын» деген не? (мақта)

  3. Абайдың анасының есімі кім?(Ұлжан)

  4. Алғашқы ағартушы, ғалым,ұстаз кім? (Ыбырай)

  5. Өлеңді жалғастыр: «Әсемпаз болма әр неге........

  6. Жұмбақты шеш: «Аспай піскен, қайнамай түскен»

  7. Зергерлік бұйымдарды ата. (шолпы, сырға, жүзік, моншақ,т.б.)

  8. Ертегінің түрлерін ата: (тұрмыс-салт, қиял-ғажайып,жан-жануарлар туралы,т.б.)

  9. Төрт түліктің пірлерін ата.( Ойсылқара, Сексеката, Зеңгібаба, Қамбарата,Шолпаната.)

  10. Ою-өрнек түрлерін атап бер.(қошқармүйіз, толқын,

23

ирек,айшабибі,ботагөзт.б.)

  1. «Ұшқан Ұя» әңгімесі кімдікі?(Б. Момышұлы)

  2. Еңбек туралы мақал айт.

  3. Үш биді ата.(Төле би, Әйтеке би,Қазыбек би)

  4. Мақалды аяқта: «Әке- бәйтерек,..................)

  5. Апта күндерін ретімен ата.

Ү. «Шығармашылық сәт»

Екі топқа дайын ұйқасқа өлең құрастыру тапсырмасы беріледі.

................................кең дала,

..............................айнала.

...................................,

...........................мен бала.

................................талпындым,

..............................халқымның.

..................................................,

..............................алтын күн.

ҮІ. Қорытынды: Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.



Ұпай сандарына орай жеңімпаз топты анықтау, сайыскерлерді марапаттау.

24

ҚОСЫМША:

Кейбір сабақ түрлеріне пайдалануға баолтын тапсырмалар түрлері.

Тапсырма

Берілген екі сурет бойынша екі бөлек әңгіме құра. Құраған әңгімелеріңде қандай ұқсастық және қандай айырмашылық болды, ол неге байланысты?

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Авторлық бағдарлама тіл дамыту бағытында

Тапсырма Логогриф

Табиғаттың атауына қоссаң,

Егер бақаны

Ыстық жерде

Жәндік болып жатады. (тас-бақа)

Жоғарыда тұрағы,

Бәрін ойлап тұрады.

Қоссам егер бір буын

Кітап, журнал шығады. (бас-па)

25

Метаграмма

1.Ұ-дан бастасаң, темір түйген шебермін,

З-ны қоссаң, білім саған беремін. (...)

2. Әсем жермен, ұлы дүбір думанмын,

Қ-ны қоссаң пешке керек құралмын. (...)

3. Бұйырсаңыз, етістік боп кетеді,

С-ны қоссаң, айқасатын алаңда ол өтеді. (...)

Анаграмма «К» әрпіне
К
К
К
К
К
К
К
К
К
К
1. Кісінің аты
2. Ұя салмайтын құс
3. Жанғыш пайдалы қазба
4. Тағам түрі
5. ... білім бұлағы
6. Жер қазатын құрал
7.Қыста ұйықтайтын жануар
8. Спорт түрі
9. Жәрдем жасау
10. Машина, автобус, трамвайдың жалпы атауы

26

Қосымша:Курс барысында орындалатын практикалық жұмыстар.

Жұмыстың атауы

әдісі

Материалдар мен құрал -жабдықтар

1

Практикалық жұмыс №1

Ойындар, сұрақ-жауап,

Сұрамақтар,шағын мәтіндер,суреттер

2

Практикалық жұмыс №2

Ізденушілік, шығармашылық

Суреттер,мәтіндер,шығармашылық тапсырмалар, «Адасқан буындар» ойыны.

3

Практикалық жұмыс №3

Ойын, сұрақ-жауап,топтық тапсырмалар

Сөзжұмбақтар,мәтіндер,жұмбақтар,ребустар.

4

Практикалық жұмыс №4

Шығармашылық жұмыс

Суретті топшамалар, мәтіндер.












27


Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Т.М. Әбдікаримов «Бастауыш сыныпта мәтін арқылы тіл дамту» 1993ж.

  2. А. Айғабылов «Тіл ұстарту».Қазақстан мектебі.№8,1995ж

  3. «Бастауыш мектеп» №17,2001.

  4. «Бастауыш сынып әдістемесі»№3,2013ж.

  5. «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі»№2,2008ж.

  6. К. Ерешева «Шешендік өнердің әліппесі» 2010ж.

  7. Ә.Табылдиев «Әдеп»

  8. «Ақ сандық, көк сандық» кітабы.





28



© 2010-2022