Қазақ тілінен тест, диктант, жаттығулар

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Зат есім тақырыбына арналған.

І нұсқа

  1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

А) Қайда?

Ә) Кім? Не?

Б) Неге?

  1. Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап.

А) мұғалім

Ә) шана

Б) құстар

  1. Нелер? cұрағына жауап беретін сөзді тап.

А) балықшы

Ә) Айгүл

Б) кітаптар

  1. Оқушы деген сөзге қандай сұрақ қойылады?

А) кім?

Ә) қашан?

Б) не себепті?

  1. Егінші, суаншы, суретші деген сөздерге қандай сұрақ қойылады?

А) не?

Ә) нелер?

Б) кім?

ІІ нұсқа

  1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

А) Кім? Не?

Ә)Қайда?

Б) Неге?

  1. Не? сұрағына жауап беретін сөзді тап.

А) бала

Ә) шана

Б) сауыншы

  1. Кімдер?cұрағына жауап беретін сөзді тап.

А) қала

Ә) көгершін

Б) оқушылар

  1. Ана деген сөзге қандай сұрақ қойылады?

А) кім?

Ә) қашан?

Б) не себепті?

  1. Балықшы, дәрігер, бақташы деген сөздерге қандай сұрақ қойылады?

А) не?

Ә) кім?

Б) нелер?


  • Диктанттың мәтіндері:


Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардың астын сызыңдар. 1.Күз, күн, тәтті үлкен, бір, үш, төрт, қыз, бөлме, ата, әже, алмұрт, қоңырау, сабақ. (15 сөз) 2. Білім, мектеп, сынып, оқушы, баға, шулама, дұрыс, жақсы, сұра, кел, ал, екі, үш, тіл, гүл. (15 сөз) 3. Бүгін - білім күні. Қазір қазақ тілі. Болат тақтаға шықты. Мен дәптерге жаздым. Қолымды көтердім. Жауап бердім. Жақсы баға алдым. (19 сөз)


Дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар. 1. Бағдаршам, қара, алма, жер, тоқта, күт, дайындал, кім, тыныш, рұқсат, бер, қол, сұра, күн, сәлем. (15 сөз) 2. Қағаз, жаңбыр, бағдаршам, дастархан, ертең, сабақ, қоңырау, мұғалім, бор, есік, ыдыс, кесе, табақ, сөз, дыбыс. (15 сөз)


3. Метепке келдік. Сыныпта отырмыз. Сабақ басталды. Өте жақсы баға алдым. Мен қазақ тілін өте жақсы білемін. (16 сөз)

Буынға бөліп жазыңдар. 1. Алма, қарбыз, дастарқан, қызыл, дәмді, сары, жасыл, жемеймін, жаңбыр, ұшты, жолға, тоқта, оңға, жапырақ, салқын. (15 сөз) 2. Оқушы, мұғалім, кітап, терезе, дәптер, тақта, қалам, қарындаш, қабырға, бала, дүкен, кітапхана, дәріхана, балмұздақ, мектеп. (15 сөз)


Кім? Не? деген сұрақтарды сөздің үстіне жазыңдар. 1. Тамақ, нан, қыз, сусын, мұғалім, тұз, май, әже, кесе, шырын, ана, торғай, табақша, дәрігер, құс. (15 сөз) 2. Тақта, бор, қаз, оқушы, көбелек, кітап, дәптер, іні, әпке, гүл, Айгүл, есік, еден, Айдос, алмұрт. (15 сөз) 3. Әлия нан сатып алды. Әжем тұшпара пісірді. Атам газет оқыды.Атам мен әжем үшеумiз сусын iштiк. (16 сөз)


Жуан, жiңiшке, сөздердi бөлiп жазыңдар. 1.Тыныш, дұрыс, сәлем, сынып, iш, қара, тоқта, пiс, тiс, же, анар, бағдаршам, жүзiм, алға, оңға. (15 сөз) 2.Салқын, дәмдi, қызыл, тәттi, сөздiк, әже, қарбыз, сары, ұшты, күз, қыс, жылы, қазақ, солға. (15 сөз) 3.Оңға, дейiн, керек, сана, сөз, көл, әкел, ұл, әрiп, қорап, қанша, үлкен, орташа, шеше, жаттығу. (15 сөз) 1. Мен ерте ояндым. Бетi-қолымды сабынмен жудым. Киiм ауыстырдым. Анама көмектестiм. Атам маған балмұздақ сатып әпердi. (16 сөз) 2. Кеш болды. Апам кешкi ас дайындады. Ол бауырсақ пiсiрдi. Бiз ас iштiк. Менiң ұйықтағым келдi. (15 сөз)

Қыс. Қыс келдi. Кеше суық қар жауды. Мен қармен ойнадым. Шанамен сырғанадым. Менiң досым Еркiн шаңғы тептi. (16 сөз)


Жаңа жыл. Жаңа жыл - үлкен мереке. Мерекеге Аяз ата келдi. Мен Жаңа жылға қоян киiмiн киемiн. Жаңа жыл тамаша. (17 сөз) 1. Бүгiн бiрiншi сабақ - есеп. Мен тақтаға шықтым. Есеп шығардым. Мен есепте қосу мен көбейтудi жаксы бiлемiн. (16 сөз)

Есепте. Сен тақтада есепте. Екiге екi қосқанда неше болады? Дұрыс. Төрт болады. Жетi алу бiр. Қанша болады? Дұрыс, өте жақсы. (19 сөз)

Қол еңбегi. Бiз сабақта матадан дөңгелек қидық. Мата қызыл. Мен матаны қайшымен қидым. Қызыл жiппен тiктiм. (14 сөз)

Сурет. Сурет сабағы өте қызық өтедi. Бұл сабаққа дәптер, бояу, қылқалам, өшiргiш, қарындаш керек. Мен сабақта түлкiнi салдым. (17 сөз)

Көктем. Көктем келдi. Бiз далада қуаласпақ ойнадық. Дене шынықтыруда доп лақтырып та ойнадық. Ауа райы жақсы. (15 сөз)

Наурыз. Наурыз жыл басы. Мектепте Наурызға дайындалып жатыр. Наурызда үйлердi, көшелердi тазартады. Қош келдiң, Наурыз мерекесi (15 сөз)


Жуан, жiңiшке жалғаулар.

1. Ойындар. Күндер жылы. Ауа таза. Балалар аулада ойнап жүр. Менiң достарым дойбы ойнап отыр. Ойындар бәрi қызық. (16 сөз)

2. Жаз. Жаз келдi. Құстар ұшып келдi. Гүлдер, жидектер өсiп тұр. Мен терезелердi аштым, жудым. Жаз айлары өте сұлу. (17 сөз)

Әншi. Маржан домбырамен ән айтты. Оның әнi балаларға ұнады. Балалар қол шапалақтады. Маржан иiлiп сәлем жасады. (15 сөз)

Жазғы каникул. Оқу жылы аяқталды. Мен үшiншi сыныпқа өттiм. Каникулда мен ауылға барамын. Аулдың қасында теңiз бар. Мен теңiзде шомыламын. (18 сөз)



© 2010-2022