Сабақ жоспары Әдебиеттік оқу Тренинг сабақ 1-2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тренинг- сабақтар

Тақырыбы: Жаңылтпаштар,жұмбақтар,мақал-мәтелдер.

Мақсаты: Халық,шығармасының ,ұл түрлерін бір-біріне ажырата білу

Мәнін терең ұғымын,мағынасын аша білуін және оқушылардың ойлану қабілетін,

Тілін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың халық ауыз әдебиеті арқылы ұлттық сезімін оятып,кішіпейілдікке,ізденпаздылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:Ағылшын тілі, орыс тілі,қазақ тілі.

Көрнекілік: Үлестірмелі қима қағаздар,тренинг ережелері жазылған плокаттар.

Барысы:

-Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу

Ә ) Бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді

Б )Мақсатын,тақырыбын айту.

В ) Топтарға бөлу «Сандық», «Шаңырақ».

Г ) Кім бұрын бастайды «Асық»

Ережемен таныстыру:

1.Тыныштық сақтау.

2.Бірін-бірі тыңдау.

3.Ойын ашық айту.

А )Әрбір дұрыс жауапқа тұлпар беріп отырамын

Ә ) Әр бір топ басшысын сайлау

Сабақ жоспары Әдебиеттік оқу Тренинг сабақ 1-2 сынып

1-бөім

«Білгенге маржан, білмегенге арзан»

Әр топ басшысы тапсырмалар алады,ойлануға екі минут беріледі.

№1 Жаңылтпашты қалай түсінесің?

№2 Жұмбақты қалай түсінесің?

№3 Нақыл сөзді қалай түсінесің?

№4 Мақал дегеніміз не?

№5. Мәтелді қалай түсінесің?

Ойын. «Мен бастаймын,сен аяқтайсың».

  • Ынтымақ болмай, іс оңбас.

  • Алтау ала болса,ауыздағы кетеді.

  • Өнер алды-бірлік,ырыс алды-тірлік.

  • Көп біріксе ел болар,көп тілегі көл болар.

  • Көп қорқытады,терең батырады.

  • Ағаны көріп іні өсер.

2- бөлім «Халық айтса,қалт айтпайды»

Атты бөлімге топ басшсшылары шығып,тапсырмалар алады.Орындауға екі минут.

Мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру керек.

№1 «Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан таяғым артық»

№2 «Әр кімнің өз жері-жұмсақ»

№3 «Досы жоқ адам,

Тұзы жоқ тағам»

№4 «Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ,

Аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ».

Әр топқа тақырып беремін,сендер тақырыпқа сай үш мақал-мәтел айтуларың керек.

«Еңбек» туралы «Шаңырақ»

«Ата-ана»туралы «Сандық» тобына беремін.

Сабақ жоспары Әдебиеттік оқу Тренинг сабақ 1-2 сынып

Сөжұмбақ шешу: Не істеді? Деген сұраққа жауап беретін сөз ойластырып табу.Мен тақтада шашыранды суреттерді бірге көрсетіп ілемін.

  1. Секірді.

  2. Ілді.

  3. Жүгірді.

  4. Тепті.

  5. Ішті.

Киді.

2- бөлім «Ойлан тап!» деп аталады.

№1 Бір үйге сөзсіз боп басыңды сұғасың,

Бұл үйден көреген болып шығасың.

(Мектеп,школа,school)

№2 Тындырып адам жұмысын,

Тазартып жуды үйдің ішін

Кейде дауыл соғады,кейде ішіне сорады.

(Шаңсорғыш,пылесос,Vacuum)

№3 Ішіне мұз қатқан,

Өзін-өзі мұздатқан.

(Тоңазытқыш,Холодильник,fribqe)

Сөздер жазылған карточкалар беремін.

Әр топ өзіне ұнаған сөзбен жұмбақ құрастырады.Жұмбақты бір-біріне жасырады.Шешуін үш тілде айтуы керек.Құрастыруға екі минут беремін

3 Ойын «Қара мырза»

Сабақ жоспары Әдебиеттік оқу Тренинг сабақ 1-2 сынып

4- бөлім «Кім жаңылыспайды?»

Ортаға топ басшылары шығады, жаңылтпаш оқимын, бірден жаңылыспай қайта айтып беруі керек.

№1 Тарғал итім талға оралды,талға тағы барып оралды.

№2 Тау дәу болады,дәу тау болады.

№3 Шүрегей сүрінгішпе

№4 Аңқау жалқауды,жалқаусың депті,

Жалқау аңқауды аңқаусың депті.

№5 Шыжып жатты шұжық,

Шұжық ақты шыжып.

Қорытындылау:Осыдан кейін оқушыларға қорытындылауға

Ойын «Ойлан, тап!»

Жыл аттарын және айларын жазу.

1.Қыс

Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан.

2.Көктем

Наурыз,Сәуір,Мамыр.

3.Жаз

Маусым.Шілде,Тамыз.

4.Күз

Қыркүйек,Қазан,Қараша.

Үй жұмысы: 10 мақал-мәтел жаттау.Әр түрлі тақырыпта.

Бағалау: Жақсы қатынасқан топтардың басшыларына мадақтау қағазын беру.

Сабақ жоспары Әдебиеттік оқу Тренинг сабақ 1-2 сыныпСабақ жоспары Әдебиеттік оқу Тренинг сабақ 1-2 сынып



А.М. Горький атындағы №2 орта мектебі

Тренинг- сабақ

Тақырыбы:

«Жаңылтпаштар,жұмбақтар,мақал-мәтелдер»



Өткізген: Жикенова А.



2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022