Тақырыбы: Шәкәрім. Бір кесе меруерт

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе қаласы

Благодар орта мектебі

Ахаева Бакыт Шаяхметовна

3 «Ә» класс

2-деңгей мұғалімі

Пәні:әдебиеттік оқу

Тақырыбы:

Шәкәрім.Бір кесе меруерт

Мақсаты:

Мәтіндегі ақынның шынайы суреттеу шеберлігін оқушы жүрегіне жеткізу, әңгіменің мазмұнын түсіндіру.

Күтілетін нәтиже:

1. Автор туралы біледі.
2. Әңгіменің түйгенін нақыл сөздерді пайдаланып жауап береді.
3. Оқу дағдылары қалыптасады.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Интербелсенді тақта, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақшалары.

Кезеңдері:

1. Қызығушылықты ояту.



2.Мағынаны тану.



Оқулықпен жұмыс

Ашық сұрақтармен жұмыс.

«Әдеби үйірме» әдісі арқылы



Ой толғаныс.



Кері байланыс.

Бағалау

Үйге тапсырма





Мұғалімнің іс-әрекеті

Өзен, көл, бұлақ, теңіз топқа бөлу

Автор туралы білімдерін ортаға салу. Ыбырай кім? Еңбектері мен шығармаларын біздер қалай қолданып жүрміз? Сендерге өмірлік пайдасы бар дүниелері бар ма?

а) «Таза бұлақ» мәтінді сахналау.
1. Кіріспе әңгіме.
2. Шәкәрім туралы не білетінімізді ортаға салып, ойымызды топтастырайық.
Ақын ----------- Қажы
-------Шәкәрім
«Бостандық таңы атты», «Адамдық борышың»
Абайдың тәрбиесінде болды, немере інісі

а) Болжау кестесін ілу.
Не болды деп ойлайсың?
Оған қандай дәлел бар?
Не болды?

Оқылым стратегиясы.

Оқушыларға тізбектей шығарманы оқытады.

Тыңдалым стратегиясы.
Осы кестеге сүйене отырып, әңгімені бірнеше бөлікке бөліп оқу
1. Қария қандай сұраққа жауап берді?
2. Ол неге сонша қуандым дейді?
3. Өмірінде не нәрсеге қатты кейідім дейді?
4. Қарияға күш, қуат берген не болды?
Жазылым стратегиясы.Оқулықтан нақыл сөздерді тауып дәптерімізге жазып аламыз.

«Әдеби үйірмелер» (топтық тергеу) әдісі

Баяндап беруші - оның міндеті өз көзқарасы тұрғысынан немесе өз ойына сүйене отырып, осы оқиғаның мазмұнын дайындайды немесе баяндайды.Зерттеуші - оның міндеті басты кейіпкердің мінезін немесе басты оқиғаны жан-жақты меңгеру және сипаттау. Сұрақтар құрастырушы- негізгі оқиғаларды қамтитын немесе әңгіменің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды. Бастысы сұрақ қоюдың өлшемдерін, төменгі және жоғары деңгейлердің бөлінуі туралы ескере болды. Сілтемелер табушы- оның міндеті әңгіменің тақырыбын/руханилығын ашатын немесе құптайтын кез келген сілтемелерді - белгілі және аздап белгілі афоризмдер және мәтелдер табу. Бейнелеуші - суретші - оның міндеті әңгімедегі кейіпкерге немесе оқиғаға ауызша суреттеу беру. Дәнекер - оның міндеті негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру.

. Мақалдардың жалғасын тап:
* Ақысыз аш адамға (алтынның пайдасы жоқ)
* Ас атасы... (нан)
* Арпа бидай... (ас екен)
* Алтын, күміс ...(тас екен)
* Ер еңбекте ...(тәтті)
* Еңбектің наны ...(тәтті)
* Жалқаудың жаны ...(тәтті)

«Қосу, алу, қызықты» кері байланысын жасайды. Өздеріңе не алдыңдар? Не керек емес болды? Сабақта қызықты не болды?

Табыс критерийлер арқылы бағалау.


«Бір кесе меруерт» мәтінінің мазмұнын айту.


Оқушының іс-әрекеті

Ой қозғау. «Терминдер арқылы болжау» стратегиясы бойынша.
- Тақтаға (дала, керуен, бір кесе бидай, қария) суреттерін ілу.
- Ненің суреттерін көріп отырсыздар?
Әңгіме не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыздар? (оқушылардың жауаптарын тыңдау)



Балалар тізбектей оқиды

Оқушылар оқылған шығарманы тыңдайды

Тақырыпты талдау. Тақырып бойынша қорытынды ой жазу.
ә) Сөздік жұмыс.
Зор - үлкен, аумақты, ұзақ.
Ділдә - алтын ақша.
Тақыр - тегіс, қатты жер «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ.»











алтынның пайдасы жоқ
нан

ас екен
тас екен
тәтті

тәтті

тәтті

Сабаққа қатысы:

Тың идея таба білуі:

Мәнерлеп оқуы:

Талдау жасауы:

Берілген тапсырманы орындауы:

Сөздік қоры:

Сауатты оқуы:

Жақсы Орташа Төмен


© 2010-2022