Сабақ жоспары Қысқарған сөздер

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қысқарған сөздер

Мақсаты: Қысқарған сөздер туралы түсінік бере отырып,

күрделі атауларды қысқартып айту

жолымен таныстыру

Дамытушылығы: Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, сауатты

жазуын дамыту

Тәрбиелігі: Адамгершілікке, тазалыққа,

ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

  1. Амандасу, түгендеу, сабаққа дайындық

Психологиялық ахуал орнату:

Ерінбей еңбек етеміз,

Толық білім аламыз.

Оқып біліп, дәптерге

Әдемі етіп жазамыз.

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

  2. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қысқарған сөздер.

  3. Жаңа сабақ.

Кіріспе: Бірнеше сөзден тұратын атаулар қысқартылып айтылады:

ҚР, БҰҰ, Педкеңес.Бұларды қысқарған сөздер деп атаймыз.

Оқулықпен жұмыс.

41 жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді салыстыр:

Қазақстан Республикасы - ҚР.

Қытай Халық Республикасы - ҚХР.

Біріккен Ұлттар Ұйымы - БҰҰ.

42 - жаттығу.Сөздері оқы, қысқарған түрін жаз:

БҰҰ, АҚШ, ҰҒА, ТМД.

Сергіту сәті:

Қане, сапты түзейік,

Тіземізді бүгейік.

Ыршып алға түсейік,

Ыршып артқа түсейік.

Көбелекше ұшамыз,

Отырамыз, тұрамыз.

Сергітуге мың алғыс!

43- жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз:

Қазақстан Президенті АҚШ - қа ресми сапсрмен барып қайтты. Гаухардың әкесі ҚазҰУ - да сабақ береді.

44 жаттығу.Қысқарған сөздерді толық түрінде жаз.

Қазақстан Ұлттық Педагогикалық Университет, Қытай Халық Республикасы.

46 - жаттығу: Мәтінді түсініп оқып, сан атауларын қысқартып жаз.

3 ақ - үш ақ, 35- отыз бес,1 метр - бір метр, 20 сантиметр - жиырма сантиметр.

  1. Сабақты қорытындылау:

Білемін

Білдім

Білгім келеді


6.Үйге тапсырма: 47 жаттығу

7. Оқушыларды бағалау:

Еңбек етті тамаша,

Бүгін жақсы балалар.

Қойылады оларға,

Төмендегі бағалар.

«5» алған оқушылар алма жейді.

«4» алған оқушылар алмұрт жейді.

«3» алған оқушылар құлпынай жейді.



© 2010-2022